Мұхтар Әуезов атындағы
мектеп-гимназия
Сыныптан
тыс
Тақырыбы:
«География білгіштері»
интеллектуалды-танымдық ойыны
Сыныбы: 7«А»,
«Ә»
Пәні: География
Пән
мұғалімдері: М.С.
Турсунбаева
Жаңатас қаласы - 2013
жыл
Мақсаты:
Білімділік : География пәні бойынша
оқушылардың
білімдерін тиянақтау,
ой-өрісін кеңейтетін тұжырымдар жасату және
пән
бойынша білімдерін
тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге
қызығушылығын арттыру, өз
ойларын айта білуге үйрету,
шығармашылық қабілетін
және ой қшқырлығын
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке,
адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдам-
дылыққа, бәсекелестік
қабілетін, ұжымдық сезімге тәрбиелеу.
Құрметті ұстаздар, қонақтар,
оқушылар! " География
білгіштері " интеллектуалды-танымдық
ойынымызға қош келдіңіздер!
География болашаққа
бастайды,
Келешекке білім қуған
жастарды.
Қадам басып 21-ші
ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды
- дей келе бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
-Енді әділ-қазылар мүшелерімен
танысайық
"
География
білгіштері " интеллектуалды-танымдық
ойынына 7А ,Ә сыныбының оқушылары қатысады.Ал енді топтармен де
танысайық.(топтың аты, ұраны, эмблемасы,
капитаны)
-Яғни,менің оң жағымда
(........) тобы, ал сол жағымда (........) тобы отыр.Бүгінгі
ойында
"
География
білгіштері " атына қай топ сай екенің
байқаймыз.
Сіздерді ойын шартымен
таныстыра өтейін: ойын 6 кезеңнен тұрады.Ойын басталар алдында
сұрақ қою арқылы жеребе тасталады.Сұрағына жауап тапқан топ өз туын
көтеру арқылы дайын екенін білдіреді.Дұрыс жауап берген топқа 10
ұпай беріледі.Егер де топ сұраққа жауап таппаса қарсылас топқа
сұрақтың жауабын ойлануға 10 секунд
беріледі.
Жеребе
:
1 І -топ -Неге Африка
пілдерінің құлағы Үнді пілдерінің құлағынан
үлкен?
Жауабы: Денесін салқындату
үшін,өйткені Африканың климаты Үндістанның
климатынан
ыстық.
2.ІІ- топ -Кит адамды жұтып
қоя алады ма? Не үшін?
Жауабы: Жоқ,өйткені кеңіртегі
жіңішке
І кезең.
"Ширату"
Әр топқа сұрақтар
қойылады.Әрбір дұрыс берілген жауапқа 2 ұпай
беріледі.
І-топ:
1.Ең ыстық материк
?(Африка)
2.Дүние жүзіндегі ең аласа
бойлы адамдар ?(Пигмейлер)
3.Қай сүтқоректінің ақыл-ой
дамуы адамдардың ақыл-ойының дамуына сәйкес
келеді?(Дельфин)
4. "Материк" терминіне
анықтама беру
5. Қай мемлекет түгел бір
құрлықты алып жатыр ?( Аустралия)
ІІ-топ:
1.Ең құрғақ материк
?(Аустралия)
2.Қай құрлықта өзен жоқ?
(Антарктида)
3."Арал " терминіне анықтама
бер
4.Ең соңғы ашылған
материк?(Антарктида)
5. Керіктер мен пілдер немен
қоректенеді? (Ағаш жапырақтарымен)
ІІ кезең "Ұлы
тұлғалар"
Топтарға Ұлы тұлғалардың
суреттері беріледі.Қатысушылар Ұлы тұлғаларды тауып, тұлғалар
туралы толығырақ мәлімет беру керек.Әр дұрыс табылған тұлға үшін 5
ұпайдан беріледі.
І-топ:
1.Т.Мұсабаев;
2. П. П.
Семёнов-Тянь-Шанский;
3.Д.Ливингстон
ІІ-топ:
1.
Ф.Магеллан;
2.
Ш.Уәлиханов;
3.
М.Бехайм
Сергіту сәті : (
би)
ІІІ кезең "Логикалық
жұмбақтар"
Топтарға "Қай сөз артық және
неліктен?" деген тапсырмалар беріледі. Тапсырманы орындауға 1 минут
беріледі,әрбір дұрыс берілген жауапқа 1 ұпайдан
беріледі.
І-топ:
1. Көмір,боксит,мұнай,табиғи
газ,бензин (бензин);
2.
Кенгуру,құмырсқажегіш,коала,үйректұмсық,ақ аю (ақ аю)
3.Қазақтар,қырғыздар,өзбектер,қытайлар,орыстар(орыстар)
ІІ-топ:
1.
Атлас,Айдаһар,Кап,Килиманджаро,Мадагаскар
(Мадагаскар);
2. Ертіс,Есіл,Нұра,Жем,Балқаш
(Балқаш);
3.Муррей,Дарлинг,Ніл,Замбези,Эйр
(Эйр)
Көрермендермен
ойын.
1. Сегізаяқтың қанының түсі
қандай ? ( көк)
2. Қай балықтың ауызы ішінде
орналасқан? (акула)
3. Қай шығанақты әр географ
өзінікі деп санайды? ( Үнді мұхитындағы Географ
шығанағы)
IV кезең " Географиялық
анаграммалар". Әр келтірілген 5 мысалдардың
әріптерінің орындарын ауыстырсаңдар географиялық сөздер
шығады.
І-топ:
ГАРАНИА, БИЛИРАЗЯ, РИКАФА,
ТАЙҚЫ,ҚАЙЖЫ
(НИАГАРА, БРАЗИЛИЯ, АФРИКА,
ҚЫТАЙ, ЖАЙЫҚ)
ІІ-топ:
ЛАМАИГЙ, ҚАҒАНЫШ, ТҰМИХ,
САЛТА, ВОТАТА
(ГИМАЛАЙ, ШЫҒАНАҚ,
МҰХИТ,АТЛАС, ОТТАВА)
Музыкалық
үзіліс.
Алға, достар,
бастандар!
Тез-тез жауап
берумен,
Сұрақтардан қашпаңдар!-дей
келе " Шапшаң
сұрақтар" деп аталатын V кезеңімізді
бастаймыз.
Әр топқа 1,5 минут ішінде 15
сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан
беріледі.
І-топ:
1.Ең ірі теңіз балығы
(акула)
2.Жердің жұқа қабаты (жер
қыртысы)
3.Қазіргі жыл мезгілі
(күз)
4.Табиғи су ағыны
(өзен)
5.Жердің табиғи серігі
(Ай)
6.Қазақстан Астанасы
(Астана)
7.Ең суы мол өзен
(Амазонка)
8.Ең терең көл
(Байқал)
9.Ең дауысы қатты шығатын
жануар (Қолтырауын)
10.Ең суық материк
(Антарктида)
11.Африканың ең ірі шөлі
(Сахара)
12.Ең ірі сарқырама
(Анхель)
13.Африканың ең ірі жануары
(Африка пілі)
14.Ең ірі құс
(страус)
15.Көкжиек тұстарын анықтайтын
құрал (компас)
ІІ-топ:
1.Ағаштың негізгі сабағы
(дің)
2.Жаңбырдан кейін қандай
табиғат құбылысын байқауға
болады?(кемпірқосақ)
3.Жауын шашынның түрі
(қырау)
4.Жер бетінің суға толған
ойысы (көл)
5.Біздің ғаламшар қалай
аталады( жер)
6.Қазақстанның бұрынғы
астанасы(Алматы)
7.Ең ірі жылан
(Анаконда)
8.Ең ірі теңіз
(Каспий)
9.Керіктің қай аяқтары
ұзынырақ келеді: алдынғы ма алде артқы ма?(ұзындығы
бірдей)
10.Ең ылғал материк
(Оңт.Америка)
11.Ең биік тау жүйесі
(Гималай)
12. Американы кім ашты?
(Х.Колумб)
13. Өзеннің бастауы қалай
аталады?(бастау)
14.Ең үлкен арал
(Гренландия)
15.Жер бетіндегі ауаның
горизонталь бағытта ауысуын қалай
атайды(жел)
VІ кезең "Капитандар
сайсы"
Әр сұрақ 2 ұпайдан
бағаланады.
І-топ:
1.Кофенің
отаны(Африка)
2.Теңізі бар жүзуге
болмайды,
Жолдары бар жүруге болмайды
(гео-қ карта)
ІІ-топ:
1.Қазақстанның ең лайлы өзені
(Сырдария)
2.Ол аяқ киімде де,тауда
да,толқында да бар.Ол не? (табан)
Қорытынды:
1. Әр
топтың ұпайларын есептеу
2.
Әділ-қазылар ұпай саны бойынша жеңген команданы
анықтап,марапаттайды
-Міне, балалар, бүгінгі өткен
« Кім жылдам? » атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті.
Сендерге білім теңізінде үлкен жеңіс тілеймін. Сәт сапар жас
достар!!!