Сынып сағаты: Жолда жүру ережесін білемізбе?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты: Жолда жүру ережесін білемізбе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы оқушыларға жолда жүру ережесі мен таныстыра отыра "бағдаршам, жаяу жүргіншілер жолы, аялдама" және тағы да басқа белг3лермен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы






Сынып сағаты

(Жұмыстың атауы)





Семей қаласы білім бөлімі «ММ №19 орта білім беретін мектеп» КММ 3 «А» сынып

(Өтетін орын)

Жолда жүру ережесін білемізбе?

(Жұмыстың тақырыбы)




ОРЫНДАҒАН:

Талғатбек Е.С












Семей

2018



Күні:

Уақыты:

Сынып жетекшісінің қолы:


Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін білеміз бе?

Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында

білімдерін толықтыру.

2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін

дамытып, түсініктерін кеңейту.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды үш топқа бөлу.

(Бағдаршам көздеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл дөңгелекшелер арқылы бөлу)

2. Сұрақ- жауап1 топқа: Жол ережесі дегеніміз не?

2 топқа: Жол ережесін не үшін білуіміз керек?

3 топқа: Жол ережесін қалай сақтаймыз? 

Мұғалім: — Ал енді «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» атты сынып сағатымызды бастаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. «Ой қозғау»
Жұмбақтар

1.Ала таяқ ұстаған, 
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, 
Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)
2.Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Сұрақ: — Бағдаршам деген не? 
— Ол қандай қызмет атқарады?

2. « Кел, танысайық!» айдары

Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамызға оның сырын біліп, тілін алу керек.

Бағдаршам — жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Сұрақ: — Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме ?
— Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
— Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

Суретті бояу Бағдаршам

Хормен: 

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
( Әр топ оқушылары бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады)

Қызыл – Тоқта!
Сары – Сақтан!
Жасыл – Жол ашық!

3. «Жол белгілерін білеміз бе?»

(Оқушыларды жол белгілерімен толық таныстыру)

Сергіту сәті: Қызыл : оң қолымызды жоғары көтереміз.

Сары: сол қолымызды жоғары көтереміз

Жасыл: шапалақтаймыз

4. Топтық тапсырма: Жол белгілерінің суретін салу, қорғау.

5. «Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!»

Сұрақ-жауап:

1. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Кез — келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2. Бағдаршам дегеніміз не?
Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді..
3. Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?
Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр

5. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы.

6. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? Аялдамада

7. Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?
Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді.
8. Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер көліктері өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? Иә, міндетті.

9. Жолда қай жерден өту керек?

Жаяу жүргіншілер өтпесі белгісі қойылған жерден.

6. Көшеде жүру тәртібіне байланысты бейнеролик көрсету

ІІІ. Қорытындылау.

Оқушылардан жол ережесі туралы не білдік, не үйрендік, сынып сағаты ұнадыма? әр оқушы стикерларға өз ойларын жазып, тақтадағы көрнекілікке жабыстыру.

Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, жолда абай болайық, сауболыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2018
689
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі