Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
сыныптан тыс жұмыс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Отбасылық сайыс
Наурызым – асыл айым
Мұғалім сөзі:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Наурыздың 22-сі – барша мұсылман халқының жаңа жылы. Наурыз – жыл басы. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар.
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
Ой, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық.
1-жүргізуші:
Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
2- жүргізуші:
ДәстүрімізгеайналғанҰлыстыңҰлыкүні – Наурызқұттыболсын! Күлімдегеншуақтыкөктемменбіргеқазақдаласынажерәлемдіжайнатып, әншіқұстардысайратып, НаурызтойынтойлатыпЖаңаЖылкеледі. Ендеше, той құттыболсын! Ұлысоңболсын! Ақ мол болсын! Ұлымерекесіздерге тек жақсылықәкелсін!
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұлмереке, бұлтойдың
Шашуларыншашайық! (Шашушашылады). («Қошкелдің, Жаңажылым!» әніорындалады)
2- жүргізуші:
КонцерттікбағдарламаныбастамасбұрыноқушылардыңаузынанНаурызмерекесініңқалайтойланатынытуралысұрайық:
1-оқушы: ЖаңажылдаҚызыр баба үйгекірсе, олүй ауру-сырқаудан, пәле-жаладанаманболадыдегенсенімменНаурызғадейінадамдарүйінқағып-сілкіп, тазартыпқоятынболған.
2-оқушы: Ел арасында 21 наурызтүнідаланыҚызыр баба аралайдыдегенаңыз бар. Осығансенгенхалықдәулетдарып, баққонсындегенмақсатпенесіктерінашыпқояды.
3- оқушы:Бұлкүніауылбойжеткендеріөздеріұнатқанжігіттерінесоғымныңетіненпісірілген «Ұйқыашар» депаталатындәмдайындаған. Ал жігіттерқыздарғаайна, тарақ, иіссудантұратынсыйлықтарсыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» депатаған.
4- оқушы:Наурызмейрамынегізіненадамдардыңкөрісуіненбасталады. Жігіттертөңіректегібұлақтардыңкөзінашып, бұлақбасына тал еккен. Жаңашыққакүнгеиіліпсәлемберген. Ренжіскенағайындартатуласқан.
5- оқушы:Ұлыстыңұлыкүні кем дегендежетітүрлідәмнентұратын Наурызкөжедайындалады. Наурызкөжегесоғымнанқалғансүрет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.
Дәл осы кезде төмендегі видеоларды интерактивті тақтаға қою керек:
2-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.
1-жүргізуші:
Құттыболсынәркүнің,
Сыйла, бақытбаршаға.
Сәбидіңәсемшатүнін
Тыңдатабзаланаға.
Наурыз – достық,
Наурыз – күн.
Баршахалықбірлігі.
Тағыкелдіұлыскүн.
Жалғасыпғаламтірлігі
2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше тақтаға назар аударыңыздар(интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі):
видео
1-жүргізуші:
- Наурыз - шығыс халықтарының
жаңа жыл мейрамы. Наурыз - дүниенің ғарыштық сипатын, адам мен
ғарыштың ортақ тегін білдіретін мейрам. Олай болса, бүгінгі
мерекеге байланысты отбасылық сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер!
Мұғалім:
Құрметті ата –
аналар, Бүгін біздің топта «Шаңырақ»
сайысы болғалы отыр. Бұл сайысқа әдемі қыздарымыз аналарымен
қатыспақ. Сайысымыздың көрермені
болыңыздар.
Әділдікпен баға берер
отбасыларға
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Жүзден жүйрік отбасыны
Таңдап бүгін алайық.
- Ал, енді, отбасыларымызға әділ баға беретін әділ - қазыларымен
таныс болыңыздар:
жүргізуші:
Той деп бүгін көңіл тасиды,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Арамызда, бүгін солар сайыстың
Сөзден жүйрік, жыршы бетін ашады.
Сайысымыздың шарты:
1. Таныстыру
2. Отбасылық өнері
3. Ою ойып, түйме қадау
4. Қазақтың салт – дәстүрінен көрініс көрсету
5. «Ата мұраң - асыл қазынаң»
- тапсырмалар мен сұрақ - жауап.
1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, қонақтар!
Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Отбастарыңызға
аманшылық, мереке, бірлік, береке тілейміз. Ортаға «Шаңырақ»
сайысының сайыскерлерін шақырамыз.
2-жүргізуші
1-кезең
Ана – біздің күніміз,
Қыздар – біздің гүліміз.
Таныстырар өздерін,
Тамашалап көріңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді өздерін таныстыруға
шақырамыз
2-жүргізуші
2-кезең
Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Алдыңызда сайыскер
Ән салып, билеп береді.
Сайыскерлеріміз өнерлерін
көрсетеді.
1-жүргізуші
3-кезең
а) Ою ойғанның ойы ұшқыр.
б) Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер - демекші, ортаға аналарымызды ою оюға,
қыздарымызды түйме қадауға
шақырамыз.
«Көңілді
күн» әніорындалады.
2-жүргізуші
4-кезең
Жаңғырғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата – салтынбабамның
Алыпкелген осы күн.
Сайыскерлерімізқазақтыңсалт-дәстүріненкөрініскөрсетеді.
1-жүргізуші
5 - кезең: «Ата мұраң - асыл
қазынаң» - тапсырмалар мен сұрақ - жауап.
Аналарға
тапсырма
Ұлттық киімдегі екі қыз бала
табақшамен сандық және конвертті алып шығады. Әр отбасынан балалар
ортаға шақырылады. Сандық ішіндегі нөмірленген асықтарды алу арқылы
тапсырмаларын анықтайды. Тапсырмадағы сұрақтарға, отбасы ақылдасып,
бірігіп жауап береді.
«Байғазы»- балалардың, жастардың жаңа
киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық,
ақша.
«Көрімдік»- жаңа туған балаға, жас
келінге, құдасына, күйеуге береді.
«Бастаңғы»- үйдің үлкендері жол жүріп
кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы
ауырмасын «Бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі - жастардың сол
үйде ойын - сауық жасап, бас қосуында.
«Жасау»- ұзатылған қызға берілетін
дүние - мүлік. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет,
ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі заттар
берген. Жасауды қыздың еншісі десе де
болады.
«Қырқынан
шығару»- әдетте баланың туғанына
қырық күн толған соң, баланы ыдысқа, 41 қасық су құйып шомылдырады.
Бұған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастарқан
жайылады.
«Ерулік»- ауыл ортасына жаңа үй көшіп
келсе, қоныстанса, сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік»
деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл - жаңа адамдарды бөтенсіретпей,
өз ортасына тартудың, сыйласудың үлгісі.
«Бесікке
салу»
Балаларға тапсырма
5 - кезең: «Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілесің»- отбасы балаларына тапсырма
Әр отбасының балалары ортаға шақырылып, асықтар алыптапсырмаларды
анықтайды.
1• Бес қаруды
атаңыз. (мылтық, садақ, найза, қылыш,
айбалта)
2• Жеті
жетім:
Тыңдаусыз қалған сөз жетім
Қиюсыз қалған бөз жетім
Иесіз қалған жер жетім
Басшысы жоқ ел жетім
Аққу, қазсыз көл жетім
Елінен айырылған ер жетім
Замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім
3•
Жеті атаны
айт.
4• Үш арсыз(ұйқы арсыз, тамақ
арсыз, күлкі арсыз)
5• Жеті қазынаны білесің
ата.
Ер жігіт
Сұлу әйел
Ақыл, білім
Жүйрік ат
Қыран бүркіт
Берен мылтық
Құмай тазы
6• Үш
тәтті
Жан тәтті
Мал тәтті
Жар тәтті
7.Жеті жоқ
1.Жерде өлшеуіш жоқ
2.Аспанда тіреуіш жоқ
3.Таста тамыр жоқ
4.Тасбақада талақ жоқ
5.Аллада бауыр жоқ
6.Аққуда сүт жоқ
7.Жылқыда өт жоқ.
2 –
жүргізуші
- Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан
Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен,
Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман
ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.(Қыдыр ата
келеді)
Хормен: Қош келдің Қыдыр ата!
Қыдыр ата бата береді.
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын,
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын,
Елдің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге құрмет болсын.
Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң
болсын! Аумин
1 - жүргізуші: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші, бүгінгі
сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгінгі отбасыларымыздың
өнерлі екенін байқадыңыздар.
Ұлтымыздың әр сөзі,
Асып жатыр кәдеге.
Отбасылардың жарысы,
Келіп жетті мәреге
- дей келе әділқазылар сөз кезегі сіздерде.
Жүргізуші: осымен наурыз мейрамына арналған отбасылық жарысымыз
аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт
әкелсін! Ұлыс оң болсын! Қош сау
балыңыздар!
1 –
жүргізуші
Әділқазы әділ төрелігін
айтқанша, «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Әділқазыларға сөз береміз.
Берілетін номинациялар:
1. Үлгілі Ана Көркем қыз.
2. Мейірімді Ана Парасатты қыз.
3. Өнерлі Ана Ақылды қыз
4.Дана Ана Көркем қыз
5.Ақылгөй Ана Ару қыз
6.Шебер Ана Өнерлі қыз
7.Көрікті Ана Үлгілі қыз
Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебі
Наурыз мерекесіне арналған
Отбасылықсайыс
Тақырыбы:Наурызым – асыл айым
Өткізген : Халел Марзия