2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс. Адамдық борышың... (Шәкәрім Құдайбердіұлының шығарамашылығы) Жас мамандар байқауы

Сыныптан тыс жұмыс. Адамдық борышың... (Шәкәрім Құдайбердіұлының шығарамашылығы) Жас мамандар байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандар байқауы. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған жас мамандар байқауының сценарийі
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Адамдық борышың...

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық,- деп жырлаған.

20-ғасырдың басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болып, Алашорда қайраткерлерінің еңбегін жоғары бағалай білген, Абайдың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосушы, ұлы ойшыл, композитор, аудармашы болған қазақтың біртуар ұлы, ақын  Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойына байланысты қаладағы Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінде "Адамдық борышың..." атты жас мамандар арасында әдеби танымдық сайыс болып өтті.

Сайыстың мақсаты жас ұрпақ арасында Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармаларын дәріптеу, ақын туындылары арқылы өмірге деген оң көзқарастарын қалыптастыру, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына ізденіс машықтарын ояту арқылы тәуелсіздіктің бағасын сезіндіру, туған жерді сүюге, тілді қадірлеуге тәрбиелеу болды.

Сайысқа жас мамандардан құралған 2 топ қатысты. Олар ақын өмірі мен шығармашылығына, сонымен қатар ақынның қайраткерлік жолына байланыст 12 ұяшықтан құралған түрлі аудио, видео сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімділіктерін көрсетті. Әсіресе математика пәнінің мұғалімі Пурханова Салтанат пен орыс тілі пәнінің мұғалімі Қуанышбай Ғалия ерекше белсенділіктерін танытып, ұйымдастыру тобының арнайы сыйлығына ие болды.

Іс-шараға тіл мамандары, жоғары сынып оқушылары және мектебімізге келген қонақтар қатысты. Кеш барысында ақын сөзіне жазылған бірнеше әндер орындалып, төлтуындылары оқылды. Ал,жоғары сынып оқушылары Шәкәрім атамыздың өмірі мен қайраткерлік жолына байланысты сахналық көрініс көрсетіп, ақынның ақталу жолындағы көрген қиындықтары мен ауыр тағдырын бір сәт көрерменнің көз алдынан өткізді. Жиналған қауым Шәкәрім бейнесін сомдаған 11 – сынып оқушысы Оралбай Сәкен мен ақынды жазықсыз ату жазасына к ескен Абзал Қарасаровтың бейнесін сомдаған Кеңесбай Абайдың өнерлеріне ризашылықпен қол соқты.

Сайыс соңында жас мамандардан құралған А тобы 90 ұпай жинап, жеңіс биігінен көрінді. Осылайша Шәкәрім өміріне арналып ұйымдастырылған әдеби танымдық сайыс өз мақсатына жетті. «Халық жауы» ретінде айыпталып, бірнеше жыл бойы шығармаларын оқуға тыйым салынған Ш. Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу», «Ләйлі-Мәжнүн» сынды дастандар, «Әділ-Мәрия» романы, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабы, діни қисындарды халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбектері жарық көрді.

Тек 1988 жылы ғана Шәкәрім ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Ол шығармаларында демократиялық, халықтық және гуманистік көзқарастарды насихаттады. Таза да жарқын махаббатты жырлай отырып, бас бостандығы идеясын алға тартты, оның асыл мұраттары үшін күреске шақырды. Адамгершілік, ар-ұждан тақырыбына жазған ойшыл да парасатты туындылары баршамызға рухани азық екені даусыз. Олай болса,

Адамдық борышың – 
Халқыңа еңбек қыл.

Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң – 
Шын бақыт‚ 
Осыны ұқ, 
Мәңгiлiк өлмейсiң! - деп жырлаған Шәкәрім мұрасы -- халық мұрасы, ал артында іздейтін халқы барда ақын мәңгі жасай бермек.

Бәймішева Айгүл

Қызылорда қаласы,

Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

14 Желтоқсан 2018
745
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі