Сынып сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға кунделікті сабаққа,өмірге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі:04.12.2018ж

Сыныбы: 5 «а»

Сабақтың тақырыбы: 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні

«Ұлтын сүйген ұлы тұлға»

Мақсаты:Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелілік:Елбасының өмір жолын ала отырып Отанын,халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,түсіндіру,ойын,трингтер

Сабақ барысы:

1.Үйымдастыру бөлімі:

Жаңбыр жаумаса,жер жетім

Басшысы болмаса ел жетім

Көсіле шабар жерім бар

Тау көтерген елім бар

Атадан қалған сара жолым бар

Тәуелсіздігімізді алған соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды.Елбасының бастауымен Отанымыз елге танылды.Елім елдігін көрсетті,ерлігін танытты.Қазақ халқы егемендігін алып,Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел болаалатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен.Елбасымыз бен үкімен басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қаттты құрмет тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатына көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ Қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық облыстық және респуликалық көлемде басшы органдары жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатта партком хатшышы болды.Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.Ол Қазақстан Үкімет басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.

1991жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1991жылдың 16 желтоқсаннында Қазақстан Республикасы Жоғары сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет»деп жариялады.

1992жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рамздер Елтаңба,Ту, Әнұран бекітілді.Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібеков,Шотаман Уалиханов.

Мемлекеттік Ту-1992жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап үшқан қыран бейнеленген,ішкі бұрышы көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы 2 метр,ені-1 метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

1993жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –теңге айналымға енді.

Ақшам шықты елімнің тұңғыш рет

Білдім дербес елімгнің үлгісі деп

Бейнеленген хан,ақын,ғалымдарым.

Беттерінен көз тартып тұрды сурет

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген

Құт –береке болшы бір елге келген

Өз туы Елтаңба Әнұраны бар

Айтыңдаршы,енді елім кенде неден.

1995жылы 28-қаңтарда тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы қабылданды.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
503
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі