Материалдар / сынып сағаты "Патриоттық сезім дегеніміз не?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сынып сағаты "Патриоттық сезім дегеніміз не?"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілергі апталық өткізген мұғалімдерге пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2018
1186
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

№ 8 Б е с о б а о р т а м е к т е б і

















(6 сынып)

Тақырыбы: Патриоттық сезім деген не?



Дайындаған: Тарих пәнінің мұғалімі
Әшірбеков А.Т.Т

















2014 - 2015 оқу жылы


Page 2

Тақырыбы: Патриоттық сезім деген не?

Мақсаты:
 Оқушы бойына патриотизм, азаматтық, төзімділік, рухани өнегелікті қалыптастыру
 Оқушы бойына Отанға, туған жерге, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілік,
қоршаған ортаға, отбасына деген гуманистік қарым – қатынас сезімдерін ояту
 Оқушының танымдық белсенділігін артыру

Көрнекілік: Қанатты сөздер, мақал – мәтелдер, суреттер, слайдтар, «Көпір тапсырмасы»
стратегиясы, т.б.
Әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, постер қорғау

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:
 Оқушылармен сәлемдесу
 Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру
«Ыстық доп» старатегиясы арқылы оқушылар бір-бірлеріне бүгінгі сабаққа байланысты тілектерін
айтады.
 Сыныпты топқа бөлу
Сыныпты түстер арқылы 4 топқа бөлемін

ІІ Ой ашар кезеңі
«Біздің бұл дүниеде бір ғана отанымыз бар, ол тәуелсіз - Қазақстан»
Н.Ә.Назарбаев.
1. Тәуелсіз – Қазақстан қандай мемлекет?
2. Біз тәуелсіз – Қазақстанның гүлденуіне қандай үлес қоса аламыз?
3. Қазақстан азаматы ретінде біз қандай болып өсуіміз керек?

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушы бойына патриоттық қасиет оның іс -әрекетімен, ата-ұстаз, қоршаған
ортаның іс-әрекеттерінің бірінің – бірімен байланысуы арқылы жүзеге асады.
Қазақстандық патриотизм сезімнің қалыптасуында күнделікті өмірдегі және тұрмыстық
сана деңгейіндегі қатынастарды дұрыс пайдалана білудің маңыздылығы бар.
Сондықтан бүгінгі «Патриоттық сезім деген не?» тақырыбындағы сынып
сағатымызда патриоттық сезімнің ғылыми мағынасын аша отырып, патриоттық сезім
туралы өз ойларымызды ортаға салмақпыз.

1 оқушы:
Патриот – өз Отанын сүйетін, өз халқына берілген, өз отанының мүдделері
жолында өзін құрбан ететін, ерлік жасайтын адам. Ал патриотизм қасиетті ұғым.
Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын,ерік –
жігерін, Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің
әдет – ғұрыпы мен салт – дәстүрін құрметтеу.
Патриотизм – біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз, үздіксіз тәрбиенің нәтижесінде
орнатылатын ұлы сезім. Патриоттық тәрбие – ананың ақ сүтімен, есейе келе өскен
ортасына, қалыптасқан қоғамына байланысты дамитын үздіксіз тәрбиенің жемісі.
Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең, халқымыздың сонау көне
заманнан бүгінге дейінгі сандаған ғасырлық болмысының, дүниетану көзқарасының салты
мен дәстүрінің көрінісі іспеттес.


Page 3

2 оқушы:
Қазақ ұлттық энциклопедиясында «Патриотизм – отаншылдық, отансүйгіштік,
адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт – дәстүріне, мәдениетіне деген
сүйіспеншілік сезімі» деген анықтама берілген.
Отансүйгіштік сезім – ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа жақтан
көрініс табатын, мәңгілік ұғым.
 Отансүйгіштік – өз ұлтының тілін, дінін, дәстүрін сүюдің белгісі. Халық
отансүйгіштікке тәрбиелеу арқылы ұрпағының ұлттық намысын оятады.
 Отансүйгіштік – өзінің туып-өскен жеріне сүйіспеншілігі, өз ұлтының
ынтымақ-бірлігі, мәдениеті, салт-дәстүрі
Тәрбиенің басты бағыттарының бірі – азаматтық-патриоттық, құқықтық және
полимәдениеттік, тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және
құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық
ұстанымды және патриоттық сананы әлеуметтік, діни төзімділікті қалыптастыруға тиіс.

Мұғалімнің сөзі:
Патриоттық тәрбиеде оқушы өзінің отбасына, туған жеріне, Отанына оның тарихы
мен әдет – ғұрпы, салт – дәстүріне, тіліне, өнеріне деген шынайы махаббатты және
еліміздің рәміздеріне деген құрмет көрсету арқылы ғана патриоттық қасиетке ие болуын
көрсете алады.
Оқушы патриоттық сезім арқылы өзінің бойына мынандай қасиеттерді
қалыптастыра алады:
1. Азаматтық
2. Адамгершілік
3. Өзін – өзі бағалау
4. Тұлғалық
5. Белсенділік
6. Бауырмалдылық
7. Отаншылдық

ІІІ Топтық жұмыс
Оқушылар «Көпір тапсырмасы» стратегиясы арқылы патриоттық сезім туралы өз ойларын
ортаға салады

«Патриоттық сезім деген не?» тақырыбында өткен пікірталаста айтылған мәселелер мен
сұрақтар:
І топ
1. Оқушы бойында Отанға, жеріне еліне, деген сүйіспеншілік қалай пайда болады?
2. Оқушы бойындағы патриоттық сезімнің қалыптасуына қандай орталар әсерін
тигізеді?
ІІ топ
1. Қандай тәрбие жолымен патриоттық тұлға қалыптастыруға бет бұра аламыз?
2. Патриоттық рухтағы қандай өлеңдерді білесіңдер?
ІІІ топ
1. Екінің бірін патриот деуге бола ма?
2. Иманды болу патриоттыққа жата ма?
ІҮ топ
1. Нағыз патриот қандай болу керек?
2. Қазақстанның патриот азаматы ретінде болашағыңа қандай жоспарлар құра
аласың?


Page 4

ІҮ Сергіту сәті

Қазақтай ел қайда?

Көңілі күндей шалқыған, қазақтай ел қайда?
Даласы жусан аңқыған, өзіңдей жер қайда? киелі,
Таусылмас саған айтарым, ардақтап өтейін.
Бабадан қалған байтағым, садағаң кетейін.

Қайырмасы:

Күлімдеп жатқан көлден,
Көкорай шалғын белден,
Құбыла соққан желден айналайын!
Тілегін тәңір берген,
Қасиет қонған елден,
Ел үшін туған ерден айналайын!

3 оқушы:
Көпұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезім ұлтаралық келісім мен татулық,
саяси тұрақтылық қана емес, мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей
ықпалы зор. Отансүйгіштік сезім – еліміздің дүниежүзілік қоғамдастықтың толыққанды
мүшесі ретінде қалыптастыру тарихында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізетін басты
күш. Сан ғасырлар бойы отансүйгіштік сезімнің үлгілерін халқымыздың тарихы дәлелдеп
берді. Ұлан байтақ жерді ата-бабамыздың қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай
аман сақтауы – осы қасиетті бірлік, отансүйгіштік.
Қазіргі уақытта қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ісі мемлекеттік
идеялогияның темірқазығына айналуының өзі бекер емес. Қоғамның әрбір саналы азаматы
өзінің мемлекетінің өткеніне, бүгіні мен келешегіне тікелей қатысын, Отанымыздың күш-
қуатын нығайтуға, оның өркениет жолымен үздіксіз алға жылжуына жауапты екенін
сезінуі тиіс.

4 оқушы:
Жас ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, өз елі үшін
мақтаныш сезімі, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен
Конституциялық міндеттерді орындауға деген дайындығын тәрбиелеуде мектепте
Қазақстан тарихын оқып үйренудің маңызы зор.
Қазақстан тарихын мектепте оқыту Қазақстан жерін көне заманнан бүгінге дейін
мекендеп келген халықтың, азаматтың жүріп өткен тарихи жолын, тарихи білімдер негізін
игеруге, оқушылардың санасында ұлттық бірлікті қалыптастыруға, азаматтылық пен
елжандылыққа, ұлтаралық келісім мен төзушілікке тәрбиелеуге, өз халқының және басқа
халықтардың тарихын, мәдениетін құрметтеуге, жеке тұлғаның қалыптасып дамуына
септігін тигізеді.

Патриоттық тәрбие туралы мақал – мәтелдер:
(оқушылар мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіреді)

Ұланы бар елдің ұраны бар.

Көп біріксе ел болар,
Көп тілегі көл болар.


Page 5

Отан – отбасынан басталады.

Ер жігіт елі үшін туады,
Елі үшін өледі.


Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Қазақстандық патриотизм – тек қазақтардың ғана емес, республикада мекендейтін
барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі. «Біздің отанымыз - Қазақстанға» деген
шынайы сүйіспеншілік, оған адалдық, оның тәуелсіздігі мен бостандығын қорғау,
гүлденуге үлес қосу.
Әрине ешкімді де елін, жерін жүрегімен сүйе білуге зорлықпен үйрете алмайсың.
Мұнда қазақ халқының басқалар үшін де аса жауапкершілігі жоғары екенін түсіну қажет.
Қазақстандық патриотизм мен интернационализмнің жарастығының мәні де
осында деп санаймыз.
Бүгінгі сынып сағатымызды Мағжан Жұмабаевтың «Адамның шын мағынасымен,
адам болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектеліп қоймай, жалпы адамзатты
сүюі шарт», - деген сөзімен аяқтай отырып, назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет
демекпін.

Ү Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!