Сыныптан тыс іс-шара "Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу."

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара "Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу."

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арнлаған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

«Ел болам десең бесігіңді түзе» деген халқымыздың аталы сөзі бар. Ендеше еліміз тәуелсіздікке қолы жеткеннен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп, салт дәстүр, әдеп ғұрып мәйегін ұрпаққа жеткізу арқылы тәлім тәрбие беру.

Кеңестік жүйемен тәрбиеленіп, сол елдің рухы мен әдебиетін, тілін қабылдап өскен ұрпақтарымыз қазір сол шырмаудан әлі шыға алмай жүр. Бұрынғы білім беру маделі қазіргі талапқа сай емес, ол экономика мен технологиялық дамуды тежеп келгендіктен, ХХІ ғасырда білім беру саласын реформалау қажеттігі туындады.

«Ғылым білім өмірге мән береді» деген халық мақалы бар. Олай болса, алдағы міндет дүниежүзілік білім стандартына сәйкес жоспар жасауда хылқымыздың менталитеті мен қабілетін ескеру қажет болады. Өзін өзі тану, өз мүмкіндіктерін қоғамға пайда әкелетін етіп, қажетті білікті, қабілеттілікті дамыту арқылы үлкен биіктерге жетуге осы ойымызбен үндесіп жатыр.

Мемлекетіміздің қуаты мен игілігі қоғам мүшелерінің алған білім деңгейіне байланысты. Ақиқатты терең сезінгендіктен, Қазақстан Рееспубликасы дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясында білім саласына айырықша басымдылық пен мемлекеттік мән берілген.

Көсіле сөйлеп, көргендік танытқан, шешіле сөйлеп, шешендік танытқан аталар сөзі-кейінгі ұрпақ үшін үлгі тұтар асыл сөз. Шиырма сөйлеп шешімін шегелей жеткізілген, бұйырса бұйрығын орындаған батыр Бауыржан рухына бас июге тиіспіз.

Ендігі жерде атаның атын, рухын қастерлеп өтем,келіндік борышымды жалғастыра беремін,туған елімнің, қасиетті халқымның аяулы қарттарына басымды иемін....

Момыштың әкесі Бауыржанға:

Алатаудың қыраны мол еді,

Қырағы болсын, құлыным

Қойнауы суға мол еді,

Бұлағы болсын, құлыным

Елімнің тілегі зор еді.



Шырағы болсын құлыным

Ата тілегі оң еді

Құмары болсын құлыным

Бұл жер батырлар өрі еді

Сыңары болсын құлыным.

«Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер» дегендей батыр атаға үлкен ата тілегі қабыл болған.

Тышқан жылы-тыныштық

Сиыр жылы-сыйлық

Барыс жылы- бірлік

Қоян жылы-қамбалы

Ұлу жылы-үлгілі

Жылын жылы –жайлы

Жылқы жылы-жұтсыз

Қой жылы-құтты

Мешін жылы-мейірімді,

Тауық жылы- табысты

Ит жылы-игілік

Доңыз жылы-дүниелі

деп әр жылға тілек тілеуді үйретіпті.

Халқымыздың тарихына терең үңілсек,жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан, орақ тілді, от ауызды шешен елі мен жері үшін аянбағаны бәрімізге мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата-ана мен ұстаз-тәрбиеші шеберлігіне байланысты екендігі даусыз.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде « Қасиетті елі қайғы жұтқаны үшін өліммен де ықпайды, ерлік ерлік туын жықпайды» деп Бөгенбай батырға ұстатқан ту бүгін әлемге ортақ көк күмбез аспан түстес биікте тәуелсіздігіміздің байрағы мәңгі желбірей беретіндігі қазақ халқының сезімінің, рухының күштілігі арқасында жүзеге асқанының айғағы.

Біз- ежелден дана, батыр халықпыз. Аяғымыздан тік тұрып, мерейіміздің үстем болуы батыр бабаларымыздың елін,жерін сүйген саралап, ұлылырдың ұлылығын ұрпақ бойына зәмзәм суындай сіңіре білсек,келешекке батыл қадам басамыз

«Тарихты білмей, келешекті болжау қиын» деген ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби сөзіне «Тарих-тауға шығарар табандылық» деген халық сөзі дәл жауап. Табандылық туралы Бауыржан атаның Отан соғысы тарихы кезеңдерін әңгімелеген кітабынан оқып, түйгенім мыналар:

-әңгімені тыңдауға уақытында келіп, әдептілік пен тәртіп сақтау шарты;

-әңгімеге қатысып өз ой пікірін білдіріп отыру;

-қолжазба қойын дәптерім, оған мені қызықтырған нәрселерді жазамын,-дегені.

Қолжазбасынан: « Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра»-дейді халық даналығы.Даналық-өткен тәжірибе қорытындысы ойдың қаймағы. Азаматқа өмірден ар қымбат, өлімнен ұят күшті. Қорқақ- ақымақ, қорқаққа шалшық та бөгет.Құм ішіндегі дәнді қырағы көз ғана табады.

Алғырлық-ойдың ішкі мазмұнын нұрландырушы. Өз ұлтын сыйламаған ұлтын мақтаныш тұта алмайды, тексіз әрі тұрақсыз. Міне, көрген білгенімді солдатша әділ баяндап қалдыруды ұрпақ алдындағы парызым санадым» деп аманат –арманын жазыпты.Мұндай аталы сөз, тарихи тұлға – таптырмас мұра деп түсінемін.Алдымен әдепті бол, сосын арлы бол, сонда сен еліңнің керегіне жарағаның дегені емес пе? Батыр атаның айбарлы сөзі менің жүрегіме «тұмар – тарих» болып тағылды.

Міне, өз ойын осылай түйген Б.Аманжолов танымы-нағыз Отан сүйгіштік таным. Ал Оразалы Пірназардың түйіні «командир-ұрысты ұйымдастырушы, жеңіске жетуші тұлға. Ұрыс пен соғыс ғылым ғана емес өнер де. Неге оны,ұйымдастырушыны жасампаз демеске? Шынында да командир нағыз қабілетті, қырағы көз, алысты байқағыш әрі ұстамды сенімді қайсар жан.Оның қыруар жұмыстарының бастысы-ойлау, тереңнен ойлау болып табылады.

Халқымыздың «Білекті бірді, ақылмен мыңды жығасың» деуі осыдан шықса керек.

Менің ойымша тәрбиеші ұстаз- командир. Ол әскер командиріндей болса екен. Мүмкін, мені достарым түсінбес, кінәлар.

Мейлі, кейін түсінер. Аталарымыз «Баланы жастан, келінді бастан» деп бекер айтпаған ғой. Үйде анаң мәпелейді, мектепте ұстаңыз да анаңдай. Сондықтан менің сыныптастарым (бәрі емес), оның ішінде өзім де қыздар сияқты нәзәкпіз әрі шыдамсыз, жалқаумыз» десе, Сағидоллаева Сандуғаш қазақтың аты аңызға айналған біртуар батыры Бауыржан Момышұлы жайлы, келіні Зейнеп Ахметованың естелігіне ойын былайша түйіндейді:

«Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер» деген аталар сөзі, отансүйгіштік пен инабаттылық отбасынан басталатынын айтқан, ұясында көргенін, қонған жерінде ұстана білген ибалы да шыдамды келін Зейнеп ананың естелігі мені қатты толқытты.

...Атам телегей-тасқын еді, арнаға бұруға көнбейтін асу бермес заңғарлығы өзгенің бойынан табылмас, тек атама тән жалқы жаратылыс еді. Алдағы өмірдің қалай боларын уақыт көрсетер, ал осы күнге дейінгі өткен өмірімнің ішіндегі ең мәнді, мазмүнды болған кезі – атамның алдындағы аз жылғы титімдей еңбегім. Бір күнгідей болмады, аққан жұлдыздай жарқ етіп, қас-қағым мерзімде өте шықты. Жаратылыс заңы өз дегенін жасап, атасыз қалдық.

Ендігі жерде атаның атын, рухын қастерлеп өтем, келіндік борышымды жалғастыра беремін, туған елімнің, қасиетті халқымның аяулы қарттарына басымды иемін...

Міне, сыныптастар, Отан – отбасынан басталады. Батыр ата келіні Зейнеп анадан үлгі алайық» деп ойын аяқтады.

Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай потриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Батыр, Қазақстанның Халық Қаһарманы Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.

Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан ағамыз өмірінің соңына дейін әскери-патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды.

Екінші дүнеижүзілік соғыс кезінде атақты генерал И.Панфиловтың сегізінші гвардиялық дивизиясына рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі қызметін атқарып, неміс-фашист басқыншыларына соққы беріп, батальонды бірнеше мәрте жау қоршауына алып шықты.

Ата мекен жер үшін,

Қасиетті ел үшін,

Әзиз ана, қарт ата,

Ботакөз сұлу қарындас

Күң, құл болмасын,-

Деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырады.

Кейіннен атақты жазушы Александр Бек батыр ағамыздың ерліктері жайлы «Волоколамск тас жолы» атты романын жазды. Осы роман арқылы Бауыржан ағамыздың аты әлемге әйгілі болды.

«Жеңіс кілті Отан сүюшілікте. Ол солдатқа жөргекте жатқаннан бастап үйретілуі, қанына кіріп, сіңісуі тиіс. Дәстүр – тәрбиенің басты қайнары. Ал дәстүр ұлттық тәрбиеден өзекті орын алады. Отан сүюшілік, ұлтын сүюшілікті ұлттық дәстүрмен жалғастырып, солдатқа саналы түрде сіңісу керек» деген ол артына өшпес өнеге, ерлікке, патриоттық сезімге толы бірнеше кітаптарын: «Офицер жазбалары» (1962), « Артымызда Москва» ( 1963), «Ұшқан ұя» қалдырды. Ал «Ұшқан ұя» кітабы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағына ие болды.

Б. Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты біраз ой – пікіріне тоқтала кетейік.

« Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман – саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым қатынасты білдіреді».

«Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар – намысында және азаматтық қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімімен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп – қатеріне бөлісіп, жанға жанмен, қанға қанмен аяусыз кек алу отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп – қатерге бас тігу»

« Батылдық – қимыл – әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық»

« Табандылық – батылдардың қалқаны».

« Өжеттілік, қайсарлылық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етуге, игілікті құлшыныс».

Сонымен бірге халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеудегі, музыка мен көркем өнердің құдіреттің күштерін, олардың өмір үшін күресте рухани күшті құралы болғанын соғыс эпизоттарынан нақты мысалдар келтіре отырып, рухы мықты халықтың ешқашан да жаудан да жаудан жеңілмейтініне назар аударған.

Сондай – ақ, Бауыржан ағамыз артына жетпіске жуық мақал – мәтелдер қалдырған. Ол мақал – мәтелдеріне «Үлкенді ізетте, кізіні күзетте көр», «Ерлік тәрбиеден туады», «Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық» деп халық атынан ащы да әділ үкімін пайымдады.

Тіпті Бауыржан ағамыз туған ауылына келіп ауыл адамдарының ынтымақсыздығын, қарттардың қадірсіздігін, жастардың тәртіпсіздігін көріп, ызаланады. Дастарханға ас қайырып, бата бергенде, бұрынғы халықтық бата – тілекті жаңаша жаңғыртып, « Я, құдай, тозақтың отынан сақта, қанғыған оқтан сақта, ынтымақсыз туыстан сақта, қара жүрек батылдан сақта, адамды қадірлемес есерден сақта, нанды басқан есерден сақта, кеудесін керген келіннен сақта, мезгілсіз келген өлімнен сақта, ұятсыз қызыңнан сақта, қайырымсыз жегжаттан сақта, жалқау баладан сақта, жастарында әдеп жоқ, өлгенінде бәтуә жоқ құр айғай шат – шәлекей даңнан сақта» деген батасының тұнып тұрған тәлім, өзіндік үлгі – өнеге, өлмес, ескірмес өсиет екенінде дау жоқ.

Біз жазушы, тәлімгер Бауыржан Момышұлының еңбектерін оқи отырып, оның шығармашылығы патриоттық тәлім – тәрбиенің қайнар көзі екенін байқаймыз. Бауыржан Момышұлы жайлы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевта жырлап кеткен

Ақ тұлпарым бар еді саған деген

Аға, саған, білмеймін не айтарымды,

Қай қырыңнан білмеймін байқарымды.

Көңілдегі ой көмейге кептелді де,

Түрмесіне кеудемнің қайтарылды.

Қайтерімді, білмеймін не айтарымды.


Жасқануды білмеуші ем, жалтаруды,

Неге көңіл, білмеймін, аңтарылды?

Ақ тұлпарым бар еді Саған деген

Алып ұшпай ол неге қаңтарылды?!


Сен зәру емессің ғой құрметке,

( Сырлы аяқтың сыны бар, сыры кеткен...)

Тонға емес, орамал жолға жарап,

Сый тартуды атамыз ырым еткен.


Тағар сыйым өзіңі болмағасын,

Белгілі ғой қасыңа жоламасым.

Ақ сұңқарым бар еді, ұшпай қойды,

Алсам – дағы басынан томағасын.


Қылышымды суырып қынабынан,

Қыл қапқан жүзін көріп, жыладым – ау...

Жетімдердің кегімен жесірлердің

Суарып ем су алған бұлағына.


Қайрап едім зауалдың шарығына,

Қақтап едім қан майдан жалынына.

Қынабына оны да жасырдым мен,

Керек болып жүрер деп халығыма.


Қынабына сап қойдым үмітпенен,

Оның несін жасырам бүгіп сенен

Саған, аға, сақталған бір сый бар ау,

Назарына ешкімнің ілікпеген.


Алтын да, алмаста емес жалтылдаған,

Бір сый бар, аға сыған тартылмаған!

Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер,

Сыйдан да он есе артық даңқың маған.


Ешкімнің назарына ілікпеген,

Саған бір сый тартам деп үміттенем.

Жүрегімнің тапсырған аманатын,

Бере алмай кетем бе деп күдіктенем.


Қандай сый тартсам екен, аға, саған,

( Білмеймін, жараспайма, жарасама?!),

Ешбір сый таба алмасам, аға, Саған

Әппақ тонын – атамның тәбәрігін

«Жүзге кел!» деп арқаңа жаба салам!


Тарих пәнінің оқытушысы: Жакыпбаев А.И.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
436
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі