«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп»
ММ
Сынып
сағаты
Тақырыбы:
«Еңбекпен тапқан нан
тәтті»

Сыныбы: 1
«Д»
Сынып жетекшісі:
А.Алшынбаева
2018
жыл
Тәрбие сағатының
тақырыбы: Еңбекпен тапқан нан
тәтті
Мақсаты:
-
Еңбектің адам өміріндегі
маңыздылығын түсіндіру;
-
Шығармашылық жұмысқа баулып,
олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық
қабілеттерін арттыру.
-
Еңбек жасай білу дағдыларын
дамыту.
-
Еңбексүйгіштікке,
адамгершілікке, табиғатты аялауға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер,
мақал-мәтелдер,слайд.
Тәрбие сағатының жоспарымен
таныстыру
І.
Ұйымдастыру.
Біз әдепті
баламыз,
Біз ерекше
боламыз.
Қонақтарды
көргенде,
Сәлемдесіп
аламыз.
ІІ. «Ой шақыру»
кезеңі.
Әңгімелесу
1 - бөлім. Сұрақ –
жауап.
1.“Еңбек”,
“Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай
түсінесіңдер?
2. Еңбек адамға не үшін қажет
деп ойлайсыңдар?
Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең,
қарның тоқ болады, киімің
болады.
3.Қандай адамды еңбекқор
дейміз?
Жалқау емес, сабақты 5 - ке
оқитын.
4. Сендердің қазіргі негізгі
еңбектерің қандай?
Сабақ оқу, мамаларымызға
көмектесу.
5. Адам бойында қандай
қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге
болады?
2 - бөлім. Суретпен
жұмыс.
Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп
оқығанда, үлкенді
тыңдағанда.
Балалар,
бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
еңбек жайында болмақ. Еңбек адамның өзінің өмірлік қажетін
қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігері, байлықты жасаушы. Ұлы
ақын Абай атамыз: «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам
баласын» деп, еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан
көрегенділікпен тамаша тұжырымдап берді және «Еңбек – қуаныш,
жалқаулық – айырылмас азап» - деп, шегелей түседі. Демек, адамның
адам болуында еңбек шешуші рөл
атқарады.
ІІІ.
«Қызығушылықты ояту» кезеңі.
Ертегі
Қазір мен сіздерге «Еңбекпен
тапқан тиын» деген грузин ертегісін оқып
берейін.
Еңбекпен тапқан
тиын
/Грузин
ертегісі/
Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі
жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып –қағып , киіндіріп жүріпті.
Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты
:
қалдырмаймын. Ол –жалқау. Ұлын
аяп, анасы он сомдық алтын береді:
Баласы шешесінің айтқанын
орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып
жіберіп:
Ұлы жымиып күліпті де, түк
айтпай шығып кетіпті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген
анасы:
істеп тап , -деп ақыл
айтыпты.
Анасының тілін алып, бала бір
апта жұмыс істейді.Тапқан тиынын әкесіне береді. Қария алтынды тағы
да отқа лақтырып жіберіп:
Бұған ұлы шыдай алмай,шоқтан
жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады
да:
оны отқа тастайсыз. Мұныңыз
қалай? - деп айқай салыпты.
Сонда әкесі
тұрып:
Ертегі бойынша сұрақтар
қою.
-
Қарияның ұлы еңбекқор
ма?
-
Қария қандай шешім
қабылдады?
-
Анасы ұлына қандай ақыл
береді?
-
Өз еңбегімен тапқан алтынын
ұлы отқа тастай салды ма? Неге?
Міне, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық
мақсат – мұраттарға жетесіңдер. «Еңбектің наны – тәтті, жалқаудың
жаны – тәтті» деген мақалмен
түйіндеймін.
ІҮ. «Мағынаны тану»
кезеңі.
1 – бөлім. «Жалғасын тап!»
ойыны.
Ендеше, балалар, еңбек
туралы мақалдарды еске түсіріп, «Жалғасын тап!» ойынын
ойнайық.
-
Еңбек түбі – ...
(зейнет )
-
Еңбек етсең емерсің, ... (
ерінбесең жеңерсің )
-
Еңбек адамның ... ( екінші
анасы )
-
Еңбек – ата, ... ( жер –
ана)
-
Еңбек ет те мақтан, ... (
ойнап күл де шаттан )
-
Еңбекке жастан, ... ( өнерге
бастан )
2 –
бөлім.
«Еңбектің пайдасы» деген сөзге
топтастыру жасау.
Еңбектің пайдасын талдай
отырып, күннің шашқан әр сәулесіне адам бойына еңбек арқылы келетін
қандай жақсы қасиеттер бар екенін айтады.
3 – бөлім. Сахналық
көрініс.
Балалар, адамға өмір сүру үшін
нелер қажет? Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген
сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен
келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім,
білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі,
бәрі, бәрі де еңбекпен келеді Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін
Өтебай Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін сахналап
көрсетейік.
« Қайдан келдің,
бауырсақ?»
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
ҮІІ.
Қорытынды:
Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш
нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау
болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең
бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Көп оқып, тәртіпті болып, сабақты
жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың,
білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек
білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға
жетуге тырысуымыз керек. Еліміздің болашағы өздерінің қолында
екенін айта отырып, төмендегі Е.Шайхыұлының өлең жолдарымен
аяқтаймын.
Соңы.