Ақмола
облысы
Целиноград
ауданы
Қосшы елді
мекені
№2 Қосшы орта
мектебі
Бастауыш сынып
мұғалімі
Ыбырайқызы
Рыскүл
Кітап –
асыл қазына
Сабақтың мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін
арттырып кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, кітап
оқуға баулу.
Көрнекілігі: Кітап көрме
“
Кітап-өлмейтін дүние
“,
Кітап туралы қанатты
сөздер,мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Кітапхана
сөзіне топтастыру.
Жаңа
сабақ :
1-бет.
Кітап тарихы.
Кітап тарихы, жасалу жолдары
жайында сынып оқушылары айтып
береді.
1-оқушы:
Алғашқы
кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар,
ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты.
Біреулер ол кітаптарды
өздерінің қолындығы ққулықтар сияқты болар деп ойлап қалуы мүмкін.
Ол кезде мұндай кітаптар қайдан бола қойсын, балшықтан жасалыпты.
Онда ойыншық кітап болар деп ойлар тағы біреулер. Тіпті олай емес.
Оқитын кітап. Ол қалай жасалады дейсің ғой? Жұмсақ балшықтан қыш
жасапб бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген.
Содан соң отқа күйдірілген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп, тіпті
кітапхана жасақталған.
Ал Қытайда
бамбуктен жұқа таяқшалар әзірленіп,соған жазған. Таяқшадларды жіпке
тізіп қойған. Келе - келе жазуға жібек маталарды
пайдаланған.
2-оқушы:
Біздің
заманымыздың II ғасырында қағаз дүниеге келген.
Ал Ежелгі Египет кітап
сөздерін тасқа қашап жазған. Біздің жартастағы жазуларды өздерін де
көзбен немесе суретінен көрген боларсыңдар. Ежелгі ата-бабаларымыз
да сөйткен ғой. Одан кейін папирусқа, қамыс тәрізді өсімдіктің
жапырағын нағыздап, бір-біріне желімдеп, соған жазған. Ондай
кітаптардың ұзындығы ондаған метрге жеткен. Ондай кітаптарды қалай
сақтаған? Шиыршықтап орапб түтікшеге салып қойған. Греция, Рим 2
мың жыл бойы осындай кітаптар шығарып
келген.
3-оқушы:
Біздің
заманымыздың II ғасырында Пергам патшалығында кітап жазуға арналған
тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың
терісінен әзірлеген( осыдан біраз жыл бұрын біздің Қожа Ахмет
Иассауи бабамыздың өлеңдері жазылған пергамент табылғанын білетін
боласындар.) Ал Пергам патшалығы б.з.б 283 - 133 жылдар аралығындағы Кіші Азияның солтүстік
батыс жағында өмір сүрген. Римнің ықпалында
болған.
Папирус
пен пергамент қымбатқа түскендіктен, Греция мен Рим бетіне балауыз
жағылған тақталарға үшкір таяқшамен із қалдырып
жазған.
Сөйте - сөйте XIII ғасырда Еуропада кітап шығарудың
негізгі материалы қағаз пайда болған.
Осылай,
кітап қазіргі күйіне жету үшін қаншама заманды, қаншама ғасырларды
артқа тастаған.
2-бет.
Кітап баспасы.
4-оқушы:
Кітап -
арабтың «жазу» деген сөзі. Кітап - рухани қазына, өмір айнасы,
замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы.
Алғашқы кітап жазу құпиясын
тек дінбасылар мен монахтар ғана білген. Сондықтан, дүние жүзіндегі
тұңғыш кітаптар еврей еліндегі « Таурат», қытай
тіліндегі
«Конфуция», парсы тіліндегі « Інжу»
Евангедиеев, араб тіліндегі « Құран».
Алғашқы
кітап басылымы ағаштан жасалды. Каллиграфия қалыбы XI ғасырда пайда
болды. Ал 1045 жылы шың елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді
(Литер) жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет XV ғасырда неміс
өнертапқышы И. Гутеньерг баспа станогын жасады. Русьте тұңғыш
басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып
шығарды.
5-оқушы: Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң
қалыптасты. Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған « Оғызнама»,
Махмұд Қашқаридың
« Диуани
лұғати –
ат - түрке» т.б кітаптары болды. 1800 жылы тұңғыш
қазақша кітаптар шығарыла бастады. Төңкерістен кейін өзімізде
шықты. Қазақ тілінде кітап басып шығару ісіне Татарстан,
Өзбекстанның прогресшіл басшылары едәуір ат
салысқан.
3-бет.
Кітап туралы не білеміз?
6-оқушы: Адамзат қауымы өзінің ілгері дамуында бір белеске
қол жеткіздім, білімді, мәдениетті болдым, айтшылық алыс қиырларға
бір сағатта жететін техпрогресті егердім десе, бәрі де кітап
өнерінің дамуымен тікелей байланысты.
Кітап - білім бұлағы! Кітап – даналардың данасы. Оған жететін
бірде -
бір құндылық
жоқ.
Жер
жүзіндегі ең үлкен энциклопедия - «Суретті евроамерикандық әмбебап Энциклопедия».
Басылымы 105мың беттен тұрады. 1983 жылдың тамызында
энциклопедияның 104 томы жарық көрген.
Әлемде
мұндай аты шулы басылымдар аз емес. Дамыған мәдениетті елдер келер
ұрпаққа қажетті негізгі білім қайнарларын осындай ірі-ірі
басылымдарға жинақтап, буып-түйіп, болашақ күндерге аманаттап
отыр.
4-бет.
Кітап туралы толғау.
7-оқушы: Біздің ата-бабамыз « Кітап-көп ақылдың құйылған
көлі»,
«Кітап-білім бұлағы», « Кітап- ғажап дос» деп
бекер айтпаған. Барлық білімді біз кітаптан аламыз, кітап бізді
қайырымдылыққа, адалдыққа, әділеттілікке, зұлымдылықпен күресуге
үйретеді.
Кітап
арқылы біз өткенге көз жібереміз, жақсысынан тағылым аламыз. Қымбат
мұра ретінде бағалаймыз. Кітап туралы: « Мен одан қайырымды көршіні
, одан әділ досты, одан асқан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс
ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін»,- деген екен араб
жазушысы Әл-Жиһаз.
Кітап қай
заманда да өзінің құнын жоғалтпаған. Кітап- өлмейтін дүние. Мұны
дүние санатына жатқызудың өзі артық. Адамды адам еткен, тобыр
деңгейінен көтерген фактор ең бірінші кітап
еді.
Кітап
туралы данышпандар аз айтып, аз жазбаған. Соның бірі антика
дәуірінің әйгілі ғұламаларының бірі Плинийдің «нет такой книги, из
которой нельзя было бы извлеч пользы» деген сөздері кітап біткеннің
бәрі көне заманнан бері адамзат баласының тек кәдесіне ғана жара
келе жатқанының айғағы болса керек. Ендеше оны қайта түлету
мемлекеттің ғана емес, ел болашағын ойлаған барша зиялы қауымының
да ісі болмақ.
5-бет.
« Білімнің көзі-кітапта»
Мақал
–мәтелдер мен ғұламалар айтқан нақыл сөздер жарысы. Оқушылар
бір-бір мақал –мәтел немесе сөз айтып
жарысады.
«Кітап
аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін
интеллигент бола бастадым деп санауына болады». М.Әуезов.
«Кітапсыз-
өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен
күн».
«Кітап - адамзат ақыл - ойының, інжу - маржанын бойына жинайды да оларды
ұрпақтан - ұрпаққа
жеткізеді., біз бір уыс топыраққа
айналамыз».
М.
Айбек.
«Кітаптың
қасиеті -
мәңгілік»
«Кітап
- өмір
ұстазы»
«Кітап - көп ақылдың құйылған
көлі»
«Кітап –
білім бұлағы, білім - өмір шырағы»
«Кітап –
біздің досымыз ғана емес, мәңгілік тұрақты
серігіміз»
«Кітап –
ел мен жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, төзімділікке
баулиды»
«Кітап-
мидың миуасы»
М.
Әлімбаев
Қорытынды:
Кітаптың
қасиеті мәңгілік. Ол қасиет қалам ұстаған сөз зергерлерінің ғана
емес, өзін қоғамның белді мүшесімін деп есептейтін әрбір адамның
бойына дарығанда ғана өмір нұрлы болмақ. Олай болатын себебі
«Оқымасақ ой тоқырайды» демекші оқу, білім тоқтаған жерде рухани
өсу, жетілу тежеледі.
Қандай да
өркениетті елдің дамуында білім, ғылым, мәдениет басты орын ала
отырып, кітап оқуға деген құштарлық та артта береді. Кітаптан асқан
қазына жоқ. Ешқандай байлық , дүние оның орнын баса
алмайды.