Материалдар / Сынып сағаты "Жасөспірім және темекі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты "Жасөспірім және темекі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты 6- сыныптарға өткізілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2018
1157
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:  Жасөспірім және темекі


Сабақтың мақсаты: 

  1. Зиянды әдеттер туралы, олардың қаншалықты зиянды екендіктерін түсіндіру.


  1.     Проблеманы дәстүрлі емес жолдармен шешу арқылы ойлау, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру,саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Темекі туралы суреттер, нақыл сөздер

Сабақтың түрі: пресс-конференция.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе.

ІІ. Оқушыларға сұрақ.

ІІІ. Сахналық көрініс.

ІҮ. Топпен жұмыс

Ү.  Қорытынды.

І. Кіріспе.

 Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналып отыр. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында көп тараған.

 Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан – 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.

1-бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»

2-бағыт. «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

3-бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»

Бағдарламада былай делінген: Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді. Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек.

ІІ. Оқушыларға сұрақ.

1-сұрақ: Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

Жауап: Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда  қолданылды.

2-сұрақ: Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі тарту туралы ең алғашқы кітап  қалай аталады?

Жауап: Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай деліген: «Расанолла» аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы «тобоко» деп аталады.

 

1-жүргізуші: Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде?

Оқушылардың жауаптары:

Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:

  • Топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала тоқа қосылу үшін сорлардың ыңғайына көніп, жаман әдетін бойына сіңіргісі келеді;

  • Жеке ұнатқан адамына еліктеу, бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;

  • Ересек болуға тырысу;

  • Өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу;

  • Ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі, мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.

ІІІ. Сахналық көрініс. (оқушы баланың темекі шегуі)


4 Топтық жұмыс

«Дәрігерлер тобы»

Психолог: Темекінің миға әсерін және темекі құрамында, түтінінде 4 мыңнан астам химиялық элементтер бар екендігі туралы және олардың ішінде онкологиялық ауруларды туғызуға қабілетті 40-тан астам улы заттар бар екендігі дәлелденген. Тағы да бір айтарым, темекі тартқан адамда темекіге деген тәуелділік пайда болады.

Дәрігер – нарколог: Көпшілік темекі тартуды жасөспірім кезінде бастайды. Темекі тартпайтындармен салыстырғанда, темекі тартатында өкпе ісігі ауруына 3-9 есе адамдар шалдығады. (слайд ғалымдардың зерттеуі)

Ғалымдардың зерттеуі бойынша темекі тартудан жылына төмендегідей адамдар көз жұмады екен. 54% ер адамдар, 11% әйелдер, 21% 15-17 жастағы жасөспірімдер, 40% 29-40 жастағы адамдар.

Темекі тартудан жылына төмендегі көрсеткіштегідей адамдар ауырады. 20% жүрек ауруларынан, 30% қатерлі ісік ауруларынан, 90% өкпе ауруынан.

Дәрігердің тәжірибесі: (Пластмасса ыдысқа таза мақта салып, қақпағын кесіп. Темекіні тұтатып қыстырамыз. Желім ыдыстың ішіне темекі түтінін жинаймыз. Сол кезде мақта түсі өзгереді.)


Мұғалімнің сөзі: Балалар, дәрігеріміздің көрсеткен тәжірибесі шылым шегу кезінде біздің өкпемізде қандай құбылыстар болатындығын дәлелдеп берді деп ойлаймын. Осы тәжірибеден кейін темекінің қандай зиян екендігін айтпай-ақ білуге болады.

Дәрігер: Ұлы терапевт дәрігер С.П.Боткин темекіні қатты шегіпті. 57 жасында өлейін деп жатқанда: «Егер мен темекі шекпегенде, әлі де 10-15 жыл өмір сүретін едім» деген екен. Енді темекіден болатын ауруларға тоқталсам:

  • Стенокардия – темекі тартудан көп тараған қасіреттердің бірі. Бұл ауруға шалдыққандардың кеудесі қысылып әлсірейді, өмірі қысқарады.

  • Эндартерит – темекі тартудан пайда болған аурулардың бірі деуге болады. Төменгі қан тамырларының біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 метр жүрген соң қайта ауырады. Мұндай ауруға шалдыққан адамдардың қан тамырларының кеңею қабілеті жетіспейді.

  • Құрғақ гангрена – жүрек бір қалыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге тура келеді.

  • Ісік аурулары никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді. Темекі тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі.

Темекі тартатындардың 25 процентінің көңіл-күйі төмен, 30 процентінің тыныс алуы қиындайды, 10 процентінің ұйқысы қашады, дәрі-дәрмекке әуес болады.

2 топ: «Экономисттер» тобы


Экономист: Темекінің зиянды жағын экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ. Бәріміз бірге жұмыс істейік. Дәптерімізге жазып отырсақ жақсы болар еді. (слайд)

Ойладым               Санадым                    Жинадым                              Алдым

 1.Есіңе түсір бір қорап темекі қанша тұрады?

Бір қораптың орташа бағасы – 70 теңге

2.Осыған қанша теңге кететінін есепте.          Бір жетідегі шығын   – 490 теңге

Бір айдағы шығын – 2100 теңге

4.Ойланып көр, егер темекіні тастайтын

болсаң, осы теңгеге қанша зат алар едің?   Бір жылдағы шығын – 25 200 теңге

Бес жылдағы шығын – 126 000 теңге

Елу жылдағы шығын – 1260 000 теңге

Темекіге кеткен ақшаға қаншама заттар алуға болады.

 Мұғалімнің сөзі: Мінеки балалар, шылым шегудің нәтижесінде адам өз көркін жоғалтып, денсаулығын бұзады. Сонымен қатар тапқан ақшасын осы темекіге жұмсайды. Темекіні тарта отырып өзіне ауру сатып алады екен.

 Есте сақтаңыздар:

  • Темекі шегу – өкпені ластайды;

  • Темекі шегу – ағзаға ауаның келуіне кедергі жасайды;

  • Темекі шегуден тіс сарғаяды және ауызда жаман иіс пайда болады;

  • Темекі шегу – ойлау қабілетін тежейді, ұмытшақ болады.

Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд. адам темекі тартады. Темекінің зардабынан күніне 10 мың адам, жылына 3,5 млн. адам қайтыс болады. Қазақстан Республикасында 3,2 млн. (33%) адам темекі шегеді. Темекінің зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар! Біз бүгін зиянды әдеттердің бірі темекі туралы біраз мағлұматтар білдік. Сонымен темекіні қолына ұстаған адам бұл қандай да бір аурудың табалдырығын өзі аттағаны. Темекі шегу қандай жат қасиет екендігін, зиянды екендігін есте шығармағаны дұрыс дей келе, оқушыларымыз «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» деп қорытындылайды.   

 




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!