Сынып сағаты "Мен және менің құқығым" 7 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты "Мен және менің құқығым" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған сабақтан тыс шаралар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні 02.02.2021

Сыныбы: 7Б

Мұғалім: Аязбаева Асем Темиргалиевна

Тақырыбы

Мен және менің құқығым

Мақсаты

- Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;
- Ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту;
- Оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру;

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, бейнежазбалар

Көрнекі құрал-жабдықтар

Нақыл сөздер, бала құқығы туралы конвенция

Сабақтың өту барысы

Тәрбие сағатқа жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады.
Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.


Миға шабуыл

Видеороликтер көрсету

Нұсқау:

Ватсап желісі арқылы бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтесіздер

Сабақтың ортасы



























Сабақтың соңы

















Кері байланыс

«Біз неге құқылымыз?» сұрақ-жауап ойыны.
1. Құқық деген не?
- Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.
2. Құқық немен қорғалады?
- Заңмен қорғалады.
3. Адам құқығының қорғалуы қай елде бастау алған? 1789жылы. Францияда.
4. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?(БҰҰ. )
5. БҰҰ-ның мақсаты не?
- Әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
6. Қазақстан БҰұ-на қашан мүше болды?
- 1992жылы. 2-наурыз.
7. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шарттар қабылдады?
- Бала құқығы туралы конвенция.
8. Бала болып кімдер саналады?
- 18 жасқа толмағандар бала болып саналады.
9. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
- 1995жылы Нью-Йорк қаласында 156 мемлекет болып қол қойды.
10. Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?
- Парламент шығарады.
«Қызықты сұрақтар»
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?

«Бәріміз бірге!»
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.
в) ҚР кім басқарады? – Президент.

Қорытынды
Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті.
Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».

Ватсап желісі арқылы кері байланыс алу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
23.02.2021
562
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі