Сынып сағаты "Наурыз мейрамы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты "Наурыз мейрамы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

«Шаған жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






ТӘРБИЕ САҒАТЫ

22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Наурыз - жыл басы)

Picture 1 Сынып: 5 «ә»



Сынып жетекшісі:Ізмағанбетова Ә.Ш.












2020-2021 оқу жылы

Тәрбие сағатының жоспары

Бекітемін:

Мерзімі: 19.03.2021 жыл

Сынып: 5 «ә»

Сынып жетекшісі: Ізмағанбетова Ә.Ш.

Тәрбие сағат тақырыбы: «Наурыз - жыл басы»
Тәрбие сағат мақсаты: Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;
Көрнекілік: нақыл сөздер, суреттер.

Тәрбие сағатының барысы:

І.Сәлеметсізбе, балалар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 
— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. 
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! 
Мал біткеннің бал татыған ұызды, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аман ба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 
ІІ. Әңгімелесу 
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген 
ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 
Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Ол халықтың орналасқан жеріне байланысты. Біздің елімізде әдеттегідей Жаңа жылды 22-ші наурызда қарсы алған.
Наурыз – шығыселдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурыз – табиғаттың жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұлк үнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару,жаңару күні деп қарсы алған.
Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы – наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады.

Оқушы: «Ұлыстың ұлы күні» жайында аңыз

Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп жариялайды. 
Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео. Осылайша «нау» сөзі үнді-еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған.

Оқушы: 
Наурыз неге жыл басы?

Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім жылдың шартты түрде үш үш айынан: наурыз, сәуір, мамыр көктем, маусым, шілде, тамыз жаз, қыркүйек, қазан, қараша күз, желтоқсан, қаңтар, ақпан қыс мезгілдері болып бөлінетіні баршамызға аян. Көктем наурыздың 22-інен, жаз маусымның 22-інен, күз қыркүйектің 23-інен, қыс желтоқсанның 23-інен басталады. Ендеше, Жаңа жылымыздың дәл 22 наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді.
Оқушы: 
Наурызды кім қалай тойлаған?
Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының 
Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған:

Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған.
Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.
Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған.
Ескі киімдерін тастаған.
Ескірген шыны аяқты сындырған.
Бір-біріне гүл сыйлаған.
Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салған.
Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген.
Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген.
Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.

Оқушы: 
Наурыз атаулары, Наурыз көже

Наурыз мейрамына байланысты мынадай атаулар бар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы

ІІІ. Жұмбақ 

— Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: 
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
(дастархан) 
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 
Қазақтың ұлттық тағамдары, 
Жасымнан жақын маған бәрі. 
Теңермес ем оларға мен, 
Ешбір асты ғаламдағы. 
— Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді. 

ІV. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру 

Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз береміз. 
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз Әсел апайымызға беріледі. 

V. Ұлттық ойын «Арқан тартыс» 

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс) 
— Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) 
Рахмет! Отырамыз! 

Мұғалім: -Балалар,халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап,қуаныш әкеледі,жақсылық шашады екен.

Балалар,бізге де Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті.Кәне,соны шешіп көрейік.

1.-Не тәтті?-Ананың сүті тәтті.

-Не жұмсақ?-Ананың алақаны жұмсақ.

-Не жетім?-Жаңбыр жаумаса-жер жетім,

Басшысы болмаса-ел жетім,

Тыңдаусыз сөз жетім.

2.-Қандай ырым,тыйым сөздер білесіңдер?

1.Малды теппе,ақты төкпе.

2.Отты шашпа.күлді баспа.

3.Бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма.

4.Бүйіріңді таянба.

5.Есікті керме.

6.Тұзды шашпа.

7.Асты оң қолыңмен алып же.

8.Нанды бір қолмен үзбе.

9.Түнде құдыққа барма,құдыққа түкірме.

10.Түнде тырнақ,шаш алмайды.

3.-Жеті ата дегеніміз кімдер?Жеті атаңды ата?

-Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.(өзінің жеті

атасын атап шығады)

4.Малды жаятын,бағатын адамды кім деп атайды және

төрт-түліктің пірлерін ата және оларды қалай шақырады?

-Мал бағатын адамды малшы дейді.

1) Сиырдың пірі-Зеңгібаба.Оны ахау-ахау деп шақырады.

2) Жылқының пірі-Қамбар ата.Оны құрау-құрау деп шақырады.

3) Түйенің пірі-Ойсылқара.Оны көс-көс деп шақырады.

4) Қойдың пірі-Шопан ата.Оны пұшайт-пұшайт деп шақырады.

5) Ешкінің пірі-Сексек ата.Оны шөре-шөре деп шақырады.

5.-Жыл аттарын айтып беріңдер?

-Тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,

тауық,ит,доңыз.

6. Қазақтың ұлттық тағамы наурыз көже қалай даярланады?

-Наурыз көже қыстан соғымнан алынып,арнайы сақталып қойған сүр еттен,қазыдан пісіріледі.Оған жеті түрлі дән қосылады.Өйткені, қазақта жеті саны киелі сан болып есептелі-

неді.Оған жүгері,бидай,айран,кеспе,қазы,т.б.қосылады.

VI. Қорытындылау 

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата туралы Батима апайдың әңгімесін тыңдайық. 
Рахмет! 
Тәрбиеші: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп, 
Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп. 
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, 
Табиғат барша жанға рахым етіп. 
Жетпекке үлкендікке жас балалар, 
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. 
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай, 
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп. 
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып, 
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп. 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.03.2021
4996
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі