Сынып сағатын ұйымдастыруды жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағатын ұйымдастыруды жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі     

(білім беру ұйымының атауы)


«БЕКІТЕМІН» __________Суюбаева Р.Д.




Оқу сабағының жоспары

Сынып сағатын ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды

қолдану жолдары

(сабақтың тақырыбы)

Модуль: КМ 1. Оқушылардың оқу іс-әрекетінің моделін құру.

Пән: ОН 1.1. Құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде тәрбие әдіс-терін, нысандарын, тәсілдерін, құралдарын қолдану.

Педагог: Амантұрлы Жазира Орахбайқызы дайындады

2024 жылғы "31" қаңтар

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 1ИББ-23 б/б

Сабақтың түрі: Теориялық сабақ

2. Мақсаты, міндеттері:

- Студенттерге сынып сағатын ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жолдарын түсіндіру.

3. Күтілетін нәтижелер:

- Сынып сағатын ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жолда-рын түсінеді.

4. Қажетті ресурстар: Атлас карталары, электронды ресурстар, презентация.

5. Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыты

Мұғалімнің әрекеті

І. Сабақтың басы (20 мин.)


1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

Топпен амандасу, топты түгендеу. Өткен тақырыпты еске түсіру және жаңа тақырыппен байланыстыру мақсатында үйге берілген тапсырмаларды сұрау.

2. Үй тапсырмасы (10–15 мин.)

https://quizizz.com/ платформасы арқылы үй тапсырмасын орындау.


3. Жаңа сабаққа кіріспе (2 мин.)

Үй тапсырмасы бойынша қорытынды шығарып, қатемен жұмыс жасап, жаңа сабақтың тақырыбы айтылады. Жаңа сабақ бойынша тірек сөздермен танысады:

  • ойын технологиясы

  • проблемалық оқыту технологиясы

  • коммуникативтік байланыс технологиясы

ІІ. Сабақтың ортасы (50 мин.)

1. Жаңа сабақты түсіндіру (10 мин.)

Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзге-ріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»-деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

1. Ойын технологиясы.

Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

2. Проблемалық оқыту технологиясы.

Проблемалық оқыту – мұғалім басшылығымен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

3. Коммуникативтік байланыс технологиясы.

Коммуникативтік байланыс технологиясы – шеттілдер мен байланыс негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағдар береді. Сабақтың практикалық жағына бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бірқалыпты, және тез мөлшерде жинақталады. Коммуникативтік оқыту қарым-қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді:

Қызығушылығын коммуникативтік тұрғыдан арттыру, коммуникативтік мотивация;

1. Дұрыс бағытта сөйлеу;

2. Өзара қатынастың қалыптасуы;

3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

4. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай стратегиялар арқылы іске асады: ассоциация, кооперативтік қызмет, көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау.

Технология енгізу қорытындысы:

оқу үрдісіне деген қызығушылықтың артуы;

оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді;

сыныпта «қайырымды білім» атмосферасы қалыптасады.

Оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар

1. Түсіндіре баяндау арқылы тірек схемаларын қолдана отырып, перспективалы оза оқыту (С.Н. Лысенкова).

Бұл технологияда материалды меңгеру үш кезеңде жүреді:

алдын ала;

жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;

оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.

Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.

2. Деңгейлік саралау технологиясы – саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әр түрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

3. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлерімен модельдерін қарастырады:

мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады.

Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін, әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

4. Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ)

ОҰӘ — оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.

ОҰӘ принциптері:

жоғары жетістікке талпыну;

алынған мәліметті бір-біріне лезде кідіріссіз жеткізу;

оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;

әртүрлі деңгейлік;

тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі;

5. Топтық технология.

Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

6. Оқытудың компьютерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.

Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру процестері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір модельдерді пайдалануға негізделеді.

Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық технология

1. «Мәдени диалог»

Оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында диалог түрінде құрылады: орыс тілінің сөздігі мен Европа мәдениетінің негізгі түрлерінің тарихи бір ізділігі;

Оқу негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі диалогқа негізделіп құрылады.

2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ)

Әдістемелік құрылымның элементі негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде «математикалық жаттығу» ұғымы алынған.

ДБІ технологиясының ашушы элементі – жаттығу – триада элементтері сабақтардың бірінде қаралады:

қазіргі тапсырма;

кімге арналғандығы;

жинақтау;

Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.

3. Ойлау қызметін этаптар бойынша қалыптастыру, мақстаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл техно-логия әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық этаптарында бақылап отыру – технологияның ең маңызды компоненттерінің бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.

Жеке пәндік педагогикалық технологиялар

1. Ерте және интенсивті сауаттылыққа оқыту технологиясы.

Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты активтендіре отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

2. Жалпы оқу шеберлігі – бастауыш мектепте жетілдіретін технология.

Технологияның мақсаттық бағыты:

бірінші сынып оқушыларның сөйлеу тілін дамытуға даярлау;

екінші, үшінші сыныптарда ең тиімді оқытуға жету (минутына 120 сөз).

үшінші сыныпта тез жазуды арттыру (минутына 60 әріп);

орфографиялық сауаттылықты арттыру;

қайталап айтуға үйрету;

білім іскерлік және дағдыны терең меңгеру;

3. Эффектілі сабақтар системасына негізделген технология.

Мақсаттық бағыттары:

стандартты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;

ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;

қабілетті балаларды дамыту;

Альтернативті технологиялар. Вольдорф педагогикасы «гуманистік педагогика» мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әртүрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен партнерлікке жекеліктің өзбетінше дамуы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін.

Табиғи белсенділік технологиялары.

1. Сауаттылыққа табиғи белсенділікпен тәрбиелеу.

Мақсаттық бағыты:

сауатты оқырманды тәрбиелеу;

келесі білім алуда кеңірек пайдалану үшін психоинтеллектік базаны құру;

шығармашылық ойлауын дамыту – оқу кезінде біруақытта оқылып отырған шығармадағы оқиғалар мен кеңістік әлемін көре білу қабілеті;

дауыстап оқу мен іштей оқу арасындаға айырмашылықта айыра білу;

Технология текстен белгілі сөздерді бүтіндей кейіпкерлерді тану процесі ретінде қарап оқуды дамытуды қалыптастыруға көмектеседі.

2. Өзіндік дамыту технологиясы ( М.Монтессори).

Мақсаттық бағыты:

жан- жақты дамыту;

жекелікті тәрбиелеу;

бала санасында ойлау қызметі мен пәндер элементін біріктіру.

Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

2. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары (20–25 мин.)

1-тапсырма: Берілген оқыту технологиясы бойынша постер қорғау.

1-топ. Ойын технологиясы

2-топ. Проблемалық оқыту технологиясы

3-топ. Коммуникативтік байланыс технологиясы.

Дескрипторлар:

- берілген оқыту технологиясы ойынша постер қорғайды;

3. Өз бетінше жұмыс (10-15 мин.)

2-тапсырма: «Түртіп алу әдісі»

Студенттерге мәтін таратылады, әр топ өзіңе берілген оқыту технологиясы бойын-ша мәтіннен технологиясына сай мәліметтерді түртіп, жазып алады.

Дескриптор:

- берілген мәліметтерді талдап,оқыту технологиясына сай мәліметтерді түртіп алып, жазады.

ІІІ. Сабақтың аяғы (20 мин.)

1. Жаңа сабақты қорыту (3 мин.)

«Білім почтасы»

Менің ойымша.....__________________

Себебі.........._______________________

Мысалы.....________________________

Қорыта айтқанда...._________________

2. Кері байланыс (10–15 мин.)

«Телеграмма» стратегиясы:

- Сабақ саған нені үйретті?

- Сабақ саған қандай әсер қалдырды?

- Тақырыптағы негізгі ұғымдар туралы бұрын мен не білетін едім?

- Бүгін сабақта мен нені үйрендім?

- Тағы да немен жұмыс жасау керек?

3. Үйге тапсырма (2 мин.)

Тақырыпты оқу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2025
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі