Материалдар / Сыныптан тыс іс-шара 9-11 сыныптарға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс-шара 9-11 сыныптарға

Материал туралы қысқаша түсінік
9-11 сынып оқушыларына арналған.Танымдық ойында логикалық есептер,тақырыбы әр түрлі сұрақтар,математика пәнінен және тарихынан сұрақтар бар.Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың қызығушылығы артады және әр пән бойынша да тапсырмалар қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2020
4319
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы

Жангелдин ауданы ауданы

«С.Мәуленов атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











сыныптан тыс іс –шара

Тақырыбы:

«Талантыңмен таныл»танымдық ойыны





Өткізген: Балдикова.А.Б

Математика пәнінің мұғалімі















2019-2020 оқу жылы



Тақырыбы:«Талантыңмен таныл» танымдық ойыны

Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: биология,химия,әдебиет

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабаққа қажетті ресурстар.3-конверт,сурет,плакаттар,кубик.

Ойын алаңы;

1.) 3 конверт

А) «Математика»-жасыл

Ә) «Логика»-сары

Б) «Математика тарихынан»-қызыл

2).Сурет,плакаттар,кубик.

А)Үлкен дөңгелек әр түрлі бояумен боялған және жолақ жасалған.

Ә)Дөңгелекті қоршаған әр түрлі суреттер мен 1-ден 30-ға дейінгі сандар.

9-11 сынып оқушыларынан 5 оқушыдан 2 топ құралады және топ басшылары сайланады.

Ойынның шарты: 1-топжетекшісі шығып дөңгелектің үстіне кубикті лақтырады.Лақтырғанда 7 санына түссе,конверттен 7-ші сұрақ оқылады.Егер кубик қызыл жолаққа түссе конверттегі сұрақ оқылады,сары жолаққа түссе сары конверттегі сұрақ оқылады.т.бЕгер сұраққа топ жауап бере алмаса ,ойынды келесі топ жалғастырады.

6.Қара мысыққа түссе жолыңыздың болмағаны,ойын кезегі келесі топқа беріледі.

10.Музыкалы нота сізге +2 жүріс беріледі.Сәлем жолдауға болады.

11.Отқа келсе,алған ұпай күйіп кетеді.

16.Сандық суреті.Олжаға кенелеміз.Сыйлық аламыз,ойынды жалғастырасыз.

21.Қыран бүркітке келсе бірден тоқтаусыз мәреге жеткеніңіз.

22.Жабық тұрған қамалға келсеңіз қиын сұраққа ие боласыз.Ол арнайы болады.

27.Өрмекші торына түссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз,сұрақтың дұрыс жауабын таппаса тордан шыға алмайды.

30.Мәре:Ойынның жеңімпазы.Ойын мәреге жеткенше жалғасады.

«Қызық екен» ұяшығына келсеңіз,онда әр түрлі тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап бересіз.

Мұғалім:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма ,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.-деп Абай атамыз айтқандай ,уақытында математика сырын түсінбей кейіннен уысымызға түсірмей қалмас үшін,өткізгелі отырған «Талантыңмен таныл» танымдық сайысының ойыншыларын қошеметпен ортаға шақырайық.Қатысушыларға сәттілік тілейміз.

Ұйымдастыру кезеңі.Таныстыру. (5ұпай)

І-топ. Топтың аты – «Дарын»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.
Мұғалім:

Ойынымызды бастамас бұрын сарапшылар мен әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Ойынды бастау.(Жоғарыдағы ереже бойынша)

Сары жолаққа түссе:

Мұғалім:

Алкәнеки ,балалар

Құлақ салшы сөзіме

Сұрақ берсем берейін

Логикадан өзіңе- деп логикалық сұрақтарын таңдайды.

Қызыл жолаққа түссе:

Математика тарихынан сұрақтар таңдалады.

Өрмекші торына түссе:

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес-ау көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең,

Өте алмайсың бөгеттен-деп көрермендер әзірлеген сұрақтар қойылады.Егер ойыншы сұраққа жауап бере алмаса ойын кезегін келесі топ жалғастырады.

1.Математика тарихынан сұрақтар:әр дұрыс жауапқа10 ұпай

1. Ондық бөлшектерді қашан және кім ойлап тапқан? (XIV ғ фламондық инженер Симон Стевин)
2. Градус деген латын сөзі нені білдіреді? (баспалдақ және қадам)
3. Ресейде ондық бөлшек туралы ілімді кім зерттеген? (1703 жылы Л. Ф. Магницкий)
4. 1673 ж неміс физигі және математигі Лейбниц тапқан барлық төрт арифметикалық амалды орындайтын прибор қалай аталады? (арифмометр)
5. Атақты әйел математик кім? (С. Коволевская).

6.Математикаға координаттар әдісін кім енгізген? (Р. Декарт)

7.Ең бірінші геометрия оқулығы «Негіздер» деп аталды,оның авторы кім? (Б.ғ.д өмір сүрген Евклид)

8.Бұрышты градуспен өлшеу бірлігі қай елде пайда болды? (Вавилонда бұдан 3000 мың жылдан астам бұрын)

9.Ең бірінші «Арифметика»оқулығының авторы кім? (Магницкий Леонтий Филипович)

10.Ертеде қазақта қолданған ұзындық өлшемдері (Қарыс,сүйем)

11.«Миллион» деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы (Ы.Алтынсарин)

2.Логикалық сұрақтар: Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай
1.Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып тұрған сауысқанды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны?( сауысқан қардың үстіне құлады)

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? (4 рет)

3. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)

4. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

5. Дүниедегі ең жүйрік не? (ой-қиял)

6. Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақ)

7. Көзімен көресің бірақ ұстай алмайсың? (көлеңке)

8. Күн мен түн немен бітеді? (н әріпімен)

9. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі?(ғасыр)

10Өткен мың жылдықта мынадай жыл болды.Егер оны цифрмен қағазға жазып, сол қағазды теріс аударғанда тура алдыңғы цифр көрсетіледі ол қай жыл? (1961)

11.Автобустан түсу үшін алдымен не істеу керек? (міну керек)

12. Суда қандай тас жоқ? (Құрғақ) 

13. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек ? (4 )

14.Салтанаттан «Сендердің сыныптарында неше озат оқушы бар?» –деп сұрағанда , ол былай деп жауап берді. –Егер ең үлкен үш таңбалы саннаң ең үлкен екі таңбалы санды шегерсе және нәтижені ең кіші үш таңбалы санға бөлсе, сонда озат оқушылардың саны шығады. Сыныпта неше озат оқушы бар? Жауабы: (999-99):100=9 оқу озаты)

15.Үш санның қосындысы 3- ке тең. Қосылғыштар қандай сандар?
(Бұл тапсырманың 3 түрлі жолы бар.1. 1+1+1=32. 1+2+0=33.3+0+0=3)

16.“IX” саны. Бір ғана қосымша сызықсызу арқылы осыны 6 санына

қалай айналдыруға болады? («six» s әрпін қосып жазса )

17.Бөлмеде  2ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын

қосып есептегенде қанша болады?  (20)

18.Оңынанда,  солынан  да  жазылғанда өзгермейтін  сандар(33,11,22,44,69,88,101,99)

19.Машинаның қайд өңгелегі айналмайды?(Запастағы дөңгелек)

20.Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын
шашын тарайды екен, неге?(Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды екен)

21.Аяқ кіим жөндеушілердің ең жақсы көретін клиенті?(Қырықаяқ)

Сергіту сәті

Берілген сұрақтарға « иә» немесе «жоқ» деп тез әрі дұрыс жауап берулері керек. «Иә» жауапқа тұрамыз, «жоқ» жауапқа отырамыз.

1) Ең алғаш әйел математик С.Ковалевская (иә)
2) 4-ке қарама-қарсы сан 4 (жоқ)
3) Төрт қабырғасы тең тіктөртбұрыш үшбұрыш (жоқ)

4) Үшбұрышта хорда болады (жоқ)
5) Қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады? (иә)
6) √144 тең 12 (иә)
7) 0-ден кіші сандар оң сандар (жоқ)
8) Геометрия сөзі грекшеден аударғанда жер өлшеу деген ұғымды білдіреді (иә)
9) Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем аксиома (иә)
10) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 60 (жоқ)
11) 1 мин-та 60 секунд бар (иә)
12) Төртбұрыштың бұрыштарының қосындысы 180 градусқа тең (жок)
3.Математикалық сұрақтар:Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай

1)Дәлелдеуді қажет ететін тұжырымдама(теорема)

2.Тік бұрыштан кіші бұрыш қандай бұрыш? (сүйір)

3.Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неше градусқа тең? (180)

4.Шеңбердің радиусы 5 см болса,диаметрі қанша? (10)

5.Ең кіші натурал сан? (1)

6. 3 сағ + 18 мин. дегеніміз неше минутқа тең? (198 мин)

7. 1 дм 4см неше см болады? (14 см)

8.1 см артық па, әлде 1 дм артық па? (1 дм артық)
9.12,10,14 сандарының арифметикалық ортасын тап? (12)

10. Түбір астындағы 225 неге тең? (15)

11. Қабырғасы 13см квадраттың периметрі? (52)

12. Санның 1/100 бөлігі? (процент)

13.π санының жуық мәні неге тең? (3,14)

14. Кез келген санның нөл дәрежесі (1)

15.18 және 12 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші(6)

16.32 саны 2-нің қандай дәрежесі? (5)

17.3-2 дәрежесі неге тең?(1/9)

18.Сызықтық функцияның графигі қандай? (түзу)

19.Квадраттық функцияның графигі қалай аталады? (парабола)

20.20-ның квадраты нешеге тең? (400)

4.Арнайы сұрақтар:Әр дұрыс жауапқа20 ұпай

1.Барлық араб цифрларының көбейтіндісі неге тең? (0)

2.Алпыс төрт тең бөлмеде,

  1. Тұрғын бар.

Ақ,қарағып бөлгенде.

Бірін-бірі қуғындар.

Ханы үшін де жаны үшін

Бермейді оларнамысын. (шахмат)

3.Адамның капиллярларының орташа ұзындығы 10000 км. Метр есебімен жазып беріңіз. (10000000 м)

4.Ғалымдардың айтуы бойынша әлемде бір минуттың ішінде темекі тартатын адамдардан 12 –сі қаза табады. Сонда сендер бір сабақты меңгергенше әлемде сондай неше адам қайтыс болады? (480 адам)

5.15 бұлшық ет арқылы ғана қөңілді болғанда күлімсірейміз. Бұл адамның барлық бұлшық еттерінің 40-шы бөлігі ғана. Адамның барлық бұлшық еттері санын айт.(600)

6.Тіс ысу щеткаларының өндірілуі Вильям Эдиспен 1780 жылы басталды. Содан бері неше жыл өтті? (240 жыл)

7.Адаммен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктің торына ілігеді.Бұл не? (көмір қышқыл газы-СО2)

(атауы, формуласы)

8.Қос буыным да тағамның түрі

Біріктірсең болармын

Өнердің бірі.(балет)





9.Абай жұмбағы.

Алла мықты жаратқан сегіз мықты,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Шешуі.

Мұны тапсам ойланып, ақыл деңіз,

Таба алмасам, ақылды болар неміз?

Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп,

Жақсылық пен жамандық – болады сегіз.



5.Қызық екен...Әр дұрыс жауапқа 30 ұпай

1.Италияда осы нөмірлі лоторея жоқ.

Францияда осы нөмірлі пәтер жоқ.

Женевада осы нөмірлі орын жоқ.

Бұл қай сан болуы мүмкін?(13)

2.Қай санға ескерткіш қойылған? (0-ге.Венгрияда)

3. 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!