Сценарий
Бүгінгі
іс-шарамыздың
Мақсаты:
-
Оқушыларға Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы түсінік
беру;
-
Рәміздердің маңыздылығын
түсіндіру;
-
Патриоттық сезімді, отанға
деген сүйіспеншілікті арттыру.
1
Жүргізуші:
Аударып жұрттың
назарын,
Бардың да көрген
базарын.
Жоқтын да көрген
азабын,
Даладай дала
Қазағым!
Алты алаштың арманы
болған,
Арда елдің айбары
болған,
Ең ұлық мереке Рәміздер күні құтты
болсын!!!
2
Жүргізуші:
Армысыздар,
құрметті ұстаздар мен мектеп
оқушылары,
бүгінгі Рәміздер күніне
арналған «Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік
символы» атты мерекелік
салтанатты кешке қош келдіңіздер!!!
1 Жүргізуші:
Отан – жерім,
Отан - суым,
Отан қуат, нәр
береді..
Отан - ұран,
Отан - туым
Отан мәңгі
гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің
символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің
міндетті парызымыз болып саналады.
2 Жүргізуші:
1992 жылғы
маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі
күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте
қалады.
1 Жүргізуші:
Отанымыздың
ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда
мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып,
құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік
рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің
Гимнімен бастайық. (Гимн
орындалады)
Ендеше алғашқы мерекелік құттықтау сөзі
мен өз
баяндамасымен ортаға мектеп директоры Патшагул сөз кезегі
беріледі.
1
Жүргізуші:
Сізге көп рахмет. Әрі қарай
жалғастыру үшін, іс шарамыздың кезеңдерімен таныс
болайық.
1 кезең - Сұрақ
жауап
2 кезең - Кім
жылдам?
3 кезең – Ойлан
тап
2
Жүргізуші:
Қатар шапқан қос
тұлпар,
Ай астында қазақ
үй
Қалықтаған жас
сұңқар,
Шарықтаған таза
күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі – дей отыра 1 кезеңімізді
бастайық.
Ойын шарты: Оқушылар
интерактивті тақтада берілген ұяшықтарды таңдайды және берілген
сұрақтарға кезек-кезекпен жауап береді. Берілетін уақыт: 1-минут.
Оқушы жауап бере алмаған жағдайда, басқа оқушылар жауап бере
алады.
2
Жүргізуші:
Жарайсыңдар
балалар!
1
Жүргізуші:
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер
мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман
ғып,
Боданына бұғауландық басқа
елдің.
Бабалардың басын тігіп
бәйгеге,
Аналардың жанарына жас
бердің!
Уа, Еркіндік, қош келдің!
– дей отыра 2 кезеңімізді
бастайық.
2
Жүргізуші:
2 кезеңнің ойын шартымен таныс
болайық. Ойын шарты: Бұл кезеңде оқушылар жылдамдыққа ойнайды.
Алдымен оқушылар өзара топ құрайды. Кейіннен берілген пластикалық
стакандардан 1 минут ішінде мұнара жасап шығаруы қажет. Стакандарды
уақытылы құрастыра алмаған топ жасырылған жұмбақатарға жауап
береді.
1
Жүргізуші:
Тартыс пен қызыққа толы болған
2 кезеңімізді де аяқтадық. Қатысқан оқушылардың барлығына
ризашылығымды білдіреміз.
2
Жүргізуші:
Уақыттың тез өткені
соншалықты, іс-шараның соңғы кезеңінеде келіп
қалыппыз.
1
Жүргізуші:
Таратады хас
үлгі
Киесіндей
жерімнің.
Бабам тұлпар
жаратты,
Құлынында
танып-ақ.
Тұлпар барда
қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ – дей
отыра 3 кезеңімізді
бастайық!
3 кезеңді бастамас бұрын
шарттарымен таныс болайық! Залда отырған бірнеше оқушыға
аяқталмаған мақал-мәтел беріледі. Мақал-мәтел берілген оқушылар рет
– ретімен оның жалғасын айтуы қажет. Айта алмаған оқушыға зал
ішіндегі оқушылар немесе ұстаздар көмектесе
алады.
2
Жүргізуші:
Іс - шарамызды аяқтамас бұрын
бізден кішігірім ән - шашу болсын. Ортаға “Көк тудың желбірегені”
әнімен Бөбек колледжінің студенттерін
шақырамыз!
1
Жүргізуші:
Осымен бүгінгі кішігірім іс -
шарамыз өз мәресінеде жетті!
Бүгінгі іс-шараға қатысып, ат
салысқан оқушылар мен ұстаздарға алғысымыз шексіз. Қош сау
болыңыздар!
Әннің
тексті:
Көк тудың желбірегені
–
Қазақтың асқақ
беделі.
Махаббат, қайрат
екеулеп,
Шымырлатқаны
денені.
Көк тудың желбірегені
–
Жаныма қуат
береді.
Таласқа түссе жан мен
ту
жан
емес,
маған
керегі-
Көк тудың
желбірегені.
Көк тудың
желбірегені-
елдіктің асқақ
өлеңі,
Жан-жаққа тартпай,
Қазағым,
бір сөзге жинал
дегені.
Көк тудың желбірегені
–
Жаныма қуат
береді.
Таласқа түссе жан мен
ту
жан
емес,
маған
керегі-
Көк тудың
желбірегені.
Көк тудың желбірегені
–
бақыттың
елжірегені,
Қиырда қалған
Қазақтың
Азат отанға жете
алмай
көзінің
мөлдірегені.
Осымен бүгінгі кішігірім іс -
шарамыз өз мәресінеде жетті!
Бүгінгі іс-шараға қатысып, ат
салысқан оқушылар мен ұстаздарға алғысымыз шексіз. Қош сау
болыңыздар!