Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сынып сағаты "Ел ертеңін ойлаған Елбасы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сынып сағаты
https://www.youtube.com/watch?v=LhM2rnd_z8Q
Тақырыбы: Ел ертеңін ойлаған елбасы
Мақсаты: Елбасының өмірі мен
еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке,
азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін,
ұлттық сана-сезімі жоғары, саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан
тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: бейне-ролик,
слайд-презентация.
Сабақ барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір , қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Мұғалім келесі сұрақтар қояды:
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар, қалай ойлайсындар, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
Оқушылар:
Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Мұғалім: Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 23 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.
Сұрақ- жауап:
Қазақстан тәуелсіздігін қашан жариялады? (16 желтоксан 1991 ж.)
Осы жылы мемлекеттің тәуелсіздігіне неше жыл ? (23 жыл )
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қалай аталады? (теңге)
Теңге қай жылы еңгізілді? (1993 жылы 15 қараша)
Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы деп қашан жарияланды? (10 желтоқсан 1997 жылы)
Оған Астана деген ат қашан берілген? (1998 жылдың 6 мамырында)
Еліміздің мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді? (4 маусымда 1992 жылы)
Отан қорғаушы күні? ( 7 мамыр )
Атазаң күні? (30 тамыз )
«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
1-оқушы: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
2-оқушы: Бүгінгі күн бізге ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.
3-оқушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
4-оқушы:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз
Елін сүйген Елбасы деп білеміз
Тең аталып Қазақстан Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз
Сергіту сәті
Ел туралы мақал мәтелдер айту.
5-оқушы: Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,
Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.
Анасы түсінде буырқанып дөңбекшіп жатқан теңізді көреді. Теңізге түссе түбінен қару тауып алады. Иығына мылтықты асып алып еш тұншықпастан, қиналмастан жағаға шығады. Анасы ағайындарына түсін жорытқанда: Алла жар болсын, түсін жақсы екен,дүниеге шекесі торсықтай ұл келеді екен. Міне, бұл 1940 жылдың 6 шілдесінде шыр етіп дүние есігін ашқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді.
6-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
7-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
8-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
9-оқушы:
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
10-оқушы:
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.Егемен елім әнұраны жанарды,“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
11-оқушы:
Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
12-оқушы:
Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді.Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндерін де шығарған. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлыныкі екенін бізмақтанышпен айтамыз.
Оқушы монологы. «Менің Президентім». Лүтфия
Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.
Оқушы Монологы «Менің Президентім». Қарахан
Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.
Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?
Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Нұр-Сұлтан қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
«Ой қозғау» Болашаққа саяхат«Егер де мен Президент болсам….»
(оқушылар берілген тақырыпқа эссе жазады және оқиды)
Мұғалім:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сендер қандай үлес қосып жүрсіңдер?
2. Басшыадамқандай болу керек? (оқушылар сұрақтарға жауап береді)
Қ- қазаққа қызмет ететін
-Адема
А- арманына жететін - Алина
З- заңды жақсы білетін - Рахат
А- алға қарай жүретін - Маулен
Қ- қайырымды елімнің - Асанали
С- салтанатты жерімнің - Сания
Т- толықтырам сенімін – Адина
А- абыройын,жігерін - Ансат
Н- намысын қолдан бермейтін -Амир
Бәрі:Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің!
Қортынды:Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.