|
|
Мектеп: Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана |
|||
|
Мерзімі: 5.02.2020 |
Тәрбиешілер: Абдигалиева Ж.Л |
|||
|
Қатысушылар: тәрбиешілер, оқушылар |
Қатысқан оқушылар саны:____ |
Қатыспағандар:_____ |
||
|
Концепт (негізгі идея) |
Мұқағали - поэзияның асқар шыңы |
|||
|
Тұжырымдамалық пайымдау: |
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау; Ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру; |
|||
|
Бағыт: |
Патриоттық , рухани адамгершілік тәрбие беру |
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
|
|||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
- Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау; - Ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты патриоттық адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру; ·Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге ықпал ету |
|||
|
Сабақтың мақсаттары: |
Жасбуынның тарихи танымдарын, дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыру. Отанға, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүріне, отбасына, қоғамға, еліне деген азаматтық жауапгершілікке тәрбиелеу |
|||
|
ОМ |
Дағдылар |
Жетістік критерийлері Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы алдына қойған мақсатына жетеді |
||
|
Ұлы ақынды терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру. |
Мәнерлі сөйлеуге дағдыланады, ойлау қабілеті, шығармашылық ізденістері артады. |
Өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамытады. |
||
|
Пән аралық байланыс |
тарих, қазақ әдебиеті,өзін – өзі тану |
|||
|
АКТ қолдану |
АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану (ноутбук) |
|||
|
Қосымша қолданылған әдіс |
«Оқушы дарындылығын дамыту» бағдарламасының стратегиялары |
|||
|
Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары |
|
|||
|
Жоспар |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 3 мин. Жаңа тақырыпқа қызығушылықты ояту кезеңі |
Ой қозғау сұрақтары 1. Мұқағали нешінші жылы дүниеге келді? 2. Мұқағалидің туған жері. 3. Мұқағали Мақатаевтің әжесінің аты кім? 4.Анасының аты кім? 5.Мұқағали Мақатаевтің поэмаларын атаңыз 6. Мұқағали шығармаларының тақырыбы |
Слайд |
||
|
Негізгі бөлім 7 Мин |
Ақынның өз даусымен жазылған өлеңдерін тыңдау Ақын туралы деректер Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қазақтың басына төнген қайғы-қасіреттің бірнешеуімен тұспа-тұс келді. 1932-33 жылдардағы ашаршылық кезінде ақын небәрі 1-2 жас шамасында болса, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде 6 жаста болады. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Мұқағали Мақатаев 10 жастағы бала екен. Соғыстың салқын қабағы ақынның шаңырағына оңай соққан жоқ. Әкесі Сүлеймен қан майданда қаза тапты. Болашақ ақын ер мінезді әжесі Тиынның тәрбиесін көріп, аңыз-ертегілермен сусындап өседі. Ол өзінің анасы Нағиманды жеңгесі сияқты қабылдап, Нақа деп атап кеткен. Мұқағалидің азат ойлы, ашық пікірлі болуына әжесінің тәрбиесі ықпал етті. Мұқағали Мақатаев 14-15 жасында ақын болуға біржола бел байлап, қазақ әдебиетімен бірге әлемнің барлық классиктерін бір деммен оқып шығады. Соның ішінде Гейне, Гете, Шекспир, Данте, Бальзак, Драйзер, Гюго, Байрон, Лондон сияқты классиктерді жоғары бағалайды. Ол өзінің заманындағы барлық адамның қолы жете бермейтін бірнеше оқу орнына жеке ізденісінің арқасында қабылданады. Алғашында ҚазМУ-дің филология факультетіне, содан кейін шет тілдер институтына, артынша ҚазМУ-дің заң факультетіне оқуға түседі. Жазушылар одағының жолдамасымен 1973 жылы Мәскеудің М.Горкий атындағы Әдебиет институтының студенті атанады. Мұқағали Мақатаев еңбек жолын ауылдағы мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастады. Оның орыс тіліне жетік болуы, әлем әдебиетін оқуына септік болды. Кейін аудандық газетте тілші болып қызмет істеді. Ақын-жазушының басы қосылған рухани астанамыз Алматыға келіп, әдеби ортаға тап болады. Үлкен шаһарда пәтерден пәтерге, қызметтен қызметке ауысып, тұрмыс тапшылығымен бетпе-бет келеді. Бірақ, Мұқағали өзінің ақындық талантының пайдасын көп көрді . Жыл сайын кітабы шығып, қаламақыға қомақты қаржы алып отыратын еді. Оның талантты ақын екенін танып, бүкіл жұртқа «Қазақ әдебиеті» газетінде Әбділдә Тәжібаев алғашқы болып жария етеді. Ақынның тағдыры оңай болмаған. Оның тұңғыш қызы Ләззат қайтыс болып, кейіннен сүйікті қызы Майгүл көлік апатынан қаза табады. Оның қыздарына арнаған өлеңдері қазақ әдебиетінің классикалық туындыларының қатарында тұр. Мұқағали ауруға шалдығып, өмірінің аз бөлігі қалғанын дәрігерлерден біліп алады. Содан бар мүмкіндігін өлең жазуға арнап, 12 жылдың ішінде 8 жыр жинағы жарық көреді. Ақынның барлық тағдыры өзінің өлеңдерінде шынайы көрініс береді. Оның «Асығу керек, асығу керек қалайда! Уақыт саған қарай ма?!» деген өлеңі ауруға шалдыққан жылдары жазылған. Өмірге соншалықты ғашық болған ақын жаралы тәнімен қазаққа үлкен мұра қалдырды. Ол жарты ғасырға жуық ғұмырында 1000-нан астам өлең, «Ильич», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек!», «Моцарт. Жан азасы» деген поэмалар жазды. «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері мен «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестерін, «Қош, махаббат» пьесасын жарыққа шығарды. Аударма салында да бақ сынап, Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» деген бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін аударды. |
https://www.youtube.com/watch?v=tHDr7qAgI
бейнебаян көрсетіледі |
||
|
Қорытынды 5 мин. |
«Ақын поэзиясына менің үлесім» – оқушылар өздерінің шығарған немесе ақынның кез келге өлеңін оқиды Жексенбаева Гульжайна – М.Мақатаев «Отан» Атиғолла Айханым – «Пай-пай өмір!» Таңатова Ақерке - «Аласарып Ай батқан» Баймағанбет Фарида - Мұқағалиға арнап шығарған өлеңін оқиды.
|
|
||
|
|
|
|
||
|
Сабақтың соңы: Түйін Кері байланыс 3 мин. |
Өзіме не алдым? Бүгінгі тәрбие сағатынан қандай түйін түйдіңіз?
|
|
||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
сынып сағаты Мұқағали мақатаев

шағым қалдыра аласыз