Сыныптан тыс іс шара "Ана өмір шуағы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс іс шара "Ана өмір шуағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар күніне арналған мерекелік концертке көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-ші жүргізуші:

Қайырлы күн,құрметті ұстаздар,ата – аналар және де сыныбымыздың ару қыздары. Сіздерді көктем айының ең алғашқы мейрамы 8 – наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

2-жүргізуші:

Армысыздар, сыныбымның асылдары,
Жайнаған көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары!

1 – жүргізуші:

Қымбатты арулар! Өздеріңізге арналған мереке күннің көктемнің алғашқы шуақты күндерімен дөп келуі қандай тамаша!
2 – жүргізуші:

Аналар мерекесі кезінде табиғат жадырап, күн күліп, дархан даламыздың барлық өңірі жылылыққа бөленеді! Осындай мерекелі күнде жылы лебіздер айтқанға не жетсін!
Ұстаздар қауымын, аяулы аруларымызды, аналарымызды бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз кезегі сынып жетекшілеріміз Гульнур Қабылғазықызы және Рысгүл Жапасовнаға беріледі.

Әдеби монтаж:

Анель:

Анам менің «айым» дейді,

Мен мұңайсам «уайым» жейді.

Анам менің «күнім» дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

Алихан:

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің ,

Құлыншағым, күнім дейтін.

Айгерім:

Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң мекен,

Менің айдай анамнан ,

Асқан сұлу бар ма екен!

Мансұр:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ертай:

Ақтаймын анашым,

Ақылы мол данасың.

Қамқорысың сәбидің,

Гүлі сен әр үйдің.

Дәрия:

Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан .

1 – жүргізуші:

Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін бүгінгі сіздерге арнайды, - дей келе ортаға 3 сынып оқушыларының сіздерге арналған мерекелік концертін қабыл алыңыздар.

Олай болса , ортада 3 «В» сынып оқушыларын хор: «Аналардың тілегі» қарсалыңыздар!

2 – жүргізуші:

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл – пәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра ! «Қыздар – ай» күйімен Бақытбекова Ділнәз.

2 – жүргізуші:

Тамаша ! Ал, енді ару қыздарыңыз Ерболқызы Балнұр ортада, « үнді биі» тамашалайық . Қол соғып, қошеметтеп отырайық .

1 – жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Есенғұлов Асаналинің орындауындағы "Менің анам алтын" әнін қарсалыңыздар.

2 – жүргізуші:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ортада биші қыздар би билейді, Халайық қол соғыңыз мархабатты - дей келе 3 «В» сынып қыздарының орындауында би Флешмоб қарсы алыныздар.

2 – жүргізуші.

Тарт күйіңді домбыра !

Төгіл, төгіл тәті күй

Тау суындай сылдыра

Желпін, желпін жел соқтыр! Тұрсынғалиева Әлия «Еркем – ай» күйі.

1 – жүргізуші.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіздер дей отырып Қабышева Диана мен Мұқанов Нұржігіттің орындауында « Жаса Қазақстан» әнін қабылалыңыздар.

2 – жүргізуші:

Әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол-мұғалімнің еңбегі. Сол нұрлы жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңші. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!Сіздерге әрқашан, әр күні, әр сағатта жақсы лебіздерімізді білдіреміз. Сіздерге арқа сүйеміз, еркелейміз. Сіздер тұрғанда біз әрқашан бала болып қала береміз! Ұстаздарымыздың құрметіне ортаға мың бұралған биші қыздарыңыз Ғазизаның «Көбелек» биін тамашалайық.
1– жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - ортада 3 «Б» сынып оқушылары Хор
« Мама»

2 – жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке, Отбасында болсын ырыс-береке Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- дей келе Арнұрды «Қаражорға» биін тамашалайық.

Осындай өнерлі ұлдарыңызды қол соғып қошеметтей отырыңыздар.

1 – жүргізуші:

Мың бұралып билеген Аруды кім сүймеген . Күміс көмей аруларға Кімдер басын имеген-дей отырып 3 сынып қыздарын « Көңілді күн» әнінмен қарсалыңыздар.
2 – жүргізуші:

Керемет! Ендігі кезекті ару қыздарыңыз Амиланидің гимнастикасын тамашалайық.


1 – жүргізіуші.

Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін деп 3 «Б» сынып оқушыларының дайындаған биін тамашалайық.

2 – жүргізуші.

Аналар осындай мерекелік концертті тамашалауға келіп,бізге қолдау көрсетіп жатқандарыңызға алғысымызды білдіріп, бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге сөз кезегін береміз. (Ата – аналар өздетінің құттықтау сөздерін айтады).

Жылы лебіздеріңізге рахмет айта отырып сіздерге арнап 3 «Б» сыныбының «Әке - ана» әнін қарсы алыңыздар.

1 – жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен концертіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2018
514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі