Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сынып сағаты. Дұрыс тамақтану -денсаулықтың кепілі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Педагогтің аты-жөні |
Садыбаева И.С. |
|
Күні: |
25.11.2024 |
|
Сынып: 2 «ж » |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сынып сағатының тақырыбы |
«Дұрыс тамақтану денсаулықтың кепілі» сынып сағаты Қауіпсіздік сабағы №2 «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛУ СКРИПТЕРІ» |
|
ҚАРАША – ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ
|
||
4-апта дәйексөзі: |
Әділетте берік болсаң аяғың таймайды!
|
|
Құндылық |
еңбекқорлық және кәсіби біліктілік |
|
Индикаторлар |
• Адам өміріндегі, отбасындағы, қоғамдағы еңбектің құндылығын түсіну • Өзіне-өзі қызмет көрсетуге дағдылану |
Сабақтың барысы
Сынып сағат кезеңі |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурс тар |
||||
Басы 6 мин |
Психологиялық дайындық
Мұғалім сұрақ қояды: -Балалар, денсаулық дегеніміз не?
Ойқозғау Жұптық жұмыс Сәйкестендір Мұғалім: Балалар, денсаулықты сақтау үшін жасалатын іс-әрекеттер мен денсаулыққа кері әсерін тигізетін іс-әрекеттерді анықтау үшін мына сызбаны толтырайық: Іс- әрекеттер:
|
Балалар бірге қайталайды
Оқушылар денсаулық туралы өлең шумақтарын оқиды. 1-оқушы: Балақай! Болсаң да әлі қаршадай: Ойнау үшін шаршамай, Оқу үшін мектепте, Ашу үшін тәбет те, Құру үшін сен сауық Керек жақсы денсаулық. 2-оқушы: Денсаулық –ол шыныққан Барлық денең мүшесі. Денсаулық –ол тыныққан Жүйке тамыр жүйесі. 3-оқушы: Денсаулық –ол күлуің, Көңіл күйің жадырай. Денсаулық-ол жүруің, Ешбір жерің ауырмай. 4-оқушы: «Басты байлық- денсаулық» - Бабалар айтқан даналық. Сақта жолын сен тауып, Осы шақтан балалық.
Жұптық жұмыс Сәйкестендір Балалар денсаулықты сақтау үшін жасалатын іс-әрекеттер мен денсаулыққа кері әсерін тигізетін іс-әрекеттерді тиісті сөйлемге сәйкестендіреді. Іс- әрекеттер:
|
сызбалар
|
|
|
||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||
Ортасы 27 мин |
Мұғалім:
-Адамның ең үлкен байлығы-денсаулық.Дана
халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға
қойып, бірінші байлық -
денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды
азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтанудың маңызы өте
зор. Алдымен Тамақтану пирамидасына назар аударайықшы. Сұрақ- жауап 1.Әр топқа тиісті азық түліктерді атап өт. 2.Азық-түліктер неге бұлай топтарға бөлінген? 3. Сенің отбасың таңертеңгілік, түскі, кешкі асқа қандай тағамдарды пайдаланады? 4.Бұл азық –түліктерді қайдан аламыз? Бейнефильм көру -Енді бейнефильмге назар аударайық. Мұғалім: -Балалар, осы азық түліктер мен тағамдар дастарханға келу үшін біздің ата –аналарымыз еңбек етеді, ал, еңбек етіп, жұмыс істеу үшін адамға күш пен қуат, мықты денсаулық керек. Дұрыс тамақтану арқылы адамдар күш- қуатын қалпына келтіріп, өнімді еңбек ете алады. Пайдалы тағамдар мен жемістер-дің, көкөністердің құрамында денсау-лыққа қажетті түрлі дәрумендер бола-ды. Сондықтан уақытында тамақтанып, күн тәртібін сақтау өте маңызды. Өйткені, әр адамның денсаулығы –өз қолында. Енді қызықты ертегіні тамашалайық. «Жемістер мен көкөністердің айтысы» ертегісі
Мұғалім: - -Енді суреттерден қандай тағамдарда дәруменнің түрлері бар екенін анықтайық.
Қауіпсіздік сабағы №2 «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛУ СКРИПТЕРІ» Сабақтың мақсаты: оқушыларды қауіпсіздік жүйесіне кіретін қызметтерді шақыру кезінде ақпараттың мазмұнымен таныстыру және туындаған қауіпті жағдай туралы қауіпсіздік қызметіне телефон арқылы дұрыс хабарлауға үйрету. Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі Жағымды мотивациялық көзқарасты қалыптастыру (1-2 мин). 2. Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы Педагог: Телефонмен сөйлескен кезде бір маңызды ереже бар, оны өздерің болжап көріңдер. Нақты ережені анықтау үшін «Бүлінген телефон» ойыны өткізіледі. Педагог оқушыларды қатарға тұрғызып, бір сөзді бір-біріне сыбырлап жеткізуді, содан кейін бірінші және соңғы сөздерді салыстыруды ұсынады. Педагог: - «Бұзылған телефон» ойыны арқылы бізге қандай маңызды ережені білу керек? - Телефонмен сөйлесуде сөзді дұрыс түсіну үшін анық сөйлеу керек. - Бүгін сабақта біз шұғыл қызметтерді шақыруды және негізгі ережелерімен танысамыз. 3. Білімді өзектендіру «Есте сақта!» 4. Бастапқы білімді игеру және түсінуді тексеру Қауіпсіздік қызметтерін шақыру ережелері Педагог: қауіпсіздік менеджері қоңыраудың себебін тез түсініп алу үшін дұрыс хабарлап айту керек. Жедел қызметке қоңырау шалған кезде диспетчерге нені хабарлау керек: 1. Мекенжайды хабарлау керек. Себебі байланыс үзілсе де, құтқарушылар қайда бару керектігін біледі. 2. Бұл қайда болды: аулада, пәтерде, қоймада және т.б. 3. Не жағдай болды: өрт шықты, газдың иісін сездіңіз, төбеден су кетті және т.б. Диспетчерге үйдің, пәтердің нөмірін және аты-жөніңді, телефон нөміріңді хабарлау керек. МАҢЫЗДЫ! Төтенше қызметтерге жалған қоңырау шалуға, алдауға болмайды! Топпен жұмыс. Рольдік ойын Пәтердің есігін бейтаныс адам кетпей қағып тұрса, полицияға хабарлау керек. Сіздің пәтеріңізден өрт шықса, өрт сөндірушілерге хабарлау керек. Топтық жұмыс. Рольдік ойын - Карточкада жағдай сипатталған, сіз бұл жағдайда көмекке қоңырау шалуыңыз керек телефон нөмірін атауыңыз керек. - Сіздің пәтеріңіздің есігін бейтаныс адамдар бұзады. Сізбен бірге полиция шақырайық. - Сіздің пәтеріңізден өрт шықты. Өрт сөндіру бригадасын шақырайық. - Сізде жоғары температура болды. Жедел медициналық көмекке шақырайық. - Сіз пәтерде газдың иісін сездіңіз. Біз газ қызметін шақыру жағдайын ойнаймыз. Бекіту. Өзіндік жұмыс Тапсырма. Жағдайды анықтап, төтенше қызметтерінің телефон нөмірін кестеге жаз. • Егер сізде немесе көршілеріңізде өрт болса, қоңырау шалыңыз • Егер сіз немесе жақын адамыңыз ауырып қалса, қоңырау шалыңыз • Егер сіз газдың иісін сезсеңіз, қоңырау шалыңыз • Бұған жол бермеу үшін сізге қызмет көмектеседі 5. Қорытынды - Қауіпті жағдайда бізге қандай қалалық және аудандық қызметтер көмектесуге дайын? - Телефон арқылы қажетті көмек туралы қалай дұрыс хабарлауға болады. Рефлексия. «Қажет, қажет емес, қызықты» (ауызша немесе жазбаша түрде болуы мүмкін). «Қажет» бағанына сабақ туралы ұнаған пікірін, жағымды эмоциялар тудырған ақпарат. Қажет Қажет емес Қызықты |
Балалар Тамақтану пирамидасы бойынша адамның денсаулығына ең қажетті , пайдалы тағамдардың үлесіне қарай ретімен атайды.Сұрақтарға жауап береді 1-топ. Жармалар, күріш, картоп,нан өнімдері. 2-топ.Көкөністер мен жемістер 3-топ.Сүт пен сүт өнімдері. 4-топ.Ет, балық, жұмыртқа, бұршақтар. 5-топ. Сиыр майы, майлар, қант.
Азық түліктердің денсаулыққа пайда-сы мен құнарына байланысты топқа бөлінгені туралы әңгімелеп айтады.
Балалар дұрыс тамақтануға байланысты бейнефильмді көреді. «Жемістер мен көкөністердің айтысы» ертегісі Балалар рольдерге бөлініп ертегіні сахналап көрсетеді. Автор: Ерте, ерте ,ертеде көптеген жеміс ағаштары мен көкөністер далалы жерде тіршілік етіпті.Олар өзен бойындағы құнарлы жерге таласып, дауласып қала береді . Өйткені далалы жерде жауын аз жауатындықтан бұл өсімдіктердің өсуіне қажетті су жетіспейді екен Сәбіз: -Өзен бойында мен өсуім керек, адамзатқа ең пайдалы көкөніс менмін. Менің құрамымда А дәрумені бар.Ал А дәрумені Теріні жұмсартып тұрады және сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Менің шырыным ағзаны қалыпқа келті-руге әсер етеді. Қанды тазартып, улы және зиянды заттарды ағзадан жоямын. Күнбағыс:-Ал менің құрамымда Е дәрумені бар. Ол дене жасушаларын қартаюдан қорғайды, бас терісінің қан айналымын жақсартады, бұл өз кезегінде шаштың түсуіне жол бермейді және сынғыш, әлсіреген шашты нығайтады. Сондықтан өзен бойы менің орным. Құлпынай: Ал менде С дәрумені.Ол ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. Адамның денсаулығына мен пайдалымын. Автор:- Бұл дауға басқа жемістер мен көкөністер де араласады. Осы сәтте Адам келіп: Адам: -Босқа дауласпаңдар. Сендердің барлықтарың да пайдалысыңдар. Жүріңдер мен сендерге үйімнің жанынан жер берейін, суғарып, күтіп баптайын,- дейді. Автор:Сол күннен бастап жемістер мен көкөністер адамзатпен дос болыпты. Барлығы бірге
Өрлеу үшін
елің,
Дәрумендер тобы
– Біліп жүр сен оны! Суреттермен жұмыс 1.Балалар суреттерге қарап қай тағамдарда қандай дәрумендер бар екенін анықтайды.
2.Тағамдарды кестеге бөліп орналастырады.
Сергіту сәті Жұмбақ шешеді:
Есте сақта!
Өзіндік жұмыс . Балалар жағдайды анықтап, төтенше қызметтерінің телефон нөмірін кестеге жазады.
|
слайд
Сурет Тер
https://www.youtube.com/watch?v=FgLou94O9RQ
https://www.youtube.com/watch?v=jWklhxwlxmA
слайд
Слайд
Сызбалар
кесте |
||||||||||||||||
Соңы 5 мин |
Топтық жұмыс Мақалдың мағынасын түсіндір, қорытынды жаса. Ас атасы-нан Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. Тату үйдің тамағы тәтті. Ас – адамның арқауы.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
|
Топтық жұмыс Балалар топқа бөлініп, мақалдың мағынасын түсіндіреді,қорытынды жасайды. 1-топ. Ас атасы-нан 2-топ. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. 3-топ. Тату үйдің тамағы тәтті. 4-топ. Ас – адамның арқауы.
|
Мақал дар |
|
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар: