Сыныптан тыс-іс шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс-іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Жасыл шырша жанында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тобы: «Балдырған тобы»

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Жасыл шырша жанында (әңгіме құрастыру,жаттау).

Мақсаты: А.Асылбековтың «Жасыл шырша жанында» атты өлеңінің мазмұны бойынша әңгіме құрастыру, үйрету.Зат есім,сын есімдерді байланыстырып айтуға үйрету.(Мысалы: сәнді,тікенек шырша, алуан түрлі ойыншықтар, олар сылдырлайды және т.б.).Табиғатты аяулауға,әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: үлестірмелі материал. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: шырша мерекесі туралы әңгімелеу. Сөздік жұмыс: шырша, Аязата,Ақшақар. Билингвальды компонент: шырша-елка, Аязата-Дед Мороз, ақшақар-снегурочка.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

-қозғаушылық

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа райы қандай?(Балалардың назарын әдемі шыршаға аударады).Біздің топта мынандай әдемі шырша бар екен.Ойыншықтары қандай әсем.

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Ұйымдастыру-шылық ізденістік

Тәрбиеші балаларға суретті мұқият қарауды ұсынады. Содаң соң А.Асылбековтың «Жаңа жыл» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Жаңа жыл,Жаңа жыл!

Жаңа жылда жаңа жыр!

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Балалардан не туралы оқығанын,суретте не көріп тұрғандарын сұрайды.

-Шырша түсі қандай екен?

-Шырша-Жаңа жылда безендірілетін қылқан жапырақты ағаш.

-Ол ұзын ба әлде қысқа ма?

-Қандай түсті ойыншықтары бар екен?

-Шыршаны айналып кімдер жүр?Не үшін?

Билингвальды компонент: шырша-елка, Аязата-Дед Мороз,Ақшақар-снегурочка.

Балаларға өлең жолдарын жаттауды ұсынады.

-Жаңа жыл,Жаңа жыл!

-Жаңа жылда жаңа жыр!

«Жа-сыл-шыр-ша жа-ның-да»

Билеп барлық бала жүр деген өлең жолдарын тәрбиеші бірнеше рет қдыбыстарды естірте мәнерлеп оқиды.Алдымен барлық балаларға, кейін жарты топқа, содан кейін бір балаға қарап оқиды.

Тәрбиеші өлеңді екі рет мәнерлеп оқып шығады. Өлеңді балалардың барлығына хормен қайталатады, бірнеше топқа және 2-3 балаға жеке-жеке айтқызады.

Сергіту сәті:

Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды қыс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

Үлестірмелі материал:

Шарты: шыршаның ойыншықтарын жабыстыру. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан шырша мерекесі туралы сұрау.

Суретке қарайды.



Балалар өлең жолдарын тыңдайды.




Сұрақтарға жауап береді.

-Жасыл түсті шырша.

-Шыршаның түсі жасыл. Ол ойыншықтармен безендірілген.

-Балалар,Аязата,

Ақшақар.

Шырша-елка,Аязата-Дед Мороз,Ақшақар

-снегурочка сөздерін

қайталайды. Өлең жолдарын бірнеше рет қайталап айтады.









Қимыл келтіріп жаттығуды орындайды.




Балалар шыршаның ойыншықтарын жабыстыру.

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Балалар,өлең ұнады ма?

-Өлең не туралы екен?

-Қандай сөздер естеріңде қалды?

-Дұрыс,шырша, жасыл,Жаңа жыл.

-Кім өлеңді айтып береді?

Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже: Орындайды: өлеңнің мазмұнын түсіне білуді; Түсінеді: өлеңді жатқа айту керектігін; Қолданады: тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуды.

Абай атындағы «Мектеп-бала бақша» кешені КММ









Сыныптан тыс-іс шара

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Жасыл шырша жанында













Орындаған: Оспанова И.К











2017-2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2018
612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі