№3
ЖББМ
Сабақтың
тақырыбы: «ИНФОРМАТИКА ӘЛЕМІНЕ
САЯХАТ»
Сабақтың
түрі: сайыс сабақ
7 «А»,
«Б» сыныптар
Пән
мұғалімі: Абдуллаева С.Ж.
Сабақтың тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын
арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, шарлар және т.б.
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу
Б) оқушыларды орын-орындарына отырғызу,
тыныштандыру.
ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі
Ал, балалар, бүгінгі ашық сабағымызды бастайық.
Дайынбыз ба? Онда дайын болсақ, сабақты бастайық. Сабағымыз сайыс
сабақ. Ортада 7 «А», «Б» сыныптары сайысқа түседі. Сынып екі топқа
бөлінеді.
-
«ТЫШҚАН ТОБЫ» – 7 «Б»
-
«ПЕРНЕТАҚТА ТОБЫ» – 7
«А»
Сайыс бөлімдері:
-
Сәлемдесу (таныстыру)
-
Сұрақ-жауап
-
Кім жүйрік?
-
«Ұтымды, ұтқыр ойласаң....» сергіту
сәті
-
Ой-ашар
-
Өзіңді-өзің қорға
-
Ғажайып композиция
-
Сәлемдесу 2 топ
өз-өздерін таныстырады. 2 топ басшылары өздерін таныстырады. 2 топ
өздерін тақпақпен таныстырды.
-
Сұрақ-жауап бөлімі. Бұл бөлімде 2 топ бір-бірлеріне өздері дайындап
келген сұрақтарын қояды, «Тышқан» тобы сканворд дайындап келді, оны
өзінің қарсылас тобына шешкізді.
-
Кім жүйрік? Тақтаға мұғалім дайындап келген кестесін іледі. Бұл кестеде
оқушыларға арналған сұрақтар жазылды. Оны оқушылар тауып, сұраққа
жауап беріп отырды. Ұпай санын мұғалім 20,30,40,50 ұпайлары арқылы
бағалап отырды.
-
«Ұтымды, ұтқыр ойласаң....»
тақтаға адасқан, яғни орындары ауысқан әріптер
ілінді.
Мысалы: МОНИТОР – РНИОМТ, ПРОЦЕССОР – РОСПРЕОСЦ,
АҚПАРАТ-АТАҚПАР, КОМПЬЮТЕР КРБМЮОПТЕ, ИНФОРМАТИКА -
ФРНМОАТКИ
-
Ой-ашар бөлімі.
Тақтаға 4 түрлі-түсті қағаз ілінді. Әр түске арналған ұпай саны
жазылған. Мысалы, көк түс – 50 ұпай, қызыл түс- 100 ұпай, жасыл
түс-150 ұпай, ақ түс-250 ұпай.Әр ұпайдың яғни әр түстің өзіне сай
сұрақтар жазылған. Соны тапқан топ сол ұпайға ие болады.
-
Өзіңді - өзің қорға бөлімі. 2 топ өз-өздерін қорғайды. Тышқан тобы- тышқан
туралы, яғни тышқаннның қызметі қандай, не үшін керек, қандай
қызмет атқаруға болады. Өздері тышқанның суретін салып, дайындап
әкеледі, сол арқылы түсіндіреді. Пернетақта тобы- пернетақта
туралы, яғни пернетақтаның қызметі қандай, не үшін керек, қандай
қызмет атқаруға болады. Өздері пернетақтаның суретін салып,
дайындап әкеледі, сол арқылы түсіндіреді.
-
Ғажайып композиция. Бұл бөлімде мұғалім арнайы сурет салып дайындап әкеледі,
оны топ басшылары немесе қатысушылар ортаға шығып, компьютерде
POWER PAINT графикалық бағдараламасында салады. Арнайы, шектеулі
уақыт беріледі. Қай топтың оқушысы суретті тез және жылдам салса,
сол топқа жоғары ұпай саны беріледі.
ҚОРЫТЫНДЫ: Оқушылардың ұпай саны есептелініп, жеңіске жеткен топ
мақтау қағазымен марапталады.