Жамбыл облысы
Тараз қаласы
№10 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Майрова Береке Смановна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Мақсаты: қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
Міндеті:Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа,халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге,сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Наурызға арналған суреттер,баталар,нақыл сөздер,шар
1-жүргізуші:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы - жыр-аңыз.
Қызығып шаттық мереке,
Қызық думан құрамыз!
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар! Наурыз мерекесіне қош келдіңіздер! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!
Күй ойналады.
1-жүргізуші:
Наурыз – парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ежелден халқымыз жаңа күнге сенім артып, сол күн шыққанда күнге тығызым етеді.
Күнге тағызым нту көрінісі.
Сахна сыртындағы дауыс:Армысыз, әлемнің алтын шырағы, Күн-Ана! Атар таңға, батар күнде тәу-тәу! Жаңа күнім, жарылқа, ескі күнім есірке!
Ән орындалады.
2-жүргізуші:
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Тал егу көрінісі.
1-жүргізуші:
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануарда түлейді, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгіріп, тал-теректер бүршік жарады. Бұл күні біз Наурыз мерекесін тойлаймыз! Бүгін ұлыстың ұлы күнін біз де тойлап жатырмыз. Наурыз құтты болсын!
Оқушылар бір-бірімен құщақтасып,көрісіп «Ұлыс оң болсын!» деген тілектер айтады.
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
2-жүргізуші:
Наурыз келсе, Құт келгені халайық! Есік ашып шашу шашып, Ел болып қарсы алайық. Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
«Ұлыс күні келді» деп
Қуанады ел енді.
Мен Наурызбай жайдары.
Көтеремін көңілді.
Кетіп қыстың айбары,
Жайнатамын өңірді.
1-Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, шырқайық,
Думандатып би билеп,
Өнерден күмбез жасайық!
«Көктем» биі.
»2-жүргізуші:
Наурыз тойы-шаттық тойы. Наурыз тойында жастар ұлттық ойындар ойнап,өздерінің білек күшін, жүрек күшін, ептілігін,шапшандығын көрсете білген.Бүгін біз де бір-бірімізді сынап көрейік.
1-жүргізуші:
Шығыс күнтізбесіне сәйкес, 22наурыз-жаңа жыл басы болып есептеледі.Бұл күні қазақ даласына жаңа жыл келеді.Сондықтан да Наурыз- жыл басы.22-наурыз күні әр үйдің босағасынан жаңа ит жылы аттайды.
Музыка ойнатылып,қазақша үлгіде киінген ит кіреді.
Наурыз келді гүлденіп,
Жер- дүние түрленіп,
Жылқы келді- жаңа жыл
Жаңа шаттық күйге еніп.
Намысқа толы жүрегім;
Күшке толы білегім
Ұлыстың ұлы күнінде
Жаңа жыл боп кіремін.
Ән: «Көктем
1-жүргізуші:
Ұлыстың ұлы күні,жыл басы құтты болсын ағайын!Сіздерге биші жігіттер «Қазақ биін» арнайды.
«Қазақ биі».
2-жүргізуші:
Наурыз күні ақ тілегімен, шын пейілімен, жарқын көңілімен тілектес болып жүретін Қазыр баба ел ішін аралап ,жаны таза, пейілі кең адамға батасын береді.
Хор: Қазақы дастархан.
Қазыр баба шығады.
Қазыр баба:
Ал,тыңдаңдар батамды,
Ардақтаңдар атаны.
Көйлектерін көк болсын.
Қарындарың тоқ болсын!
Күлімдесін көкте күн,
Шуақ шашсын көктемің.
Орындалсын ойларын,
Тойға ұлассын тойларың.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Әумин!
Наурыз думан өлеңін айтып тәрбие сағатын аяқтау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып сағаты.Қош келдің,Наурыз! 2сынып
Сынып сағаты.Қош келдің,Наурыз! 2сынып
Жамбыл облысы
Тараз қаласы
№10 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Майрова Береке Смановна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Мақсаты: қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
Міндеті:Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа,халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге,сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Наурызға арналған суреттер,баталар,нақыл сөздер,шар
1-жүргізуші:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы - жыр-аңыз.
Қызығып шаттық мереке,
Қызық думан құрамыз!
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар! Наурыз мерекесіне қош келдіңіздер! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!
Күй ойналады.
1-жүргізуші:
Наурыз – парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ежелден халқымыз жаңа күнге сенім артып, сол күн шыққанда күнге тығызым етеді.
Күнге тағызым нту көрінісі.
Сахна сыртындағы дауыс:Армысыз, әлемнің алтын шырағы, Күн-Ана! Атар таңға, батар күнде тәу-тәу! Жаңа күнім, жарылқа, ескі күнім есірке!
Ән орындалады.
2-жүргізуші:
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Тал егу көрінісі.
1-жүргізуші:
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануарда түлейді, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгіріп, тал-теректер бүршік жарады. Бұл күні біз Наурыз мерекесін тойлаймыз! Бүгін ұлыстың ұлы күнін біз де тойлап жатырмыз. Наурыз құтты болсын!
Оқушылар бір-бірімен құщақтасып,көрісіп «Ұлыс оң болсын!» деген тілектер айтады.
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
2-жүргізуші:
Наурыз келсе, Құт келгені халайық! Есік ашып шашу шашып, Ел болып қарсы алайық. Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
«Ұлыс күні келді» деп
Қуанады ел енді.
Мен Наурызбай жайдары.
Көтеремін көңілді.
Кетіп қыстың айбары,
Жайнатамын өңірді.
1-Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, шырқайық,
Думандатып би билеп,
Өнерден күмбез жасайық!
«Көктем» биі.
»2-жүргізуші:
Наурыз тойы-шаттық тойы. Наурыз тойында жастар ұлттық ойындар ойнап,өздерінің білек күшін, жүрек күшін, ептілігін,шапшандығын көрсете білген.Бүгін біз де бір-бірімізді сынап көрейік.
1-жүргізуші:
Шығыс күнтізбесіне сәйкес, 22наурыз-жаңа жыл басы болып есептеледі.Бұл күні қазақ даласына жаңа жыл келеді.Сондықтан да Наурыз- жыл басы.22-наурыз күні әр үйдің босағасынан жаңа ит жылы аттайды.
Музыка ойнатылып,қазақша үлгіде киінген ит кіреді.
Наурыз келді гүлденіп,
Жер- дүние түрленіп,
Жылқы келді- жаңа жыл
Жаңа шаттық күйге еніп.
Намысқа толы жүрегім;
Күшке толы білегім
Ұлыстың ұлы күнінде
Жаңа жыл боп кіремін.
Ән: «Көктем
1-жүргізуші:
Ұлыстың ұлы күні,жыл басы құтты болсын ағайын!Сіздерге биші жігіттер «Қазақ биін» арнайды.
«Қазақ биі».
2-жүргізуші:
Наурыз күні ақ тілегімен, шын пейілімен, жарқын көңілімен тілектес болып жүретін Қазыр баба ел ішін аралап ,жаны таза, пейілі кең адамға батасын береді.
Хор: Қазақы дастархан.
Қазыр баба шығады.
Қазыр баба:
Ал,тыңдаңдар батамды,
Ардақтаңдар атаны.
Көйлектерін көк болсын.
Қарындарың тоқ болсын!
Күлімдесін көкте күн,
Шуақ шашсын көктемің.
Орындалсын ойларын,
Тойға ұлассын тойларың.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Әумин!
Наурыз думан өлеңін айтып тәрбие сағатын аяқтау.
шағым қалдыра аласыз













