Материалдар / сынып сағаты 8 сынып "Қарттарым асыл қазынам"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сынып сағаты 8 сынып "Қарттарым асыл қазынам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2020
2412
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қарттарым – асыл қазынам»
Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Проектор, слайдтан суреттерді көрсету, шарлар т.б
Б а р ы с ы
Кіріспе: (Слайд көрсету):

Жүргізуші Зумрат:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Қарттарым – асыл қазынам» шарасына қош келдіңіздер!
Жүргізуші Зумрат:
Көп жасаған қария-
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Жүргізуші Зумрат:
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.
Жүгізуші
Зумрат:
Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.-дей келе 7 «
Ә» сынып оқушыларынің әнін қабыл алыңыздар! Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Ән:
Қарттарым

Жүргізуші
Зумрат:
Қайраты мықты ,қажымас өжет,
Гауhары ғажап қарттарым менің.
Еліне ерен сіңірген еңбек,
Сарқылмас байлық бағалы кенім.
Наиль:
Қазына қарттар тарихсың,
Жастарға қамқор мәртебең тиіп.
Жүре бер қартым ортада бүгін,
Жадырап жаның, жайраңдай күліп.- деп 7 «
Ә» сынып оқушыларына тақпақ айтуға жол берейік.
Аидам:
Қызық қайда, күн қайда мол шуақты,
Өткен жылдар қояды зор сұрақты.
Таяғына сүйеніп жүреді шал,
Алған сыйы өмірден сол сияқты.
Дильназ:
Үлкен сыйлау жасымнан әдет маған,
Сәлем берем осынау қарияға.
Көрмей кетсем өкпелеп қала ма деп,-
Бұл өмірде жүргендей тұз арқалап.
Гүл
ьнисам:
Ашылмайды өмірде мұзарт қабақ,
Менің жігіт шағыма қызыққандай
Тұрады ол соңыма ұзақ қарап,
Желдей зулап таяқты кететіндей.
Имин:
Соңыма мен бұрылмай тарта берем,
Мені қуып бұл қарттық жететіндей.
Абырой амандығын арта берсін
Бақ даулет қызығымен қатар берсін.
Фарангиз:
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп
Таусылмас дәм – тұзыңды тата берсін
Тыныштық елімізге бере берсін
Момилық жерімізге ене берсін
Соғыстан ел жұртымыз аман болып,
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
Ғалыпжан:
Қарттарым Сіздерге Алла саулық берсін,
Денсаулық ауыз бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін.
Тахмина:
Кең құшағы саялы Қаратаудай
Алақаны аялы Алатаудай
Әңгімесін иыңдасаң қарттарымның
Көңілің жәй тауып бір қалатындай.

А
нвар:
Ақсақалдар сарқылмас дариялар,
Әр сөзінен көңілге бақ ұялар.
Сіздерді құрметтейміз, қадірлейміз
Аяулы ардагерлер, қариялар!

Жүргізуші
Зумрат:
Жылынып жер көктейді,
Нұрын жиып әлемнің
Әлі есімнен кетпейді,
Құшағы ыстық әжемнің.
Жүргізуші
Зумрат:
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне
Бірі күтіп әнеки, жағада тұр


ЖүргізушіЗумрат:
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Аталар мен апалар! – келесі ойынымыз шарты үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?

Жүргізуші
Зумрат:

Оқушылар жауабы тыңдалады:
Зумрат: Үлкенге үнемі (сәлем) бер.
Нигара: Үлкенге қарсы (шықпа)
Зумрат: Үлкеннің батасын қабыл (ал).
Нигара: Атаға бөлінгендер адыра қалады.
Көпті қорлаған (көмусіз)қалады.
Зумрат: Үлкен кісіні (ренжітпе).
Нигара: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен (тең).
Фатима: Кәрі келсе асқа,
(Жас) келсе іске.
Гульнисам: Кәрі, кәрінің (сөзі) – дәрі.
Аидам: Ақылды (қария) – ағып жатқан дария.
Амит: Кәріліктің алды, (жігіттіктің) соңы.
Кальбинур: «Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола (біліңдер)»
Шахмурат: «Жақсы үлкенді қадірлесе – (құт болар).»
Наиль: «Кішілік пен (кісілік) – ұлылықтың белгісі»
Имин: «Қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезінде қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған (кісіге) ізет қыл.»
Анвар: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған (қарт) білер.
Ғалыпжан: «Кішіпейілдіктің кетімсіздігі –( ақылдың) жетімсіздігі.»
Ди
линур: «Кішіпейілділікталаптылыққа(тура)пропорционал»

Хормен айту
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Анамейіркүнкөзімен пара-пар
Тұлабойғақуатболыптаралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

Жүргізуші
Зумрат:
Құрметті қариялар!Біз сіздердің алдарыңызда әрқашанда бас иеміз!«Қарттарым – асыл қазынам!» атты мерекелік кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер. Келесі сөзді қарияыдан батамызды алайық:
Ал, балаларым, жарайсыңдар!
Енді өздеріңе ақ батамды берейін.
Сабағыңды оқы беске,
Жақсылығың жетсін көпке
Балалар үйінің қуанышы бол,
Бауырыңның жұбанышы бол.
Сенімін ақта үлкендердің,
Түлесін көктеп мекенің! Аумин.

Қорытынды:міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Сау
, саламат болыңыздар!

3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!