Материалдар / Сынып сағаты Кел,балалар,оқылық!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты Кел,балалар,оқылық!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты:Кел,балалар, оқылық! 1 сынып Ыбырай Алтынсариннің өмірімен таныстыру, .Ы.Алтынсарин туралы түсініктерін кеңейту, оның өлеңдерінің мағынасын түсініп, меңгеру. Кітаптарымен таныстыра отырып, оның мағыналарын ұғындыру. Білімге деген ынталарын , құлшыныстарын арттыру.Оқушылардың бойында отансүйгіштік сезім ұялату,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2021
3434
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сынып сағатының тақырыбы: Кел, балалар, оқылық!

Сынып сағатының мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өмірімен таныстыру, .Ы.Алтынсарин туралы түсініктерін кеңейту, оның өлеңдерінің мағынасын түсініп, меңгеру. Кітаптарымен таныстыра отырып, оның мағыналарын ұғындыру. Білімге деген ынталарын , құлшыныстарын арттыру.Оқушылардың бойында отансүйгіштік сезім ұялату,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу, сахналау

Көрнекілігі: Суреттер, портреті, нақыл сөздері, бейнежазба,рәміздер суреті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін,назарын психологиялық жаттығулар арқылы сабаққа аудару.

«Шаттық шеңберіне» тұрып бір-біріне жақсы тілектер тілеу

ІІ. Сынып сағатының тақырыбын оқып, оның мағынасын өздері ашып, талқылайды

Мұғалім өлеңнің үзіндісін мәнерлеп оқып,әр жолына талдау жасау.

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық ,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Істің болар қайыры

Бастасаңыз аллалап.

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз , балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Мал дәулеттің байлығы,

Бір жұтасаң жоқ болар,

Оқымыстың байлығы,

Күннен- күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.


  • Бұл жолдар не туралы?

  • Не үшін оқуға шақырады? Өз ойларыңды айтыңдар.

  • Өлең жолдарының авторы кім?

  • Ыбырай Алтынсарин туралы не білеміз?

  • Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?

ІІІ. Ыбырай Алтынсарин туралы бейнефильм көру

ІV. Көрген бейнефильм бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?

  2. Ол қай облыста туған?

  3. Ол алғашқы не ашты?

  4. Алғашқы қандай кітап жазды?

  5. Орск қаласында тұңғыш не ашты?

  6. Биыл туғанына неше жыл болды?

  7. Оның қандай әңгімелерін білесіңдер?

V. ««Тәуелсіздік жетістіктері»» атты видеоматериал көреді

Көрген видеоны әңгімелеп, талдап айтып шығады.

Қазақстан жетістіктері:

1991 жыл:

- 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

- 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.

- 2-қазанда Байқоңырдан «Союз-ТМ-13» кемесімен ғарышқа қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ұшты.

- 29-тамызда ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.

1994 жыл:

- Талғат Мұсабаев «Союз ТМ6» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.

- 5-желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Рессей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.

- Наурыз айында ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

- ҚР парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» заң жобасын қабылдады.

1995 жыл:

- 30-тамызда еліміздің Ата Заңы жаңа Конституция қабылданды.

1996 жыл:

-25 мамырда Қазақстан Республикасы және Рессей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.

- ұлы ақын,жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жылы деп аталып өтті.

1997 жыл:

- 10-желтоқсан Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.

- ҚР «Тіл туралы» заңы қабылданды.

2002 жыл:

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ЕурАзЭК Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы лауазымына сайланды.

- «Астана-Бәйтерек» монументі салынды.

2013 жыл:

- 2013 жылы EXPO 2017 өткізу құқығын алдық.

2016 жыл:

- Қазақстандықтар олимпиадада барлығы 17 медаль (3 алтын,5 күміс,9 қола) алып, ел спорты тарихында жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

VІІ. Қорытынды:

  • Ыбырай атамыздың туғанына неше жыл болды?

  • Қай облыста туды?

  • Қандай көріністен үзінді сахналадық?

  • Ол көріністен өздеріңе қандай өнеге алдыңдар?

  • Кел, балалар, оқылық! өлеңі балаларды неге шақырды?

Жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы орта мектеп





________«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

Темірғалиева Н.А.

«01» қыркүйек 2021 жыл







«Кел,балалар,оқылық!»

Сынып сағаты





Өткізген:Серікқалиева А.Т

1 «В» сынып













Атырау 2021 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!