Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
«Құйған орта мектебі» КММ.

Мақсаты: Байқаудың мақсаты бастауыш сынып оқушылар арасынан ән-би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау, оқушыларды өнерге баулу, сахна мәдениетін үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру.
Дамытушылық: Өнерпаздарды жан – жақты зерттеп,өз өнерлерін көпшілік алдында қысылмай еркін көрсетуге бейімдеу.
1-Жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, құрбы — құрдас,
Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.
2-Жүргізуші:
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар, жадыраған жас достар.
Бүгінгі «Мен Кішкентай Жұлдызбын!» ән-би байқауына қош
келдіңіздер.
1-
Жүргізуші:
Осы сайысымызға әншіміз, биші балапандар өз өнерлерін ұсынған
болатын, осы бүлдіршіндерімізге жолдарыңыз ақ болсын демекпіз. Әділ
қазы алқалары мектебіміздің директоры Тыныбаев Серік аға, музыка
пәнінің мұғалімі Мұқатай аға және де тәлімгер әрі музыка пән
мұғалімі, сондай – ақ тәрбие ісінің меңгерушісі Қожариянова Қымбат
апай. Әділ қазылар алқасы өздеріңіз қойған балдарыңызды не себепті
қойдыңыздар , өз пікірлеріңізбен сындарыңызды өнерпаздарымыз өнер
көрсетіп болғаннан кейін айтып өтулеріңізді сұраймыз?! Ал енді
кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
2 -
Жүргізуші:
Ән де, күй де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір
құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы –
мұң. Әсем әуезді ән – адам өмірінің тамаша бейнесі. Олай болса
бүгінгі кешімізде ән өнерінен сайысқа түсетін алғашқы
өнерпазымызды ортаға шақырайық . Сонымен алдарыңызда 4
- сынып оқушысы Қабдикенова Айжанды «
Мереке » әнімен қошеметпен қарсы
алайық.
Енді Айжанның ұпай сандарын
білсек:
1-жүргізуші:
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таңшолпанмен астасқан – дей келесі өнер көрсететін 1 сынып
«Арман» триосын «Етікші»
әнімен қарысы
алыңыздар.
Енді «Арман» триосының ұпай сандарын білсек:
2-Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, — деп Абай атамыз жырлағандай, келесі
кезекті 2-сынып оқушысы Төкенов Әли «Туған жерім
– Құйғаным»» әнімен. Қол соғып хошеметтеп
отырыңыздар!
Енді Әлидің ұпай сандарын білсек:
1-Жүргізуші:
Ал оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салыңдар.
Нарұл жігіт келеді,
Бар өнерін төгеді, - деп қошеметпен
Махамбет
Нарұлдың орындауындағы «Болмасын соғыс»
әнін тамашалайық.
Жарайсың! Әділқазыларымыздың ұпай сандарына берейік!
2-Жүргізуші:
Қуанып жасымыз да, кәріміз
де,
Саламыз шаттық әнге бәрімізде.
Назлы әншілерің ортамызда,
Халқына ән арнайды шапалақта
Ендеше ортамызға «Егемен
Ел» әнімен Әсет Назлыны
шақырамыз.
Ендігі кезекте Назлының
бағаларына берейік:
1-Жүргізуші:
Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өнерді үйрен бір — бірлеп,
Әнде шырқап, би билеп.— деп, алдарыңызда 4-сынып
оқушысы Уәденова Алина «Өз елім
менің» әнін
шырқайды.
Енді Алинаның ұпай сандарын білейік:
2-Жүргізуші:
Барлық әлемнің балалары сияқты жер бетінде тек ғана бейбітшілік болуын тілейтін келесі талантты әншілеріміздің бірі даярлық сынып оқушысы Шакариянова Данагүлді «Ақ көгершін» әнімен қошаметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
Ендігі кезекті Данагүлдің ұпай сандарына берейік:
1-Жүргізуші:
Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ кем де кем.- деп 4сынып оқушысын Бебенов Ернұрды «Достығымыз жарасқан» әнімен қарсы алайық.
Енді Ернұрдың ұпай сандарын білсек.
2-Жүргізуші:
Әннің әсері де әрқилы. Тәтті әуеннің әрбір ырғағында ұялаған терең
мәнімен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятады. Оятады да оның жан
дүниесін, әр түрлі күйге келтіреді. Зауқын сергітеді, мұңға
бөлейді, бұғып жатқан дертін қозғайды. Адам көңілін жас баладай
әлдилеп оятады. Ендеше келесі кезекті 2-сынып
оқушысы Мухаметкаримов
Нұрәлиді
«Әке – ана » әнімен қарсыалыңыздар.
Енді Нұрәлидің ұпай сандарын білсек:
1-Жүргізуші:
Сонымен келесі үміткерлеріміз Еркінбек Аңғар мен Әсет Назлы және Сайболат _______ «Солдат болам мен ертең» әнімен келген екен қабыл алыңыздар.
Қос бүлдіршініміздің ұпай сандарын білейік:
Ал енді соңғы ән орындайтын оқушы 4 сынып оқушысы Елдосова Еркежанды «Қайда?» әнімен қарсы алайық.
Ендігі кезекте Еркежанның ұпай сандарын білейік:
2-Жүргізуші:
Мектебіміздің 3 сыныптың жұлдызды әншілері Жақсылық пен Райымбекті «Атамекен» әнімен сахана шақырайық, ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар.
Осы екі батырымыздың ұпай сандарын білейік.
1-Жүргізуші :
Бүгінгі сахна төрінде бірінші рет ән салатын 1 сынып оқушыларынан құралған квартетің орындауындағы «Әрқашан күн сөнбесін!» әні қарсы алайық.
Квартетің ұпай сандарынна назар аударайық.
2-Жүргізуші:
Келесі өз өнерін көрсететін Әсет Райымбекті «Қос бәйтерегім» әнімен қарсы алайық.
Райымбектің ұпай сандарына назар аударайық.
1- Жүргізуші:
2- сынып оқушысы Еркінбек Кәусарды «Бала тілегі» әнімен қошеметтеп қарсы алайық!
Кәусардың ұпай сандарына назар аударайық.
2-
Жүргізуші:
Алдымызда ұзақ жол,
Ізденуден талмағай.
Қиындыққа мойымай,
Өнер жолын жалғағай — деп, кезекті 1- сынып
оқушыларының «Зеңгір
көктем» әнін қошеметпен
қарсыалайық.
Енді 1- сынып оқушыларының ұпай сандарын білсек:
1- Жүргізуші:
Алдарыңызда соңғы ән байқауы бойынша өнер көрсететін 4 – сынып оқушысы Мұратбекова Ақбота «Әлем сүйген салтымыз» әнімен. Қол соғып қошеметтеп отырайық.
Ақботаның ұпай сандарына назар аударайық.
2 -
Жүргізуші:
Уа, жараңдар, жараңдар.
Бәрің бермен қараңдар.
Бишілер кеп қалыпты,
Бір сәт зейін салайық – деп келесі кезегімізді 3 сынып
оқушысы Мадияқызы Нұрайдың
«Қазақ биіне »береміз. Қошеметтеп қарсы
алайық!
Енді біздің аруымыздың ұпай сандарын білсек
1- Жүргізуші:
Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле, кәне, достарым,
Кезекті сізге жолдадым – деп келесі кезекті даярлық сынып
оқушыларын «Қара
жорға» биімен қарсы алайық
.
Енді біздің кішкентай бишілеріміздің ұпай сандарын білсек
2 -
Жүргізуші:
Ал оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салыңдар.
Сая келіп ортаға,
Бар өнерін төгеді- дей келе 2-сынып
оқушысы Дарханқызы Саяны «Мани –
мани» биімен қарсы
алайық.
Енді Саяның ұпай сандарын білсек
1 - Жүргізуші:
Билер-билер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлем,
Көктем келсе гүл боп елге,
Мен де бірге түрленем,-деп 3-ші сынып
оқушысы Қадылханқызы Арнаны
ортаға «Қара жорға»
биімен қарсы алайық.
Енді біздің Арнаның ұпай сандарын
білсек:
2 - Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ
Ел намысын қорғамақ,
Іңкәр шықсын ортаға,
Бүгін күйші атанбақ-дей келе
Байболат
Іңкәрдың «Өрнек » күйіне кезек
берейік..
1 - Жүргізуші:
Осымен «Мен кішкентай
жұлдызбын!» ән-би байқауы өз мәресіне жетті.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.
Ұл – қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділқазы алқасына сөз береміз.
Сын — шын, бағалау әділеттіболсын! Жеңіске жеткен жеңімпаздарды
жеңістерімен құттықтаймыз! Осы бүлдіршіндеріміздің арасынан
«Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналып қойылатын мерекелік іс –
шарамызға жолдама береміз.
Көріскенше күн жақсы болсын!!! Басымыз аман, бауырымыз бүтін
болсын! Қош сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
сыныптан тыс іс - шара "Мен кішкентай жұлдызбын!" ән - би байқауы

шағым қалдыра аласыз