Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Абай және музыка" 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс "Абай және музыка" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың музыкалық шығармашылығы туралы оқушылардың білімдерін кеңейту, ақынның әндері мен күйлері арқылы қазақтың музыкалық өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
1029
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.Касымова,

Златогорка орта мектебінің

музыка пәні мұғалімі.

Айыртау ауданы, СҚО



Тақырыбы: Абай және музыка

(сыныптан тыс жұмыс)

Тәрбиелік мақсаттары:

Абайдың музыкалық шығармашылығы туралы оқушылардың білімдерін кеңейту, ақынның әндері мен күйлері арқылы қазақтың музыкалық өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, ақын портреті, аудио –диск, кітап көрмесі «Абай –дана, Абай - дара»

Кіріспе. (мұғалім сөзі)

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй!

Қазақстан Республикамыздың тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен. Біз бүгін іс- шарамызды Абайдың музыкалық шығармашылығына арнаймыз. Сіздер Абайдың әндерінің сырлылығын, әсемдігін сезініп, жүрекпен тыңдайтыңыздарға кәміл сенемін!

1-оқушы: Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың өлеңдері мен әндері де халық арасына кеңінен тараған. Абай сазгер ретінде қазақ музыкасының алтын қорына теңдесі жоқ үлес қосты. Оның атақты өлеңдері бірнеше тілдерге аударылды. Орыс және қазақ халқының музыкалық мәдениетін жақындастыру жолында еңбегі зор. Абай орыс әндерін ғана емес, классикалық музыканы да жақсы білген. Орыс және Еуропа музыкасы жөніндегі түсінігінің кеңейуіне сол кезде Санк – Петербург қаласында оқып жүрген ұлы- Әбдрахманның да ықпалы болды. Өйткені ол скрипка аспабында ойнай білген, ал Абай қолына домбырасын алып,оны сүйемелдеген. Абай нота сауатын меңгермей, әндер шығарған.

Қазақтың белгілі сазгері,академик, профессор, өнертану ғылымының докторы Ахмет Жұбанов өзінің «Замана бұлбұлдары» атты кітабында « ...Абайдың әндері жан-жаққа таралып, тез жатталып кететіні туралы айтып кетті ...»

Абай ең алғаш рет орыстың лирикалық өлеңдерін қазақ тіліне аударған. А.С. Пушкиннің «Татьянаның хаты» , «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін орыстың ақыны М.Лермонтовтың шығармасынан аударған. Ақын түнгі табиғатты көркем тілмен бейнелей отырып, ән шығарған. Сөйтіп, қазақ музыка өнерінде алғаш рет романс жанрын енгізген.

Ән: «Қараңғы түнде тау қалғып».

2-оқушы: Келесі ән естіген жанға жағымды, өлеңімен, әнімен ерекшеледі. Көз алдымызға жарық ай астында тымық түнді елестетіп көрейік!

Ән: «Желсіз түнде жарық ай».

Лирикаға, махаббатқа толы әнінің бірі: «Көзімнің қарасы» әні оқушылардың орындауында.

Музыка зерттеушілері Абайдың әндерін жоғары бағалаған. Оның басқа әндерден өзгеше екенін дәлелдеген. Оның әні мен сөзі бір – бірімен тығыз байланысты. Ақынның қазақ халқының шешендігін, қызыл тілдің құдіретін мадақтап, халықты адамгершілікке, еңбек етуге шақыратын әнінің бірі: «Сегіз аяқ» әні.

Вокалдық лириканың керемет үлгісі ретінде «Айттым сәлес Қаламқас» әнін айтуға болады. Өлеңнің мәтіні лирикалық монологқа толы, ғашығына деген шексіз сезімі тынып тұрғандай!

Ән: «Айттым сәлес, Қаламқас»

Абай әндері өзінің терең сырлығымен, әсемдігімен көптеген сазгерлердің шабытын оятып, қиялдарын ұштаған. Ақынның «Торжорға» , «Май түні» атты күйлері де бар. (күй тыңдау)

Абайдың өмірбаянын бейнелейтін үлкен шығарма – «Абай» операсы. Әуенін жазғандар: А.Жұбанов пен Л.Хамиди, либреттосы М.Әуезовтікі. (үзінді тыңдау)

Е.Брусиловскийдің «Жалғыз қайың», А.Жұбановтың симфониялық поэмасы

« Абай», «Абай әндері » атты Л. Хамидидің кинофильмге жазған музыкасы, Шабельскийдің «Памяти Абая» фортепьянолық триосы және де ақынның сөздеріне жазылған сазгерлердің әндері мен романстары баршылық.

Соңы. «Өзгеге көңілім тоярсың» » әні.





.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!