Материалдар / Сыныптан тыс іс-шара :Дарындылар додасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс-шара :Дарындылар додасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көптеген оқушылар математика пәнін қызықсыз әрі іш пыстырарлық деп санайды, алайда осындай көз қарасты өзгерту үшін біз осы математика пәні апталығы кезінде сыныптан тыс шараларды қызықты етіп ұйымдастыра отырып қызықты сайыс ұйымдастырдық . "Математикалық квест"- ойынын саяхат сабақтар қатарына жатқызамыз, күндегі сыныптағыдай партаға отырып емес жүріп орындайтын, қызығымен қатар қиындығы бірге жүретін топтық ойын. Бұл ойынды ойнай жүріп тапсырмаларды орындау барысында есептердің қиын екенін сезбей қызығына батып кететін жағдайлар орын алады. Тапсырмалар біз игерген материалдарды қамтиды: теңдеу шешу, мәтінді есеп, математикалақ амалдар туралы білімі, формулалар, өлшем бірліктер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2022
756
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Іс-шара тақырыбы: Дарындылар додасы


Іс-шара мақсаттары:

  • Білімдері мен біліктерін тәжірибеге негізделген пәнге байланысты қолдана білуге дағдылануы;

  • Өздігімен қиындықтардан шыға білу дағдысын қалыптастыру;

  • Ойлау, үйрену, ақпарат алу, тіл табыса алу, еңбекке қабілетті болу және өзін өзі қиындықтан шығуға тырысу сияқты қабілетттерін қалыптастырады;

  • Адамдармен араласу және үйрену барысында пәндік білімдерімен оқулықтан алған білімдерін шын өмірде қаншалықты қолдана алатындығын дәлелдеу;


Тілдік мақсаттар:

  • Білімділік: тапсырмаларды орындау барысында кездесетін есептеулерде есептеу алгоритмін сақтай отырып орындау;

  • Дамытушылық: Анализ жасау, салыстыру, қорытынды жасау және тіл байлығын қолданып ойын еркін жеткізу;

  • Тәрбиелілік: Өз көзқарасын қалыптастыру, өзгелерді тыңдау, диалогқа қатысу, позитивті іскерлестік дағлысын қалыптастыру;


Құндылықтарды дарыту: Көптеген оқушылар математика пәнін қызықсыз әрі іш пыстырарлық деп санайды, алайда осындай көз қарасты өзгерту үшін біз осы математика пәні апталығы кезінде сыныптан тыс шараларды қызықты етіп ұйымдастыра отырып қызықты сайыс ұйымдастырдық . "Математикалық квест"- ойынын саяхат сабақтар қатарына жатқызамыз, күндегі сыныптағыдай партаға отырып емес жүріп орындайтын, қызығымен қатар қиындығы бірге жүретін топтық ойын. Бұл ойынды ойнай жүріп тапсырмаларды орындау барысында есептердің қиын екенін сезбей қызығына батып кететін жағдайлар орын алады. Тапсырмалар біз игерген материалдарды қамтиды: теңдеу шешу, мәтінді есеп, математикалақ амалдар туралы білімі, формулалар, өлшем бірліктер. 


Пәнаралық байланыстар: Алгебра, геометрия, математикалық сауаттылық, инфарматика...


Эстафеталық кезең.

Эстафеталық жарыста оқушылардың математикадан білім деңгейін көрсету мақсатында қатысушыларға жас ерекшелігін, сыныбын ескере отырып тапсырмалар дайындалады. Жарысқа 4 оқушыдан тұратын 4 топ қатысады. Алдын-ала топ жетекшілері тағайындалады, топтың атын дайындайды. Жарысты ұйымдастыру барысында әділ қазылар алқасы тағайындалады, мұғалім мен бірге оларда төреші болып, жеке оқушылардың білімін бағалайды, соның негізінде топтың жалпы ұпайы анықталады, жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз деп танылады.

Нұсқау:  сайысты 3 тур негізінде тұрады. 1-тур пәндік білімін анықтайтын топқа арналған ұяшықтағы сұрақтар түрінде құрылып, тестік жауабы жазылған интеративті тақтада тексеріледі. 2- тур ойыншылардың топ басшысының математикалық есептеу дағдысын анықтайтын практикалық есептеу Quzizz бөлімі; 3- тур топ арасындағы селбестік пен ауызбіршілікті анықтайтын финал. Шығармашылық қабілетін анықтайтын тапсырма негізінде құрылады.


Іс-шараның өткізілу барысы:


  • Командаларын таныстыру.

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру.

І. Айналым «Кім тапқыр»

ІІ. Айналым «Білімді мыңды жығар....»

ІІІ. Айналым «Ой мен ойын»

        • Қорытынды.

        • Марпаттау.

Іс шарада жоспарланған іс-әрекет:

1- Жүргізуші : Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 9 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Дарындылар додасы» сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі қатынасатын сайыскерлерімізге сәттілік тілеймін.

2- Жүргізуші : Бүгінгі сайысқа руқсат болса 9а сыныптан «Барыс » тобын, 9ә сыныптан «Винерлар » тобын, 9б сыныптан «Қыран» тобын, 9в сыныптан «Пифагор » тобын ортаға шақырайық.

1-жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың! 



2-жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын-дей отырып, ойынымыздың «Кім тапқыр» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.

Нұсқау: Әр топ бір ұяшықты таңдап нақты жауабын айтады, жауабы дұрыс болса тиісті ұпайын беріледі, жауап бере алмаса келесі топ өз ұяшықтарын таңдайды. Уақыт шектеуі 1 минут.

1-жүргізуші:

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

2-жүргізуші:

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңседе, жеңілседе қалма жасып- дей отырып, ойынымыздың келесі кезеңі «Білімді мыңды жығар....» деп аталатын ІІ бөлімін бастаймыз.

Нұсқау: Әр команданың топ басшысы ортаға келім Quzizz-қа кіріп топтың абыройын қорғауға жарысады. Әр дұрыс жауабы үшін 50 балл, уақыт шектеуі 5 минут.

1-жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

2-жүргізуші:

Қарап тұрмай жүйріктерге еріңіз

Сайыскерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығады

Жүйрік болар бәйгелерді көріңіз – дей келе сайысымыздың 3 кезеңі: «Ой мен ойын» сайысын бастаймыз.

Нұсқау: Әр командадан бір сайыскер ортаға шығып, өз командасына сұрақтар қойып, артында көрсетілген сөйлемді қарамай табу керек. Топ мүшелері тек «иә» немесе «жоқ» деп ғана сөз қайтарады. Әр бір дұрыс жауапты тапқаны үшін 40 балл мен бағаланады. Уақыт шектеуі 5 минут.

1-жүргізуші:

Математика әлемі,

Неткен ғажап әсерлі.

Шыққан сонау ертеден,

Әр қилы есеп өнері 

2-жүргізуші:

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Өмір деген өнермен үйлеспей ме

Қызықты сөз жұмбақты шығарсақ!

Жанкүйерлер сөз жұмбақты шығарып болғанша әділ-қазылар топтардың әр кезең бойынша алған ұпайларын біріктіріп, бүгінгі жарыстың қорытындысын шығарады.

Жанкүйер мен сырлас:

    1. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (Жер өлшеу)

    2. Екіден көп бөлшектері бар натурал сандар? (Кұрама сандар)

    3. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар. (12қыры, 6 жағы)

    4. Шеңбердің центрі мен шеңбер бойындағы кез келген нүктені қосатын кесінді? (Радиус)

    5. Басынан координатаның өте алмайды,осьтерге жақындайды, жете алмайды.
      Екеуі екі бөлек тұрғанымен, ажырап бір бірінен кете алмайды. (гипербола)

    6. Алды артымыз шексіз де, жете алмайсың біздерге. Сәуле менен кесінді,
      шыққан тегін білсе де. (түзу)

    7. Күшіне сенген бір мықты, жығып алып сегізді,қайда барайын дегізді (шексіздік)






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!