Тақырыбы: Армысың, Алтын
күз!
Мақсаты:
1. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді
басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата
білу;
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық
қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
3. «Еңбек түбі - береке» деген халық даналығының дұрыстығын көз
жеткізу.
1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар!
2 -
жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас
достар!
1 -
жүргізуші:
Уа, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық..!
2 -
жүргізуші:
Армысың сары алтындай Алтын
күзім»
Күн нұрын төккендей боп жапырағың.
Қарсы
алып біз өзіңді тұрмыз міне,
Алтын күз деп өзіңе айдар
тағып.
1- жүргізуші : Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше.
2- жүргізуші : Олай болса берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
1-жүргізуші:
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
2- жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады
Сыныбымыздың ерке әнші Әдеміні қарсы алыңыздар! Бақыт қонатын күн!
2-жүргізуші:
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп
Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы – дей отырып кезегімізді көркем сөз шеберлеріне береміз: 3 «г» сынып оқушылары:
1-оқушы:Айғаным
2-оқушы: Әдемі
3-оқушы: Мерей
4-оқушы:Айдос
5-оқушы: Заңғар
6-оқушы:Алибек
7-оқушы:Тимур
8-оқушы:Қарлығаш
9-оқушы:Аружан
10-оқушы: Жанэль
2-жүргізуші:
Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр
1-жүргізуші:
Өнерлі өрге жүзер талаптының,
Талантты талмай ұшар қанаттының.
Мың бұралған бишілері сыныптың
Мерейі үстем болсын таланттының ,- деп ендігі кезекті биге береміз Сыныбымыздың бишілерінің орындауында «Қуыршақтар » биін тамашалыңыздар!
Ойын: Қолшатыр
2-жүргізуші:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
1-жүргізуші:
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды -дей отыра ортаға күзді шақырайық
Ортаға себет толы жемістері бар Күз-Азель келеді. (қол соғып қарсы алу)
Күз-Азель
Күз: Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.Мен күзбін, өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады. Олай болса балалар мен жалғыз келген жоқпын өзіммен бірге көкөністерімді ерте келдім! Ортаға көкөністерді шақырайық!
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап анықтаулары қажет. Күз: Жарайсыңдар балалар, сезгіш екенсіңдер
Азель: Рахмет сендерге, келесі
кездескенше.
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп,
шығарып салайық.
Күз: Сау болыңдар балалар!
1-ші жүргізуші: Ендігі кезекті сыныбымыздың әншісі Еркенің орындалуынағы Халқыма әнін тамашалайық!
Ойын: Қолшатыр
1-ші жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптының,
Талантты талмай ұшар қанаттының.
Мың бұралған бишілері сыныптың
Мерейі үстем болсын таланттының ,- деп ендігі кезекті биге береміз
Ортаға сыныбымыздың сұлу да ерке бишісін шақырайық Азельдің орындалуындағы Үнді биін тамашалайық:
1-жүргізуші: Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.Күзде күн суытып, барлық жан-жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?
2-жүргізуші: Иә, мен бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялды.-дей келе ендігі кезекті 3 Г сынып оқушыларының орындалуындағы хор!
1-ж.: Қаңғалақтап құлдилайды жапырақ,
Сарғыш тартып мынау дала, атырап
Күн шуағын жинай алмай тұрғандай
Қатар-қатар шөмелеге шашып ап
2-ж.: Жемісімен мөлдіреген бағы бар,
Сары күз дің саумал сазы танымал.
Самал желмен баяу ғана толқиды
Сары масақ, қауызында дәні бар.
1-ж.: Сары шалғын сыбдырласа белеңде
Салқын тартты сабыр тауып өзен кей.
Өрлі-төмен құлдилайды құс біткен
Қайтар кезін ойламайын дегендей,- деген өлең жолдарымен бүгінгі күз мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.
2-ж Сіздерге арналған 3 Г
сыныбының ашық тәрбие сағатын жабық деп жариялаймыз. Келіп
тамашаландарыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше сау- саламат
болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып сағаты: "Алтын күз" 3 сынып

шағым қалдыра аласыз