Материалдар / Сынып сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
385
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып сағаты: «Тәуелсіздік таңы »күні: 10.12.2018                                                                                      Сабақ мақсаты:Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат болып қалыптастыру, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру, әр оқушының жүрегіндегі Отанға жеген сезімдерін жоғары деңгейде болуын дамыту, әр оқушы ол жеке тұлға, ал Отан -ортақ ана екенін жүректеріне жеткізу.Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру арқылы, еліміздің болашағы жас өспірімдердің, болашақ ұрпақтың қолында екенін түсіндірумен қатар, оқушыларды өз елін, жерін қорғап, оны ойлай білетін ұлт жанды, патриот сезімі ұялған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

Мұғалім: Тіл-ұлттың аса игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл- ұлттың жаны, тіл- ұлттың асыл қазынасы.   Құрметті оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік таңы» атты сынып сағатын өткізбекпіз.1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұлдарымыз жайлы сыр шертпекпіз. Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.Балалар, 1986 жылы 16 желтоқсанда Брежнев атындағы алаңға жастар мен студенттер не үшін жиналып еді?Оқушылар: үкімет басына Колбиннің келуіне наразылық білдіру үшін.Мұғалім:v Колбинге неге қарсы шықты? Қазақстанда қазақ мектептері мен бала бақшалары азая бастады. Қазақтар өз ана тілін ұмыта бастады.Колбин қайдан келген?Колбин Ресейден келген болатын. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?Өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай, ішкі – сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды – тәуелсіз мемлекет дейміз.v Сонымен біз тәуелсіздігімізді алдық па?Иә, қазір біз тәуелсіз мемлекетпіз. Тәуелсіз мемлекет атануымызға кімдердің еңбегі сіңді?Қайрат Рысқұлбеков, Ербол сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты үлкен азаматтардың. Дұрыс балалар! Бүгін бір сәт осы аты аталған азаматтарды еске ала отырып, олардың ерлігін, не үшін алаңға шыққандығын көпшілік алдында айта кетсек артық болмасМұғалім: Ол әділеттің, шындықтың жеңетіне іштей сенді. Қайрат орысша – қазақшаға бірдей, өте сауатты, өз ойын ашық айтатын жігерлі, отты жігіт еді. Қайраттан қорыққан Колбин мен оның қолшоқпарлары одан тез құтылу үшін «Атылсындеп үкім шығарды.     Өкінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасты. Мұғалім: Желтоқсан қозғалысына қатысқандардың бірі Ербол Сыпатаев еді. Өзі сияқты студент қыздар мен ұлдарды қорғаймын деп жүргенде Ерболды жасақшылар қатты соққыға жығып, емханаға түседі де, екінші күні қайтыс болады. Ерболдың мәйітін ауылға мұғалімдері алып барады. Атаанасы баласын жылап жерлейді.    1986 жылғы желтоқсан жанғырығы Өскемен қаласындағы жастар қозғалысына әсер еткені шындық. Өскемен педучилищесінің студенті Сәбира Мұхамеджанова мен мұғалімнің арасында түсінбеушілік болып Сәбираның анасын шақыртады. Мұғалім: Желтоқсан оқиғасы! Аз ғана уақытта әлем назарын аударған толқу күштеп басылғанымен, оның мәні мен маңызы енді еш уақытта өшпейді. өйткені азаттық аңсаған, теңдікті талап еткен ел есінде де ол мәңгі қалады. Ауыз аштырмауға тырысқан Коммунистік партияның лаңы ары таза, бүтін бір халыққа күйе болып жағыла жаздады. Алайда, уақыт әділ сыншы екен. Өзі көрсеткендей ақ пен қараның ара жігі ажыратылды. Сөйтіп, біз өзімізді ақтадық. Бұл да ерлік. Желтоқсан қозғалысының ақ – қарасын айыруға ат салысқан азамат ақын Мұхтар Шаханов еді. Халықтық қолдау арқасында желтоқсан құрбындарына арнап ескерткіштер ашылып, көшелерге арттарын беріп, құрмет көрсетіліп жатыр. Желтоқсан  қозғалысында жазушылар, әншілер, композиторлар да өзнаразылықтарын білдіріп, қасиетті қазағының намысын қорғады.     Міне, балалар, Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің жалауымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар.  Егеменді Қазақстанымыз тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл толып отыр. Бұл елеулі мереке. Осы мерекені жақсы оқумен, үлгілі тәртіппен қарсы алайық! Өз еліміз бен жерімізді көркейтіп, Қазақстаннның намысын қорғайтын келешек ұрпақ- сендерсіңдер.  

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!