Сынып сағатының
тақырыбы:
«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие
жаршысы».
Мақсаты:
1.Оқушылардың отбасы,
жанұя, мектеп
туралы
білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын
дәріптеу.
2.Оқушылардың естес ақтау, ойлау
қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын
дамыту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке,
ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын
сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтүрі: сыныптан тыс шара.
Әдісі:әңгімелеу, топтастыру,
сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар:
отбасы, мектеп
туралы слайд, бейне ролик, суреттер.
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлемдесу назарын аудару,
психологиялық ахуал туғыз.
Қане, қане,
тұрайық,
Үлкен шеңбер
құрайық.
Тұрсақ үлкен
шеңберге,
Алақанға
ұрайық.
Психологиялық
сәт.
«Еркелету» жылулық
шеңбері.
(Ата-аналарыңның өздерін
еркелеткен сөздерін айту.)
ІІ. Негізгі
бөлім.
Жұмбақ жасыру.
Маған да, саған
да,
Жақын, туыс
адамдар.
Бәрі де өз
жұртың,
Айтыңдар, олар, кім ?
(Отбасы)
- Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы
екен.
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп
тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір -
біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан
басындағы отбасы мүшелерін көріп
отырмыз.
Отбасы туралы әңгімелеу.
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы деген не?
-Отбасы құрамы деген кімдер?
-Отбасының адам өміріндегі маңызы
қандай?
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние
есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер
жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала
тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң
қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі
баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе
жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың
тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып
табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие
мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді
қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында
қаланады.
Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке,
ана, бала отбасы шағының үш тағаны
іспеттес.
Ендеше үш топқа
бөлінейік.
«Ата - ана»
тобы.
Ата-ана туралы ән.
«Бала»
тобы.
Бесік жыры.
«Мектеп»
тобы.
Мектебім
әні.
Топтық жұмыс ережелерін есте
сақтау.
1.Тыңдай білу.
2.Өзара
сыйластық.
3. Белсенділік.
4. Қол көтеріп
сөйлеу.
5.Уақыт үнемдеу.
Бейнеролик
көрсету.
«Бақытты отбасы
үлгісі»
Бейнеролик бойынша сұрақтар
қойылады.
Балалар біз өзіміздің «Бақытты отбасымыздың»
үлгісін құрастырайық.
Ол үшін бақытты отбасының құрамын анықтап
алайық.
Ойын: " Бұл
кім?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға
баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін
табу.
1. Айтары мол
ғұлама,
Көп жасасын бұл
адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.Ол кім? Атаның суретін
іледі.
2. Ертегі айтып
береді,
Күнімен саған
ереді.
Әкешіңнің анасы,
Әкең оған баласы. Ол кім? Әженің суретін
іледі.
3. Атаңның
баласы,
Кей кезде
таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады
кәдеге.
Ол кім?Әкесінің суретін
іледі.
4. Бала бала, бала
деп,
Түнде шошып
оянған
Түн ұйқысын төрт
бөліп
Түнде бесік
таянған.
Қолын қатты
тигізбей,
Кірлі көйлек
кигізбей.
Иісін жұпар
аңқытқан.
Бұл кім? Ананың суретін
іледі.
Бiлiмнен мол сый -
асы,
Балғындардың
ұясы. (Мектеп)
Сергіту
сәті.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң - тозаңды қуамын.
Топтық
жұмыс.
Сұрақ –
жауап:
1
топ.
1. Балдан тәтті кім?
(бала)
2. « Үлкенге көмек» дегенді
қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын
көтеріп,
айтқандарын істеу
керек.)
3. Мектепті жақсы көру дегенді
қалай түсінесің?
2
топ.
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға,
қарындас, әпке, сіңілі,іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай
қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға,
іні)
3. Мектепке не үшін
келесің?
3 топ.
1. Отбасының басшысы кім? (
Әке)
2. Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып,
бақытты өмір сүруі үшін қандай бала болуларың
керек?
3. Үлгілі оқушы болу үшін не
істеу қажет?
Қорытындылау.
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз,
қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы
айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Осы отбасынан алған
тәрбиемізді, мектепте алған білімімізбен нығайта түсеміз. Әрқашан
отбасы мүшелерін, ұстаздарымызды сыйлап, құрметтеу керек. Отбасы
мүшелері аман – сау болсын!
« Оралхан Бөкей атындағы № 44
лицейі» КММ
Сынып
сағаты
Тақырыбы:
«Отбасы – тәрбие
басы,
мектеп – тәрбие
жаршысы»
Сыныбы : 1
«А»
Сынып жетекшісі:
Наккажина Д.К.
2019-2020 оқу
жылы