Материалдар / сынып сағаты:"Елімнің бақытын тербеген-Еәуелсіздік"

сынып сағаты:"Елімнің бақытын тербеген-Еәуелсіздік"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға ,тәрбиелік ,патриоттық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2021
451
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: Елімнің бақытын тербеген – Тәуелсіздік

Мақсаты: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Халқымыздың өткені мен бүгінгі тарихына қысқаша шолу.

Тәрбиелік мақсаты: Әрбір оқушы санасына «Қазақстан – менің Отаным» деген елжандылық рухына тәрбиелеу.

Көрнекілік: Белсенді тақта, нақыл сөздер, Рәміздер, суреттер

Тәрбие сағатының өту барысы:

Сынып тұрады, топ басшысы рапорт береді. «Сынып, Түзел! Тік тұр!»

Бүгінгі кеш қонақтары біздің 6 «ғ» сынып «Еліміздің бақытын тербеген – Тәуелсіздік» атты іс-шараға дайын.

Біздің мақсат: Қазақтың шын ер екенін күллі әлемге таныту.

Біздің ұран: Бірлік қайда болса, ерлік сонда.

1-ші жүргізуші:

Әнұраным – жанұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады.

Республика Әнұраны. (Әнұран орындалады)



2-ші жүргізуші:

Армысыздар, бұл кештің қонақтары,

Халқымның әрқашанда қонақ-бағы.

«Елімнің бақытын тербеген – Тәуелсіздік» атты кешті бастаймыз.



Таразылап тарих пен сараптылық


1-ші жүргізуші:

Сәлем бердік, кешіміздің көрермені,

Қазақтың, ол анық қой, өнер кені.

Тарихи кешімізге қош келдіңіз,

Алдарыңда болашақ өрендері.


2-ші жүргізуші:

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елім, Өз халқым.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.



1-ші жүргізуші


Құтты шаңырақ Отанда,

Білім алған батамда.

Осы тілді сөйлеген,

Бабам менен атамда.


2-ші жүргізуші

«Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған және тарих солармен тағдырлас. Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді» – десеңші!


1-ші жүргізуші

Осындай ауыр кезеңде қазақ хандығының құрылуы, оның негізін қалаған және кейіннен ел басқарған атақты хандар жайлы, ғасырлардағы жыраулар поэзиясы да мәлімет бере алады.


2-ші жүргізуші

Тарихи санамыз мұнымен шектелмей, тереңге ғасырлар қойнауына қарай бет бұрып, қасиетті Қазақ жерінің Ресей империясының құзырына қарауы, отарлау саясатының жүргізілуі халқымыздың және оның жекелеген батыр ұлдарының жоңғар шапқыншылығына қарсы жүз жылдан аса уақыт жүргізген ерлік күресі жөніндегі тарихи білімдерге сусындауда.


1-ші жүргізуші

Менің бабам күйдірген қар аптабы,

Көшіп-қонып, ұрпағы тұрақтады.

Біздің тарих бұл да бір қалың тарих,

Оқысаңыз, білесіз бәрін-дағы.


2-ші жүргізуші

«Ұлт тәуелсіздігінің күнбезіне көк тудың тігілуі, ұлы бабалар Абылай хан, әз Тәуке, ер Есім, Кенесары хандар ірге тасын қалаған ұлағатты істің жалғасы ғасыр соңына дейін созылып, енді шешемін тапқан ұлы мұраттың іргесін бекіткені» – деп білеміз.


1-ші жүргізуші

Сол бір қиын-қыстау кезеңдерде ата-бабамыз Отанын сақтандырды, елін-жерін сатқан опасыздарын ешқашан кешірген емес. Өйткені, Отанды, ата-мекенді сүю – бәрінен биік тұратын қасиет.

ХХ-ғасырда патша өкіметінің озбыр саясаты елімізге қанды шеңгелін сала бастағанда Махамбет, Исатай сыңды батырларымыз азаттық үшін алысып қаза тапты. 1991 жылы Махамбет қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында-ақ найзасымен де азаткер асқан жырымен де қасық қаны қалғанша күрескен, тіпті сол жолда құрбан болған әрі батыр, әрі ақын.

1931-1933 жылдардағы ашаршылық және оның халқымызға тиген орасан зор апаты. Алаш Орда үкіметі туралы ақиқаттар айтылып, санамызға сіңе бастады.



1-жүргізуші

Х ғасырдағы «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама заманы» еліміз үшін өте ауыр кезең болды. «Жау жеңетін жігітті жарағынан танимын. Дау жеңетін жігітті – талабынан таныимын» – дегендей, талаптанып, аттастырмас ақылмен қара қылды қақ жарған әділдік пен береке ұйытар бірлікке шақырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміздің орны ерекше.


2-ші жүргізуші

Ақыры осындай қиын қыстаулардан аман-есен өткен қазақ елінің қуанышты күнге қолы жетті. Бостандық, теңдіктің туы көгімізде желбіреді.


1-ші жүргізуші

Тәуелсіздік деген тәтті сөз емес. Ол сайда, әр абақтының қуысында домалап қалған қазақтың басы, алаш деп түнімен дөңбекшіген бабаларымыздың, ағаларымыздың әлде өкініштен өзекті өртеген намыстан – қазақ елі үшін қуаныш жылы. Қазақ елі – ежелден еркіндікті аңсаған ел. Өз алдына дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы еді. Бұдан былай біздің республикамыз – тәуелсіз, демократиялық мемлекет.


1-ші жүргізуші

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланды.


2-ші жүргізуші 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР-ның Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

1991 жылы 2 қазанда тұңғыш рет қазақ азаматы Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1992 жылы наурызда Қазақстан БҰҰ-ға кірді.

1992 жылы 4 маусымда Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілді, желтоқсан Әнұранның жаңа мәтіні қабылданды.

1993 жылы 28 қаңтарда тұңғыш Конституция, 1995 жылы екінші Конституция қабылданды. 1997 жылы 20 қазанда Ақмола жаңа Астана болып жарияланды.


1-жүргізуші

Көк байрағым желбіресін көгімде,

Әнұраным әуелесін елімде.

Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,

Тұрса артық не арман бар өмірде.


2-ші жүргізуші

Айынмайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Туымызға жас туған,

Бір қарамай өтпейді.

Сол көк тудың астында,

Көгереміз, көктейміз. (Ән «Көк тудың желбірегені»)


Әдеби –монтаж

1 оқушы,2 оқ. 3 оқ.4оқ.5оқ

Ән орындау Жаса Қазақстан

6,7,8,9,10

Ән орындау .(Оралхан )

11,12,13,14,15

Би (Жаса Қазақстан)


Қорытынды: Осымен бүгінгі «Еліміздің бақытын тербеген – Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталады.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың енсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.

«Ата-мекен» әнімен аяқтаймыз

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ