2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Сынып сағаты 8-сынып ҚМЖ «Алғыс – ізгі ниет» «Менің қандай құқығым бар?»

Сынып сағаты 8-сынып ҚМЖ «Алғыс – ізгі ниет» «Менің қандай құқығым бар?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты 8-сынып ҚМЖ «Алғыс – ізгі ниет» «Менің қандай құқығым бар?»
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сынып жетекші:



Күні:

03.03.2025

Сынып: 8



Сабақтың тақырыбы:

«Алғыс – ізгі ниет»


«Менің қандай құқығым бар?»

Мақсаты

Оқушыларға алғыс айту мәдениетін үйрету.

Рақмет айту, ризашылық білдіру, құрмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Ізгілікке, сыйластыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.


Оқушыларға балалардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру.

Өмірдегі қауіпсіздік пен құқықтық қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.

Өзін және басқаларды құрметтеуге, заңды сақтауға тәрбиелеу.




Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу:

Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!



Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді.








Көңілді әуен




Сабақтың ортасы


Тақырыпты таныстыру:

Мұғалім «алғыс» ұғымын түсіндіреді.

Сұрақ: «Сіз соңғы рет кімге және не үшін алғыс айттыңыз?»

Негізгі бөлім

1. «Алғыс айту – ізгілік белгісі» әңгіме-дәрісі


Мұғалім алғыс айтудың пайдасы туралы қысқаша түсінік береді.

Қазақтың «Жақсылық етсең, қайтарымын күтпе» деген мақалын талқылау.

Топтық жұмыс

Оқушылар 3 топқа бөлінеді:

1. «Отбасыда алғыс» – ата-анаға алғыс айту

2. «Достарға алғыс» – достарға ризашылық білдіру

3. «Қоғамға алғыс» – ұстаздарға, еліне, табиғатқа алғыс

Шығармашылық тапсырма:

«Менің алғыс хатым» – оқушылар кімге алғыс айтқысы келетінін шағын хат түрінде жазады.









Оқушылар сұрақтарға жауап береді.



Жауаптар талқыланады.





Әр топ өз ойларын постер немесе қағазға жазып, таныстырады.


Оқушылар бір -бірінің жұмыстарын бағалайды






Оқушылар бірін -бірі бағалайды




Ақ қағаз, фломастерлер








Сабақтың соңы


Қорытынды бөлім

1. «Рақмет айту» ойыны

Әр оқушы қасында отырған досына, мұғалімге немесе ата-анасына алғыс сөздерін айтады.

2. Рефлексия

«Бүгінгі сабақтан не алдыңыз?» деген сұраққа жауап беру.





Оқушылар ақ қағазға өз ойларын қысқаша жазады


Ақ қағаз

Қауіпсіздік сабағы

10 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру Психологиялық дайындық:

«Әр бала – тұлға» атты қысқа мотивациялық әңгіме.

Оқушыларға сұрақтар:

«Құқық деген не?»

«Балалар қандай құқықтарға ие?»

Тақырыпты таныстыру:

Мұғалім сабақтың тақырыбын жариялап, құқықтардың әр адам өміріндегі маңызын түсіндіреді.

Негізгі бөлім

1. Балалардың негізгі құқықтарын түсіндіру:

Өмір сүру және дамуға құқығы

Отбасыда тәрбиеленуге құқығы

Білім алуға құқығы

Денсаулықты сақтауға құқығы


Қауіпсіз ортада өмір сүруге құқығы

Еркін пікір білдіруге және ақпарат алуға құқығы

Зорлық-зомбылықтан қорғануға құқығы

Демалуға және бос уақытын тиімді өткізуге құқығы

Балалардың міндеттері

Заңдарға және үлкендерге құрмет көрсету.

Басқа адамдардың құқықтарын бұзбау

Білім алуға және өз қауіпсіздігін сақтауға жауапкершілікпен қарау.

Қоғамдық тәртіпті сақтау. Құқық бұзылған жағдайда не істеу керек?

Ата-анаға, мұғалімге немесе сенімді ересектерге айту.


Құқық қорғау органдарына немесе әлеуметтік қызметтерге жүгіну.


111 сенім телефонына немесе басқа да көмек көрсету ұйымдарына хабарласу.

Топтық жұмыс:

1-топ: Балалар құқықтарының түрлерін постер жасап таныстырады.

2-топ: Құқық бұзылған жағдайда әрекет ету алгоритмін жасайды.

3-топ: «Менің міндеттерім» тақырыбында қысқа эссе жазады.

Ситуациялық тапсырмалар:

Мұғалім әртүрлі жағдайларды сипаттап береді, оқушылар өз құқықтарын қалай қорғайтынын талқылайды.

«Дұрыс-бұрыс» ойыны – мұғалім құқықтар мен міндеттер туралы бірнеше тұжырым оқиды, оқушылар олардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтайды.



Қорытынды бөлім

1. Рефлексия:

«Менің құқығым...» әдісі – оқушылар сабақтан алған негізгі ойларын айтады.

2. Қорытындылау:

Мұғалім сабақты түйіндеп, әр адамның өз құқықтарын білуі және қорғауы маңызды екенін түсіндіреді.





Оқушылар тақырыпты сұрақтарға жауап беру арқылы түсінеді.





Оқушылар мұқият тыңдайды






























Әр топ өз шешімін таныстырады.


Сұрақтарға жауап береді





























Топтық жұмыстағы белсенділік.





Оқушылардың идеялары мен ұсыныстарын ұсыну деңгейі.





Рефлексия кезінде жауаптарының сапасы.

Презентация





Тақырыптық бейнероликтер.



Балалар құқықтары туралы плакаттар.


ҚР Конституциясынан және Бала құқықтары туралы конвенциядан үзінділер.


Бейнероликтер, ситуациялық тапсырмалар.





















).


Видеоматериал









Жазу құралдары мен блокноттар.





Сабақтың соңы

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін .

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау.

















Жариялаған:
Нарбай Бекжұма
03 Наурыз 2025
312
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі