сынып сағаты "Өз елімнің азаматымын" 2-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сынып сағаты "Өз елімнің азаматымын" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып сағатында түгел бастауыш сыныптары қатысқан. сабақта әр түрлі сұрақтар болды, коллаж жасалды. қызықты өтті
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Тауағаш орта мектебі»КММ

















Мен - өз елімнің азаматымын!








Молдыбаева А.Ж.

























Мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Азамат» деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту.


Кіріспе.
- Балалар «азамат» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- «Азамат» қандай болу керек деп ойлайсыздар?

- Сен өз еліңді қалай сүйесің?
- Нағыз азамат – деп кімді атар едің?

Мұғалім сөзі: Ел іші - алтын бесік»- деп бекер айтылмаған. Әрбір адам туғаннан - ақ ел бесігінде тербеледі. Олай дейтінім ол сол елдің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен дем алып, табиғатымен біте қайнасады. Елмен бірге болып суығына төзеді, ыстығына шыдап өз елімен бірге тәрбиеленеді.
Балалар үлкендер біздерге «Жарайсың», «Ой, азамат», «Үлкен азамат бол»- деп ризашылықтарын білдіріп жатады. Кәнекей ой бөлісейікші.
Оқушылар пікірі.
АЗАМАТ сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар.
А - адал
З - зейінді
А - ардақты
М - мейірімді
А - абыройлы
Т - тәрбиелі
Мінекей балалар Сендер азамат сөзінің мән мағынасын түсіндіңдер.
Сендер Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырсыңдар.
- Балалар біздер бүгінгі сабақта нұр сәулесінен қуат алып білімімізді тиянақтап үнемі елдің алғысына бөленіп, үлкендерден бата алып, кішілердің құрметіне бөленіп, тәуелсіз қазақстанды көркейтетін нағыз елжанды азамат болуды үйрендік. Абай атамыздың 14 қара сөзінде «Адам бойындағы ең қымбаты - оның жүрегі». Мейрімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдау, оған өзіне тілейтін тілек тілейтінің барлығы жүректің қалауы. Адам болып туу аз. Адам бола білу керек!. «Адам болу қағидасын мұрат ет»- дейді. Абай атамызды «Ғажайып сөздер» айдарымен толықтырар болсақ;
- елінің беделін көтеретін;
- елінің атын шығаратын;
- елінің қамын ойлайтын;
- елі үшін еңбек ететін;
- елі үшін өмір сүретін - нағыз АЗАМАТ Сендерсіңдер. Мен сендерге сенемін.

Жүректен жүрекке
Балалар еліне деген мақтанышын ән жолдары арқылы білдіреді. Олар шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып ән айтады. Е. Хасанғалиевтың Атамекен әнін бәрі бірге айтады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1079
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі