Тақырыбы: «Алғыр алтау» зияткерлік
сайысы
Мақсаты: математика пәніне қызығушылық
танытатын, сүйетін, оқу озаттарымен өз эрудициясын, білімін,
оқудағы жетістіктерін халыққа паш етуге мүмкіндік беру. Қазіргі
заманның басты талабы -білім мен кең дүниетанымдылық екендігін
насихаттау.Өскелең ұрпақтың бойына ақылды болудың, білімнің ең
құнды капитал болып табылатындығын дәріптеу, олардың білімге деген
танымдық қызығушылықтарын дамыту, мектеп бағдарламасынан тыс
қосымша әдебиетті оқуға ынталандыру, ұдайы өзін-өзі дамытуға
дағдыландыру.ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тапсырмалар, парақшалар
т.с.с.
Барысы:Ұйымдастыру
Кіріспе
сөз. Балалар, осы ай ішінде
математика,информатика кафедрасының айлығы өтіп жатыр. Осы орайда
біз бүгін сіздермен сыныптан тыс іс-шара өткізбекшіміз. Бүгінгі
іс-шараны мектептің өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі: 9 «А»
сыныбының озат оқушысы Жұмабек Анеля жүргізеді. Және сайысқа
қатысатын оқушыларды бағалайтын,әрі бүгінгі зияткерлік сайыстың
демеушілері осы сыныптың оқушылары: Азимбек Аружан, Қырықбай
Айгерім, Жандос Жанерке. Сонымен қатар сайысымызды
көркемдеуші-көмекшіміз Жандос Назерке. Сайыс 6 «Б», «Ә» сыныптың
озат оқушыларының қатысуымен өтеді.
Балалар, «Математика
ғылымдардың патшасы»- деп, бекер
айтылмаған.
Әр пәннің өзінше мәні
бар.
Математиканың ерекше сәні
бар.
Оқы, үйрен, біл
де,
Миыңда сақтап құйып
ал.
Өмірде математика
қажет.
Білгеніңді сабақта паш
ет.
Білмегенді білуге
тырыс,
Біле білсең, құт – береке
ырыс.
Математика – өте қызық
сабақ,
Өтеді жылдам осы
сабақ.
Балаларымыз өте
ұқыпты,
Шығарады есепті мықты,-дей
отыра жүргізуші Анеляны ортаға шақырамын.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер,ме құрметті
ұстаздар, оқушылар! «Алғыр алтау» зияткерлік сайысына хош
келіпсіздер!
Әркімнің өз бақыты талғамы
да
Қасиетті де, бойдағы арманы
да
Дана халқым қабыл ал
сәлемімді
Математика сүйер жас қауым
алдарыңызда!
Сайысуға келді олар
қуанышпен,
Өнер, білім көрсетіп
жарысуға
Сынау үшін өздерінің
бақтарын
Шықсын кәне, білімімен
ортамызға.
6 «Ә» сынып оқушылары: Альмира
мен Алтын, Елнұр мен Ильмаз, 6 «Б» сынып оқушылары Руфина мен
Фатима. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
Сайыс үш кезеңнен
тұрады. 1-кезең.
Белес
2-кезең.Өткел
3-кезең.Асу
Соңында ең көп ұпай жинаған
топ «Супер ойынға» қатысады:
Мінеки, бөлмеде
тыныштық,
Естілмейді дыбыс
түк,
Мұны бізде
қоштаймыз,
Кешіккенді
тоспаймыз.
Ғылымдардың
ғылымы
Математика
жайында
Сайысты біз
бастаймыз.
-Бос уақытыңда немен
айналысасың?
- Сүйікті
пәнің
-Болашақта кім
боласың?
Жүргізуші: Бүгінгі шәкірт ертеңгі
азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру
мектеп қабырғасынан басталады.
«Білімді азамат –ел ертеңі»,
«Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі
бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.
1-кезең.Белес
Жүргізуші: Білім деген биік
шың,
Бақытқа сені
жеткізер.
Білім деген
ақылшың,
Қиындықтан
өткізер
Мұнда 12 тұжырым айтылады.
Сіздер осы тұжырымның дұрыс-бұрысын анықтайсыздар. Әрқайсыңыздың
алдарыңызда жалаушалар тұр.Қызыл түсті бұрыс,көк түсті
дұрыс.
-
Екі қатынастың теңдігі
пропорция /дұрыс/
-
Қарама-қарсы сандардың
қосындысы 1-ге тең «бұрыс/
-
Теңдеуді тура санды теңдікке
айналдыратын әріптің мәні теңдеудің түбірі деп аталады.
/дұрыс/
-
Қосылғыштардың орнын
ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді,қосудың үлестірімділік
қасиеті /бұрыс/
-
Санның жүзден бір бөлігі
процент деп аталады /дұрыс/
-
Теріс санның модулі оң сан
/дұрыс/
-
Санды 0-ге көбейтсең сол
санның өзі /бұрыс/
-
ҚР Ұлттық ғылым академиясының
академигі Орынбек Жәутіковтың еңбектері фигуралар жайында
/бұрыс/
-
Екі санды өрнектің теңсіздік
белгісімен жазылуы санды теңсіздік деп аталады
/дұрыс/
-
Координаталық түзуде екі
қарама- қарсы сан координаталар бас нүктесінен бірдей қашықтықта
орналасады /дұрыс/
-
Сақина дөңгелек фигурасына
мысал бола алады /бұрыс/
-
Егер санның цифрларының
қосындысы беске бөлінсе, онда сол санның өзі де 5-ке бөлінеді
/бұрыс/
Жүргізуші: Бәрекелді, бұл
кезеңнің тапсырмаларын орындау сіздерге қиын болды
ма?
Қане, сарапшылар өз
қорытындысын есептегенше,біз жанкүйерлерге тапсырма
береміз:
Мына торкөзде орналасқан
әріптерден осы математикаға байланысты сөздерді
анықтаңыздар.
(Пифагор,қосу,азайту,көбейту
...)
2-кезең.
Өткел
23,36,19,21,47,105
1200 м биіктікте, 15 градус
суық, 5 м тереңдікте, 20000 теңге шығын, 4 ұпай ұтыс, 25 пайыз
артық, 525 теңге пайда, 21 минутқа кешікті
Аспан-
the
sun,
rainbow,
star
Жер
-apple
,rever,
flowers,
aloe
3-кезең.
Асу
Шеңбер осы сөзге балама не оны
анықтайтын зат, тұжырым,нәрсе айтамыз.
(центр,радиус,хорда,диаметр,сақина,
т.с.с)
Мұғалім. Назарбаев зияткерлік
мектебіне оқуға түскісі келетіндерге арналған даярлық тест
кітапшасынан алынған тапсырмаларды ұсынамыз. Сандық
сипаттама.
Тест түрінде берілген
тапсырма.
А,В бағанда тапсырмалар
берілген. Екі бағандағы нәтижелерді
салыстырасыздар.
Егер А бағандағының мәні үлкен
болса, жауап А.
Егер В бағанындағы нәтиже
үлкен болса, жауап В.
Егер екі бағандағы мән бірдей
болса, жауап С.
Егер салыстыруға толық
мағлұмат берілмесе жауап Д.
Жүргізуші. Сарапшылар ойын қорытындысын
шығарып супер ойынға қатысушыларды
анықтағанша
Логикалық есеп.
Жанкүйерлерге.
Қазір қазақтың салт –дәстүрі
бойынша соғымға келіңіз,сыбағаңызды жеңіз,деп қонақ шақырылады.
Сондай бір қонақты Арманның отбасы шақырмақшы болып, қонақтардың
тізімін әкесі өз бетінше, анасы өз бетінше жазады. Сонда әкесінің
тізімінде 12 қонақ, ал анасының тізімінде 19 қонақ шақырылған.
Бірақ екеуінің тізімінде де 8 адамның ортақ екендігі анықталады.
Енді олар қанша адамға дастархан дайындауы
қажет.
( 15+(12-8) =15+4=19 жауабы:
19)
Супер ойынға қатысушыларды
анықтап, қалғандарына демеушілердің сыйлықтарын тарту етіп, ойыннан
шығарып саламыз.
4-кезең. Супер
ойын
Жібермейміз есе
біз,
Ғалым болып
өсеміз.
Көзді ашып, жұмғанша
,
Есепті де шешеміз деп, кезекті
«Супер ойынға» береміз.Пирамида бойынша нағыз білімнің шыңына
шыққан оқушы анықталады. Қойылған сұрақтар тура болса, өз шешімін
тапса бір сатыға жоғарылаймыз.
1. Тәуліктің 1/24 бөлігі? /1
сағат/
2. 9 санының квадраты нешеге
тең? /81/
3. Диаметрдің жартысы
/радиус/
4. 10 мен 15-тің ең кіші ортақ
еселігі /30/
5. Қыры 5 дм-ге тең кубтың
көлемі /125 дм3/
6. Қоян мен түлкі жүгіріп бара
жатыр. Қоян 100 дм, ал түлкі 10 м жүгіреді. Екеуінің қайсысы
орманға бұрын жетеді? /бірдей/
7. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,
0 сандардың несі көп: көбейтіндісі ме, әлде қосындысы ма? /
қосындысы,көбейтсек 0 болады/
8. Сауда жасау үшін 19 теңге
төлеу керек. Сенде тек қана 3 теңгелік ақшалар, ал сатушыда тек 5
теңгелік ақшалар бар. Ақшаны қалай төлейсіз? (24 теңге -5=19
теңге)
9. Квадраттың ауданы 49
см2, оның периметрі нешеге тең?
(28 см)
10. Сыныптағы 30 оқушының
жастарының саны 359 жылды құрайды. Бұдан 5 жыл бұрын олардың
жастарының санының қосындысы неше жыл болады? /209
ж./
Қорытынды. Жарыс заңы
ежелден
Жеңімпазды
анықтау
Женімпаз болу шарты
сол
Еңбектеніп,
жалықпау.
Қанып сандар
сырына,
Шықсақ білім
шыңына.
Деп алаулап
жүрегі
Қосқан әуен
жырына,
Математиктер
жасасын!
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде
қатты.
Ақыл-ойлар әлемді арбап
алды.
Математика ғылымдар патшасы
атты
Таңырқатып, аңыз қылған
адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап
туса,
Омар Хайям, Әл – Фараби жолын
қуса,
Елімнің болашағы
гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып
тұрса.
Алдыңызда жайнаған жүздер
әні
Сіздерменен кездесерміз біздер
әлі.
Әділ –қазы көрермен сау
тұрыңыздар
Күтеді бізді жарқын күндер
әлі.
Осымен «Алғыр алтау»
атты зияткерлік сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау –
саламат болыңыздар!