Сынып сағаты "Кең болсын адам пейілі" 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты "Кең болсын адам пейілі" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Қайырымдылық, имандылық туралы түсінік беру, балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Өз халқының салт дәстүрінде негізделген адамдық асыл қасиеттерді ажырата біліп игеруге баулу. «Жақсы сөздің» құндылығы туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Мерзімі

24.02.2016

Сынып

8 "Б "

Тақырыбы

"Кең болсын адам пейілі" сынып сағаты

Мақсаты

Қайырымдылық, имандылық туралы түсінік беру, балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Өз халқының салт дәстүрінде негізделген адамдық асыл қасиеттерді ажырата біліп игеруге баулу. «Жақсы сөздің» құндылығы туралы түсінік беру.

Міндеттері

- Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;
- Ізгілікке, ізеттілікке, жақсы сөз арқылы жақсы мінез - құлыққа тәрбиелеу;

- Өмірге деген құштарлығын,ниетін ояту және өзара сыйластықты дамыту;

- Қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге және мейірімді болуға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

- Ізгілікке, имандылыққа, қайырымды болуға, адам бойындағы асыл қасиеттерді санаға сіңіреді;

- Шынайы өмір сүре білу керегін ұғынады.

Табыс критериі

- адамдық асыл қасиеттерді ажырата білемін;

- жақсы сөздің құндылығын түсінемін;

- жақсы сөздерді үнемі қолданамын.

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Жаңа ұғымды қалыптастыру

Тақырыпты ашуға байланысты тәсілдер

Блум таксономиясы, қызығушылықты ояту, шаттық шеңбері, ой қозғау, ойын-жаттығу, ертегі терапиясы, ойлан тап, жүректен жүрекке

Сабақтың көрнекілігі

интерактивтті тақта, тақырыпқа байланысты слайд

Сабақтың жоспары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Қызығушылықты ояту


Шаттық шеңбері
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер қандай көңіл - күйдесіңдер?
Бір - біріміздің қолымыздан ұстаған кезде нені сезініп тұрмыз? Жақсы көңіл - күйді сезініп тұрмыз ба?

Ендеше бәріміз бірге мына өлең шумақтарын айтып шығайық:

Бүгінгі сынып сағатының тақырыбы: «Кең болсын адам пейілі» деп аталады. Бүгін біз осы тақырыпта әңгімелесетін боламыз.





Оқушылардың жауаптары.


Ой - жүйрік, тіл - шебер,
Танытса шындықты.
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөзді тауып ұқыпты.
«Сіз», «біз»деген жылы сөз,
Жақсылықтың мейірі.
Бір - біріне болып көз,
Кең болсын адам пейілі.

Білу

(5 мин)

Ой қозғау. Әңгімелесу.
1. Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?
2. Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
3. Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
4. Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөздер айтқыларың келеді?

- «Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырайды. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады. Тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.



Оқушылар өз ойларын ортаға салады

Топқа бөлу

(5 мин)

Мақал - мәтел арқылы топқа бөліну.
І топ «Қайырымдылық - жылы жүректен»
ІІ топ Адамның сұлулығы – имандылығында
ІІІ топ Ең жақсы әдет – ізгілік пен жомарттық

Топқа бөлінеді
1 - топ «Қайырымдылық»
2 - топ «Имандылық»
3 - топ «Ізгілік»

Құралған топтар сол сөздердің мәнін ашып, талдайды.

Түсіну

(7 мин)

Бейнеролик «Алтын жүректі адам»

Оқушылар өз ойларын ортаға салады

Қолдану

(5 мин)

Ойын - жаттығу
1 - топ. Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.
2 - топ. Тұтынушы мен сатушының арасындағы сыпайы қарым - қатынастан үзінді.
3 - топ. Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалогтан үзінді.

Берілген тапсырмалар бойынша жақсы сөздерді қатыстыра отырып, көрініс көрсетеді.

Талдау

(10 мин)

Шығармашылық жұмыс: Ертегі терапиясы.

Керекті сөздер: қуаныш,махаббат, тыныштық, мейірімділік, қызғаныш, ашу, бақыт, батылдылық, қорқыныш.

- өмірде барлығы бірге жүреді,өз өмірің өз қолыңда, сондықтан да бақытты болғың келсе мейірімділікпен барлығын жеңуге болатынын ұмытпаңдар балалар!

Оқушылар дәптерлеріне тақтада слайд арқылы көрсетілген эмоцияларға байланысты ертегі құрастырады. Осы ертегіні құрастыра отырып оқушылар өздеріне не түйгендігі туралы оқып береді.

Жинақтау

(5 мин)

Ойлан тап  «Мақалды аяқта»

1. Мейірімділікті  (анадан) үйрен

2. Мейірімділік – (жүректен), мейірімсіздік - білектен.

3. Көп тыңда, аз (сөйле.)

4. (Кішіпейілділік ) - кісінің көркі.

5. Ұлық болсаң – (кішік ) бол.

Оқушыларға мақалдар оқылады сол мақалдың ойын жалғастыру қажет.


Кері байланыс

(2 мин)

Жүректен жүрекке

Oқyшылap ақ парақты алып өз қолдарының силуэтін салып жақсы  бір қасиетін жазады. Ақ қағаздың жоғарғы жағына оқушы өз атын жазып қояды. Мұғалім қолымен бір рет шапалақтаған кезде, оқушылар қағаздарын бір–бірлеріне беріп жаныныдаға оқушының жақсы қасиетін жазады. Барлық оқушылар жазып болған соң, жазылған қағазды өздеріне ескерткіш ретінде алып қалады.

Бағалау

(3 мин)

«Мен мейірімді боламын» тақырыбында шағын әңгіме жазу.

«Мен мейірімді боламын» тақырыбында шағын әңгіме жазады.

Қорытынды

(1 мин)

- Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
527
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі