Материалдар / Сыныптан тыс эстетикалық жұмыс түрлері”

Сыныптан тыс эстетикалық жұмыс түрлері”

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыс түрлері” туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2020
508
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК








Мақала

Т
АҚЫРЫБЫ:
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыс түрлері








Тобы: 310

Авторы: Құмарова Қаламқас Арманқызы








Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жұмыстары оқу–тәрбие үрдістерімен өте тығыз байланыста жүзеге асады. Оқушылардың оқу әрекетінде эстетикалық тәрбиеге қатысты теориялық білімдер беріліп, түрлі шығармашылық жұмыстар атқарылады. Ол мақсатты және жоспарлы түрде іске асады. Әрбір пәннің эстетикалық бағыты, оқу материалдарының мазмұны, сабақтар жүйесіндегі қолданылатын эстетикалық құралдар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ізгі қарым–қатынастар– бәрі оқушылардың эстетикалық сезімі мен мұратын, талғамын, қабілет шыңдауда жүйелі түрде қызмет етеді.

Баланың эстетикалық сезімі ерте оянады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ол сурет салуға, тақпақ оқуға, өлең айтуға құштар болады. Ендігі жерде мектептің алдында тұрған міндет, сол құштарлықты дамытып, эстетикалық тәрбие міндеттеріне сай әрбір оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, дамыту, өнерге қатысты дара қабілеттерін тәрбиелеу, оларға мүмкіншілік туғызу. Бұл бағыттағы оқу жүйесінде эстетикалық пәндер жоғары қызмет атқарады. Олардың қатарына бейнелеу өнері, музыка сабақтары жатады.

Әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезініп, одан рухани ләззат алуға бағытталған бейнелеу өнері “Сурет”, “Кескіндеме”, “Композиция”, “Мүсіндеу”, “Өнертану”, “Көркем еңбек” салалары бойынша жүргізіледі. Бейнелеу өнерінің міндеті бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың көрінісін, кескінін, түрін нақтылы суреттеуге, мүсіндеуге және композициясын құруды үйрету. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі оқушылардың көркемдік тұрғыда ойлауын, шығармашылық елесін, қиялын, есте сақтау қабілетін жетілдіруде ықпалы зор.

Қазіргі кезде жас ұрпаққа музыкалық–эстетикалық тәрбие беруде маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Музыка пәні сабағында оқушыларға осы саладан теориялық білімдер беріледі, оның тарихымен таныстырады, музыканы тыңдау, ән салу өнеріне үлкен мән беріледі.

Оқушы жастарға сабақтар жүйесінде эстетикалық тәрбие жұмыстары тек эстетикалық пәндерді оқытумен шектелмейді. Сонымен бірге мектепте өткізілетін барлық оқу пәндерінің де оған қатысы бар. Атап айтсақ, тарих пәнін оқыту барысында адамзат қоғамның даму барысындағы әртүрлі халықтардың мәдениеті мен өнерінің дамуын; география пәні бойынша Қазақстанның табиғат жағдайларын, оның әсемділігі мен құдіретін, су, қазба байлықтарын; әдебиет пәні сабақтарында сөз өнерін, оқу мәдениетін меңгеру, өмірді ақиқат бейнесі тұрғысынан түсіну; шет тілі сабақтарында мәнерлеп оқу, оқылатын тақырыптарға сай көркем бейнелерін суреттеу, ән үйрену, оны нақышына келтіре айту т.б. толып жатқан эстетикалық тәрбиеге қатысты міндіттерді шешу барысында да атқарылады. Сонымен қатар сабақтар барысында көрнекі құралдарын пайдалану, музыкалық шығырмаларын орындау оқылып отырған оқу материалының эстетикалық тартымдылығын қамтамасыз етсе, соның негізінде оқушыларда қызығушылық сезімі жанданады. Тіпті мұғалім мен оқушылар арасындағы ізгі қарым–қатынас, сыныптың эстетикалық тұрғыдан жабдықталуы, тазалығы оқушылардың көңіл–күйлерін жақсартып, сабаққа деген оң ықыласын тудырады.

Сабақтар жүйесінен бастау алған оқушылардың эстетикалық тәрбиесі, оқудан тыс кездерінде де жалғасын табады. Оған оқушылардың сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын жатқызамыз. Мысалы, музыка пәнінен берілетін эстетикалық тәрбие тек күнделікті сабақта ғана шектелмейді. Оны мектепте жүргізілетін көркемөнерпаздар үйірмелері, концерттік бағдарламалары, байқаулары, таңертеңгіліктер, кештерді ұйымдастыру барысында жалғастырамыз.

Әдебиет пәні бойынша шағын көріністер қою, қыл қалам шеберлерімен кездесулер өткізу, қызықты кітаптар оқу, оқырмандар конференцияларын ұйымдастыру сабақтары барысында алған эстетикалық білімдері мен түсініктерін одан әрі шыңдауға, қабілеттері мен шығармашылық белсенділігін одан әрі дамуына оң ықпалын тигізеді.

Сыныптан тыс тәрбие беру жүйесінде тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, дайындау, оны өткізу барысында олардың эстетикалық тартымдылығын қамтамассыз етудің де маңызы зор. Мұндай бұқаралық шараларды дайындау барысында оқушылардың қызығушылығын артып, ертеңгі күнге қуаныш сезімін қарайды, өткізілетін тәрбие тақырыбына сай безендіру жұмыстарымен қатар ән, би, көркем сөз өнерлерін әзірлеуге ат салысады. Оқушылардың осындай шығармашылық әрекеттері тартымды еңбек етуге, іс–әрекеттерін эстетикалық талапқа сай ұйымдастыруға жағдай туғызды.

Сонымен бірге осы саладағы мәдени құндылықтарды оқушылар бойына сіңдіруге мектеп кітапханасының парасатты қызметі ерекше. Дұрыс ұйымдастырылған кітапхана жұмысы – тәрбие мектебі боп есептеледі. Кітапхана аясында өткізілген тәрбие шаралары оқушылардың көркем–әдеби шығармаларын сүю, эстетикалық талғамдарын арттыру, мәдени ой–өрісін кеңейтуге орасан зор еңбек сіңірді.

Оқушылардың эстетикалық сана–сезімін, көзқарасы мен талғамын, құштарлығын арттыруда, тәрбиелік ықпалдық нәтижесін қамтамсыз етуде ұстаздар ұжымының эстетика саласында білімдері мен қабілеттерінің болуы, оқушылар өмірін “әсемдік заңы” бойынша құруда олардың өздерінің белсенді әрекеттерінің болуы да мұғалімдер қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі, оқу құралдары мен сыныптан тыс шаралардың мазмұны эстетикалық шараларға сай міндеттері шешуде бізге жеткілікті сияқты көрінеді, ал оларды мұғалімнің оқу–тәрбие үрдісінде қолдана білуі өзінен–өзі мүмкін секілді болып есептеледі. Практика жүзінде ол, олай емес. Осыған орай мектеп мұғалімдеріне белгілі бір мөлшерде эстетикалық даярлықтың болуы, оқушылардың көркемдікке тәрбиелеу мәселелері мен эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың бірден–бір кепілі болмақ. Бұл бағытта мектептерде мұғалімдерден құрылған көркемөнерпаздар үйірмелері, немесе үйірмелерде мұғалімдер мен оқушылардың бірлесе жұмыс істеуі мектеп үшін де, жалпы ұстаздар қауымы үшін де үлгі–өнеге болмақ.

Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеті бар. Қазақ халқының да ғасырлары бойы қалыптасқан өзінің тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа көзқарасы, рухани өмір байлығы боп табылатын бай тарихи археологиялық, этнографикалық, әдебиет және көркемөнер мұалары бар. Бұлар халықтың тарихи өмірімен, әдет–ғұрыптарымен тығыз байланыста өмір сүрген.

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс–өмір салтында ұрпаққа көркемдік саласынан тәлім–тәрбие беру оның күнделікті өмірдің тыныс–тіршілігімен байланысты болған. Соның ішінде фольклордың, қолданбалы өнердің, халықтық музыканың, айтыс, терме өнерінің маңызы ерекше болған.

Қазақ халқы жаратылысынан өнерге өте бай, әрі оған бейім болған. Сондықтан ол өзінің сүйінші мен күйінішін жыр жолдары, ән–күй саздары арқылы шебер жеткізе білген. Өзінің көшпелі өміріне ыңғайлы етіп тұрмыстық заттарын әшекейлеуде, оларды көркемдік тұрғыдан ыңғайлы етіп жасауда іскер болған. Эстетикалық талғам деңгейі жоғары болған. Күнделікті еңбек қызметінде қолданбалы, қолөнерін дамытып отырған.

Киім киісінде, жүріс–тұрысында, қонақ күтісісінде, сый–сияпатында толып жатқан эстетика элементтері өз ұрпағын педагогика ғылымынсыз–ақ әдемілік пен әсемдікке баулуда тәрбие берудің тиісті құралына айналған. Сондықтан да қазақ халқында “Шебердің қолы ортақ” деген ақыл сөзі жоғарыда айтқандарымызға дәлел болмақ.


Пайдаланылған Әдебиеттер:
1. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А, Мектеп 1987.
2. Сейдалиев Н.Б. Тәрбие теориясы. А, Мектеп 1986. 
3. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. А, Дарын. 2004.
4. Губашева С.Г., Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Астана, Фолиант, 2003.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ