Материалдар / Сыныптан тыс іс-шара "Ана - бақыт, ана - күн"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс-шара "Ана - бақыт, ана - күн"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне арналған сыныптан тыс іс - шара. Барлық әйелдер қауымына құрмет көрсету мақсатында оқушылардың ұйымдастырып қойған мерекесі.. Бұл сценарийде аналарға арналған өлең жолдары мен әндер топтамасы ұсынылған. аналармен "Аялы алақан" ойыны ойналады. Әр ана көзі жұмулы алақан арқылы өз баласын табу керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1914
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ана – бақыт, ана - күн»


Сабақтың мақсаты:

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесін атап өтуге арналған сабақта анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, ата – ананың мектеппен тығыз байланысын дамыту, оқушыларды сыпайылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке ,ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі:

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін- дей келе көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен баршаңызды құттықтаймын.

Ана- барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам ,Ана-құдіретті жан ,ендеше аяулы аналар бүгінгі мерекелеріңізге арналған «Ана – бақыт, ана - күн» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.


1-жүргізуші: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

2-жүргізуші: Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

1-жүргізуші: Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Бірге: Құтты болсын алтын анам

Қуанышты берекең

2-жүргізуші: Ортаға 3 – сыныптың ержүрек, батыл ұлдары мен әсемдей құлпырған әдемі қыздарын шақырайық.

1-жүргізуші: Бірде қ азірет пайғамбарға бір адам келіп:

-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма? -деп сұрайды.

-Бар,-дейді әлгі адам.

-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.


Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.


Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-


Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын.


Азамат қуат алар ақ сүтіңнен

Мәпелеп әлдилеген пейілі кең

Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ


Алтын анам жасымнан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған

Сабақтан шаршап үйге келгенімде

Бал сөзі жаным деген сая маған


Тербейді ана қуанышты, бақытты,

Тербейді ана – тебіренеді жаны шын.

Тербейді ана уақытты

Барлық әлем бір-ақ бесік Ана үшін

Тербейді ана бөбегін,

Сол арқылы тербетеді өз елін,

Құмын, тауын, өзенін

Тербейді ана көлеңкені, шуақты –

Планетаның алақаны сияқты –


Анам менің – аялаған ақ гүлім

Анам менің – бақытым мен шаттығым

Анашым” – деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнін


Анам менің – өмірдегі тірегім

Анам менің – кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін


Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана,


Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.


Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы,-


Ана – жүрек, жүректі құдіретте.

Ана – тірек, тіректі құрметте,

Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.

Ана – күнің, күніңе табынып өт. –

Ән «Ана туралы жыр» хормен


2-жүргізуші: Сен білесің бе Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады.Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып , қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де қала берілмепті.

Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты

- Қаладан көтергенше жүк алып әйелдердің кетуіне рұқсат етемін дейді

Әйелдер бір –бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді

Дұшпан қалға кіріп қараса бір де бір еркек жоқ

Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.

Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті. Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.


1-жүргізуші: Иә, «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп бекер айтылмаған ғой.


2-жүргізуші: Көрініс: «Үш ана» (орысша)


1-жүргізуші: Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары

2-жүргізуші: Ән « »


1-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,

2-жүргізуші: Би « »



1-жүргізуші: Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз

Ән « »


2-жүргізуші. Көрініс


2-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды



1-жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар.



І ж Менің анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді

ІІ ж Мен мектептен келсем тамағым да дайын ,от та жағулы,

Үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен

І ж Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі

ІІ ж олай болса Аяулы аналарымызды бір сынап көрелік

Аялы алақан ойыны

Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу



1-жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатар жолында,-


2-жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай


Ұлдар қыздарға арнап тақпақ айтып, сыйлықтарын береді.


1-жүргізуші: Абдуллаһ Ибн Әмірден және де мынандай хадисі бар:

Бір адам Пайғамбарымыздан (Ғ.С.С.): «Әке-шешенің балаларындағы хақтары не?» - деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (Ғ.С.С.): «Олар сенің жәннатың не тозағың. Яғни олардың ықыласын алсаң жәннатқа кіресің, қарғысын алсаң тозаққа түсесің» - дейді.


2-жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің ана туралы әсем әнін тыңдаңыздар.


Қорытып сыйлықтарын беруге


1-жүргізуші: Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!


2-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Оқушылар барлығы бірге


1-жүргізуші: Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Анады да, мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.

Ниетің қабыл болсын, аналарым,

Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзі тәрбие ісі меңгерушісі Фазилова Алма Төлегенқызына беріледі.


Ата-аналар сөз кезегі өздеріңізде.

2-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!