№136 Темірбек Жүргенов
атындағы мектеп-лицей
АШЫҚ ТӘРБИЕ
САҒАТЫ
ТАҚЫРЫБЫ: Желтоқсанда үзілген
жауқазындар
СЫНЫБЫ:
8«в»
СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ: Абдкереева
Г.Ж.
2017-2018 оқу
жылы
Ашық тәрбие сағатының
құрылымы
Сыныбы: 8«В»
|
Күні:
15.12.2017ж.
|
Тәрбие
сағатыныңтақырыбы:
|
Желтоқсанда
үзілген жауқазындар
|
Мақсаты:
|
Оқушылар елін, жерін, тілін
құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыр, от жүректі өжет
мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрметпен қарауға
баулу; Оқушыларды өз
елінің тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін
мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне
деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін
ояту;
Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын
дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс
жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай
білуге, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Елбасының «Қазақстанның 3.0
жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік»Қазақстан халқына жолдауы
жайлы пікір алмасу.
|
Күтілетіннәтижелер:
|
Сұрақтарғажауапбереалады,
талдайалады.
Тақырып
бойыншабілгендерін өзсөздеріменайтаалады,
өздігіненқорытындышығараалады.
Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын
білуі.
Отанды
сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке
тәрбиеленеді. Ұлттық мінез, ұлттық намыс
қалыптасады.
б)
Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдері
қалыптасады.
|
Керектіжабдықтар:
|
Қанатты
сөздер, қанатты сөздер,
желтоқсан құрбандарының
суреттері, Отан, табиғат көріністері туралы слайдтар, компьютер,
үнтаспа
|
Сабақбарысы:
|
Сабақкезеңдері
|
Мұғалімәрекеті
|
Оқушыәрекеті
|
Кіріспе
Ұйымдастыру
|
Мұғалімніңкіріспесөзі.
Мемлекеттік әнұран
орындату.
|
1.
Оқушылармен бірге тәрбие сағатының мақсатын
анықтау.
|
Қызығушылықты
ояту
|
Ұйымдастыру. барлық
оқушылар шеңбер жасап тұрып сергіту сәтін
орындайды.
1. Егер сіз бүгін
қуанышпен мектепке келсеңіз – қолыңызды
бұлғаңыз.
2.Егер сіз адамдардан
шыншылдықты, адалдықты бағаласаңыз – алға қарай бір қадам
жасаңыз.
3.Егер сіз өз күшіңізге
сенсеңіз – жерді аяқпен тарсылдатыңыз.
4.Егер сізді еліміздің
тағдыры алаңдатса – алақандарыңызбен
шапалақтаңыздар.
5.Егер сіз өзіңізді
Отанының патриотымын десеңыз - екі қолыңызды жоғары
көтеріңіз.
6.Егер елдің болашағы сізге
тәуелді деп сенсеңіз – қолдарыңызды
бұлғаңыздар.
|
1.Сергіту сәтін
жасап, бір – біріне
сыйластықпен қарайды.
Танысу
тренингі
|
Мағынаны
ашу
|
«Ойлан. Ойыңды
бөліс»
Жалпы патриот деген кім,
патриотизм дегенді қалай түсінеміз?
Қазақстан
бұл...............(мемлекет)
Қандай әнді тұрып
айтамыз?
Туда қандай құс
бейнеленген?
2.
Осы ХХІ ғасырда ерлік
жасауға бола ма, оны қалай
түсінесің?(оқушылар өз ойларын ортаға
салады)
Қазіргі таңда жастардың
бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар
болса қандай әндер?
3. Енді бәйге ойынын
ойнайық:
Сұрақтар:
-
1 желтоқсанда Қазақстанда
қандай мейрам болады? (президент күні)
-
22 қыркүйекте ше? (тілдер
күні)
-
Біздің Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаев біздің алдымызда 3 тілде сөйлеу міндетін қойды. Ол қандай
тіл?
-
Бүгінгі біздің жасап жатқан
тәрбие сағатымыз неге байланысты деп ойлайсыздар? (Конституция
күніне орай
-
Қазақстан Тәуелсіздігін қашан
алды?1991 жылы 16 желтоқсанда.
-
Тәуелсіз
еліміздің қандай рәміздері
бар?Ту,Елтаңба,Гимні.
-
Қазақстанның Туы қай кезде көтерілуші еді?Жеңіске жеткенде,
мерекеде, екі ел арасындағы
кездесуде.
|
Сұрақтарға жауап
беру;
–тақырып
бойыншақысқашаәңгімелеу.
Оқушылар ойларын
айтады
Оқушылар ойларын
айтады
Оқушылар сұрақтарға жауап
береді.
|
Қорытынды
|
Сөз өзіңізді еліңіздің
патриотымын деп айта аласыз ба?
Рефлексия
|
Рефлексия парағы (нені
білемін? Нені білгім келеді? Нені
білдім?)
|
|
Мұғалімнің
сөзі:
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға
қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір
адамның есінде мәңгі
сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын
біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді.
Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер
емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп,
әділетсіз шешім қабылданып,
халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей
күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа
үлгі.
Осыдан 26 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының
бас алаңына жастар жаман ойме барған жоқ. Олар бейбіт жолмен
тәуелсіздікке қол жеткізу үшін
қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне
қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш
ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл
оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел
аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова,
С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз
қатысты.
- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға
неше жыл толып отыр?
- 26 жыл толып
отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып
отыр?
- 31
жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай
рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз
бар.
- Біздің президентіміз кім
?
- Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл
?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ
тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен
қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан
оқиғасы.
Асель : Желтоқсан-заман толғағы байтақ
даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік
наланың.
Қайрат, Ләззат пен
Сәбира
Құрбаны болған
жаланың.
Дильназ: «Нашақор» деп «ұлтшыл»
деп,
Қазаққа күйе жаққан
күн.
Базары кетіп бір
күнде,
Қайғыға халық батқан
күн.
Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып
үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентек
көргенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы
анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен,
жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен
ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан
сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа
қарай жүгіре
жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының
бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей
өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын
қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап
қалды.
Арслан: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ
ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп
талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі
салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені
халқымның!
Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ
осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат
Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере
келе Ләззаттың алаңда болғаны
анықталады.
Көрініс
қойылады.
Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ
бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан
ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай
қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі
Қайрат Рысқұлбеков
еді.
Күнәдан таза басым
бар,
Жиырма бірде жасым
бар.
Қасқалдақтай қаным
бар,
Бозторғайдай жаным
бар.
Қайрат деген атым
бар,
Қазақ деген затым
бар.
«Еркек тоқты
құрбандық
Атам десең,
атыңдар!»
КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімі мен
1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа кешірім жасалып, 20 жыл
бас бостандығынан айыруымен
ауыстырылды.
Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған
жоқ.
Қайраттың хаты үнтаспадан
жіберіледі.
«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20
жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым
бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы
бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай
ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден
шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым
келмейді.»
1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы
түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді» деген
атпен құпия түрде қаза
тапты.
Ортада Жания (Желтоқсан құрбаны Қайрат
Рысқұлбековке)
Арайлым: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік
болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған
алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар
елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге
жалауы!
Дастан: Әр қазақтың есінде
сақталады,
Желтоқсандық өркендер
ақталады.
Ер намысын қорғаған
сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік
сақталады.
Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке
«Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын
жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама
қағаздары берілді.
Айым : Болсын осы ар алдында сөз
ақтық,
Қан мен намыс болса бойда
қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті
күреспен,
Алыппыз біз мәңгі
теңдік,азаттық.
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол
Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді
батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді. Арада төрт жыл өткен соң
1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта
қойылды
Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут
үнсіздікпен еске
алайық.
Серпіп бұлтты басқан елдің бар
мысын,
Туды күнім әділетті арлы
шың.
Алыс жолдан зарықтырып,
шаршатып
Келдің бе сен, Азаттығым,
армысың!
Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991
жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік
алды. Биыл, міне, 26 жыл толып
отыр.
Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ,
бақыт.
Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір
туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар
дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы
жеткен,
Тәуелсіз егеменді
Қазақстан!
Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын
нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді.
Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы
болды.
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан
тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз
бар. Егеменді Қазақстан
мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы
оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп,
қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі
сендер болмақсыңдар.
Енді
біз «Желтоқсан желі» атты бейнебаянды
тамашалайық. Осымен біздің
«Желтоқсанда үзілген
жауқазындар»атты тәрбие сағатымызды жабық
деп жариялаймыз.