Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара "Рухани жаңғыру:Болашаққа бастар жол"

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру мақаласы бойынша жақсы іс-шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1- жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2- жүргізуші:"Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол" атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1-Жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..

2-жүргізуші: Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.

Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халықтың тәуелсіздік алғалы бері жүріп өткен жолдарын еске түсірейік.

1- жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

2- жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1-жүргізуші: 1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

2- жүргізуші: 1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

1-жүргізуші: 1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.

2-жүргізуші: 1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.

1-жүргізуші: Жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаев қазақстан халқына жолдау жолдап келеді. 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

2-жүргізуші: Осы жолдау аясында Елбасымздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласы жарық көрді.

1-жүргізуші: Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары оқушылар арасында кеңінен насихатталуда. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады.

  1. бөлім, 21-ші ғасырдағы ұлттық сана туралы.

  2. бөлім, таяу жылдардағы міндеттер


1-оқушы: 1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2- оқушы: 2. Прагматизм

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.



3- оқушы: 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4- оқушы: 4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді

5- оқушы: 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.

6-оқушы: 6. Сананың ашықтығы

Біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, Ол жаңа техологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.


Ән:Атамекен


Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Көкорай белестері мақпал кілем,

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Қазақстан, замананың заңғарында,

Халқыма мекен болған жайлауың да.

Алатау ақ самайлы басын иген

Қайратты қарт Қаратау қойнауында.


Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.


Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,

Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.

Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан

Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.

Ән дала – Қазақстаным.


Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,

Түсінем өзендердің саз ағыстарын.

Қалай ақын болмайын, мен түгілі

Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.

Қырандар қанатында даңқы кеткен,

Дән дала – Қазақстаным.


Сен менің шұғылаға толған даламсың,

Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.

Бабамның көздерінің қарашығы ең,

Баламның бақытына да қорған боларсың.


Жан дала – Қазақстаным.

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,

Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.

Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,

Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.

Кең дала – Қазақстаным.


Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,

Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.

Халқым маған сенеді әлсіз демей,

Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.

Жасай бер , Қазақстаным.(Зейнеп Ахметова)

Қазақстан өлкесінің кеңдігін

Өлшеп жатпай өзгелерше мен бүгін,

Оңай ғана ұғындырып байқайын,

Болмашы бір белгілерін айтайын

Қысты күні бөлмеңізде пеш қызып,

Көрінгенде сол қызудан кеш қызық.

Жанған отқа сүйсіне зер салыңыз.

Қазақстан көмірі деп таныңыз.

Туралғанда ақ мамықтай бөлкелер,

Түспей ме еске астық еккен өлкелер,

Соның бірі Қазақстан - таныңыз,

Соның наны жеген осы наныңыз.

Дастарқаннан нарттай қызыл алманың

Қол созғанда таңдап бірін алғалы

«Қазақстан!» дей көріңіз, бауырым,

Өсіруші алманың ең тәуірін.


Сары аязда - сақылдаған ақпанда

- Адам тұсын, ағаш дір-дір қаққанда,

Ұмытпаңыз Қазақстан сыйларын

Жеткен сізге жылуымен пиманың.


Жапқан сайын әрбір үйдің тебесін,

Қаққан сайын әр есіктің шегесін,

Құрметтеңіз Қазақстан жерінің,

Өзендерше өрши аққан темірін.


Көк теңіздей толқын ата көпірген

Домбыра үні жетсе сізге эфирден,

Қабылдаңыз Қазақстан күйлерін

Қуантушы бақытты Отан үйлерін!

(Әбілда Тәжібаев)



Би: Қара жорға

Қазақстаным!

Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,

Бойына жиған имани тазалық нәрін.

Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,

Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,

Қорғады сені серт беріп сан Арыстарым –Қазақстаным!

Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,

Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.

Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,

Қариялардың ұрлаған даналық шамын,

Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –Қазақстаным!

Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,

Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.

Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,

Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,

Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным!

 Босатып тордан, зарыққан дала құстарын,

Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.

Соның үшін де қолыма қалам ұстадым...

Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,

Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын –Қазақстаным!


Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ жері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті.
Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім
Азап жүгін ел жауын қуған ері
Әділет пен бірлікке жанын қиып
Әділ өткен билердің туған жері
Қазақ жері – қонақжай төрлер жері
Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі
Елі кедей болмаған, жері байтақ
Едігедей, Бабырдай шерлер елі
Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы
Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма
Сүй, ОтандыШынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал, ойына, қырына да
Ел болдың ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым, жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Ән. Отаным Қазақстан!

1-жүргізуші
- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген 
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген.
2-жүргізуші
Біз, қазақ – мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз
Басымыздан құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзамызға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат
«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз. 


«Мәңгілік Ел» ұлттық идея

Елбaсымыз өз жолдaуындa төмендігілерді aйтты:

Мәңгілік Ел – aтa-бaбaлaрымыздың сaн мың жылдaн бергі aсыл aрмaны.

Oл aрмaн – әлем елдерімен терезесі тең қaтынaс құрып, әлем кaртaсынaн oйып тұрып oрын aлaтын Тәуелсіз Мемлекет aтaну еді.

Oл aрмaн – тұрмысы бaқуaтты, түтіні түзу ұшқaн, ұрпaғы ертеңіне сеніммен қaрaйтын бaқытты Ел бoлу еді.

Біз aрмaндaрды aқиқaтқa aйнaлдырдық. Мәңгілік Елдің іргетaсын қaлaдық.

Мен қoғaмдa «Қaзaқ елінің ұлттық идеясы қaндaй бoлуы керек?» деген сaуaл жиі тaлқығa түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін бoлaшaғымызғa бaғдaр ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мaқсaттaрғa жетелейтін идея бaр. Oл – Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге хaлқымыз Мәңгілік Мұрaттaрынa қoл жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елoрдaмызды тұрғыздық.

Қaзaқтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпaқтың Мәңгілік Бoлaшaғын бaянды етуге aрнaлaды.

Ендігі ұрпaқ – Мәңгілік Қaзaқтың Перзенті. Ендеше, Қaзaқ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бaғдaры – «Қaзaқстaн-2050» Стрaтегиясының түп қaзығы етіп aлдым.

Тәуелсіздікке қoл жеткізгеннен гөрі oны ұстaп тұру әлдеқaйдa қиын.

Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен тaлaй хaлықтың бaсынaн өткен тaрихи шындық. Өзaрa aлaуыздық пен жaн-жaққa тaртқaн берекесіздік тaлaй елдің тaғдырын құрдымғa жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере aлмaй, жер бетінен ұлт ретінде жoйылып кеткен елдер қaншaмa.

Біз өзгенің қaтелігінен, өткеннің тaғылымынaн сaбaқ aлa білуге тиіспіз. Oл сaбaқтың түйіні біреу ғaнa – Мәңгілік Ел бoлу біздің өз қoлымыздa. Бұл үшін өзімізді үнемі қaмшылaп, ұдaйы aлғa ұмтылуымыз керек.

Бaйлығымыз дa, бaқытымыз дa бoлғaн Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қaрaшығындaй сaқтaй білуіміз керек.

«Қaзaқстaн-2050» – Мәңгілік Елге бaстaйтын ең aбырoйлы, ең мәртебелі жoл. Oсы жoлдaн aйнымaйық, қaдірлі хaлқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі бoлсын! Дaмуымыз жедел, келешегіміз кемел бoлсын! Жaрқын іспен күллі әлемді тaң қылып, Жaсaй берсін Елдігіміз Мәңгілік!


«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру»

«Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу"

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»

«Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2019
577
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12