Тақырыбы : «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
»
Мақсаты :Оқушы бойына әлемдегі асыл дүние-ананы
сыйлауға,адамгершілік сезімін ұялатуға,әсемдікті сүйе білуге
баулу.
Ұйымдастыру кезеңі
: 1.Қонақ
шақыру;
2.Ән-күй,би даярлау
;
3.Сұрақтар даярлау
;
4.Өлең
шығару;
Көренкілігі
: 1) Аналар жайлы нақыл
сөздер,өлең жолдарын жазу ;
2)Тақырыптық газет ,құттықтау
телеграмма .
Әдісі
: Әдеби-музыкалық композиция
,пікір алмасу.
Барысы
:
Жүргізуші
(Музыка ырғағымен «Асыл анам»
әнін орындайды )
2-жүргізуші
:Жансая ,сен бізге келген
қонақтармен амандасып алмай, ән орындап кеткенің не ?Амандасып
алайық.Амансыздар ма,құрметті қонақтар !
1-жүргізуші
:Елнұр,бүгінгі күн ерекше күн
ғой және келген қонақтар да жай қонақтар емес «аналар»ғой.Сәби
өмірге алғаш келгенде өз сезімін уілдеген үнімен білдірсе,ер жете
келе мен өз сезімімді әнмен жеткізе қарсы алғым,амандасқым
келді,қабыл алыңыздар ,аяулы аналар!
2-жүргізуші
: Сенікі дұрыс екен.Бүгінгі күн
,аяулы аналар,сіздер үшін де,сәбилеріңіз біздер үшін де ерекше күн
болмақ.Қиын да қысылтаяң кезде шыдамдылықпен,ақылмен мейіріммен
аялай мәпелеп,еркелігімізді кешіре жол сілтеген,ардақты
аналар,бүгінгі балалық сезіміміз,алғысымыз,әсем әніміз,көңілді
күйіміз ,демалыс кешіміз сіздерге
арналады.
Екеуі
: Қош келдіңіздер,аяулы
аналар,құрметті қыздар !
Ән «Мерекем»Орындайтын
Нурғалиев Елнұр
1-жүргізуші
: Әлемнің жарығын сыйладың сен
маған.Даланың әр гүлін жинадың сен маған,иә ,иә, бүгінгі
кездесуіміз әлемнің жарығын сыйлаған,өмір махаббаты мен жақсылықты
сыйлаған ардақты аналарға арналады.Бүгін біздің ортамызда сыйлы да
құрметті аналарымыз,ұстаздарымыз,сонымен бірге қонақ болып келіп
отырған ардагер-ұстаздарымыз да бар.Бүгінгі арайлап атқан нұрлы
таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,аналар,бүгінгі
сән-салтанат та өздеріңізге арналады.Сәбира апай,Нұржан
апай,Әуесхан апай,Әбзел апай,Бақыт апай,Сәбетгүл апай,Нағима апай,
Майраш апай,Айсұлу апай,Гүлнар апай ,Әсия апай, Жаңылсын апай
,сіздерді қошеметпен ортаға шақырамыз !
Қош келдіңіздер,аяулы
,ардақты,абзал жандар !
2-жүргізуші
: Армысың ,ауылымның асылдары
,
1-жүргізуші
: Жайнасын көңілдердің жасыл
бағы .
2-жүргізуші
: Сіздер үшін ән мен күй ,өлең
мен би,
1-жүргізуші
: Сіздер үшін мереке шашулары
.
Би. «Кең жайлау » 7-сынып
қыздарының орындауында
2-жүргізуші
: Сен білесің бе ,дүниедегі ең
сұлу кім ?
1-жүргізуші
: Әрине,дүниедегі ең сұлу –ол
қазақ әйелі .
2-жүргізуші
: Солай ма, қалайша
?
1-жүргізуші
: Қазақ әйелі –бар мұратын
отбасының игілігіне байлаған,әлемдегі ізгі
адам.
2-жүргізуші
: Қазақ әйелі-бар тілегін
перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана
.
1-жүргізуші
: Қазақ әйелі-бар бақытын некелі
ерінің талайынан күткен ,әлемдегі ең адал
жар.
2-жүргізуші
: Ұлттың
ұйтқысы.
1-жүргізуші
: Ұрпақтың
анасы.
2-жүргізуші
: Ендеше ,бүгін ,міне, ортамызға
ел анасы ,аяулы ұстаз Әуесхан апай келіп
отыр.
1-жүргізуші
: Қазақ деген халықтың болашақ
жастарын тәрбиелеуге 40 жыл бойы үлес қосып,бірнеше немерелер
өсіріп отырған Сәбира апай да ортамызда.
2-жүргізуші
: 5 бірдей ұл-қыз
өсіріп,халқымыздың демографиялық өрлеуіне өз үлесін қосып отырған
ардақты аналар –Айсұлу ,Майраш апайлар.
1-жүргізуші
: Өмірді әнмен баурап ,сәнге
бөлеуге үлесін қосып жүрген ұстаз-әншіміз Жаңылсын
апай.
Қош келдіңіздер,қадамдарыңызға
гүл бітсін !
2-жүргізуші
: Бүкіл әлем аналардың сүтінен
нәр алған,
1-жүргізуші
: Бүкіл әлем аналардың үмітінен
таралған.
2-жүргізуші
: Әлемде сен болмасаң
осылайша,
1-жүргізуші
: Туар ма еді жүрегімде биік
мақсат,игі арман?!
2-жүргізуші
: Ән «Анашым» Орындайтын
Тоқтасын Жанат
1-жүргізуші
: Иә,бүгін мақтасақ –барлығын
жеңетін ,тіршіліктің бұлағы әйел-ананы
мақтайық.
2-жүргізуші
: Ажал оның алдында бас иетін
–нағыз күшті әйел-ананы мақтайық.
1-жүргізуші
: Қандай бөгет болса да
,махаббатты аттап өтетін ,жаһан емшегін емген ананы
мақтайық.
2-жүргізуші:Бізге қажымас қайрат беретін
де сол аналарға құлдық ұралық!Аристотель,Фердоуси,Жәнібек пен
Абылай ,Шоқан, Махамбет пен Исатай,Мағжан мен Қайрат,Нұрсұлтан мен
Тоқтар сол әйелдің ұлдары ,ананың ақ сүтін
емген.
Ән. «Ару ана» Орындайтын:
Нұрмұхамет Айгерім
1-жүргізуші
: Эпостағы Гүлбаршын мен
Құртқа,Ақжүніс пен Назым ,тарихтағы Домалақ ана ,ел билеген
Айғаным,қол бастаған Бопай,сақ патшайымдары Томирис пен Зарина ,ел
қорғаған Гауһар ана.Бәрі ,бәрі –бір ғана атқа ие «АНА».Ендеше сол
аналарды мадақтайық !
2-жүргізуші: Бәрі де –ана ,бір өзіңнен
басталады ,
1-жүргізуші
: Қуандық па –өзің бар деп
қуандық.
2-жүргізуші: Жыладық па-өзің жоқ деп жас
тамды,
1-жүргізуші
: Бәрі де –ана ,бір өзіңнен
басталады,-дей отырып, бүгін біздің ортамызға келіп отырған
аналарға құрмет көрсете отырып,аяулы ана, ұстаз,шәкірттердің
ақылшысы ,білім беру ісінің үздігі.
2-жүргізуші: Сәбира апай халқымыздың
тарихын бала санасына жеткізе , қызықтыра жетелей
отырып ,Отанын сүюге ,өмірге
көзқарасын қалыптастыруда зор еңбек сіңірді.Шәкірттері Сәбира
апайды анасындай сыйлап,ардақ тұтады,еліміздің түкпір-түкпірінде
еңбек етуде.Апай,сөз кезегі өзіңізде.
(Сәбира апай сөз алып,өз
тілегін білдіреді ).
1-жүргізуші
: Құрметті қонақтар,бүгінгі күн
де бір ерекше нұрын төге ,бар дүние дүр сілкіне ұйқысынан ояна
көктемнің алғашқы шуағын аялай шашып,аналарды,қыздарды
шабытқа,даңққа бөлеп,құттықтап тұрғандай емес
пе?
2-жүргізуші: Ендеше біздің ортамызда аяулы
да ардақты ұстазымыз Әуесхан апай отыр.Апай ,мына ұл-қыздарыңызға
ана ретінде қандай тілек тілер едіңіз? (Тілегін айтып,батасын
береді )
1-жүргізуші
: Ардақты ана,аяулы ана
,қымбаттым,
2-жүргізуші: Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн
қаттың.
1-жүргізуші
: Өміріме нәрін берді ақ
сүтің,
2-жүргізуші: Кең құшағың-аясындай гүл
бақтың,-деп әніміз бен алғысымызды өздеріңізге арнаймыз,аяулы
аналар,сіздердің өмірлеріңіз бізге үлгі.
1-жүргізуші
: Өтеуге
борышың
Анашым, жан
сырым.
Іздедім сен
үшін,
Әлемнің
асылын.
Әлемнің
байлығын,
Сыйлар ем, кеш
мені,
Сыйлар ем
ай-күнді,
Қолыма түспеді,-демекші сізге
,сіздің атыңыздан барлық аналарға өз музыкалық сәлемін Ысқақ Жомарт
жолдайды.
Ән. « Алтын ана» Орындайтын
Ысқақ Жомарт
2-жүргізуші: Тұлғаңды арманыма
ұқсатқанмын,
1-жүргізуші
: Үлгімді көңіліме
қыстатқанмын,-деп жыл сайын алдыңызда 40 жыл бойы шәкірттеріңіз
қайталаса,ол-сіздердің еңбектеріңіз.Сіздерге шәкірттеріңіз біраз
сұрақтар қоймақшы,рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Бүбіжар апай, Сәбетгүл апай
,сіздерге қиын тиген сәттер болды ма ?
1-жүргізуші: Бақыт апай, сабағыңызды әдеби
шығармалармен байланыстырып,қызықты етіп өткізуге уақытыңыз қалай
жетті ?
2-жүргізуші: Гүлнар апай,сіздің ұстаздық
мамандықты таңдауыңызға не себеп болды ?
1-жүргізуші: Әбзел апай ,сіз өміріңізге
ризасыз ба ?
2-жүргізуші: Құрметті
қонақтар,ұстаздар,келесі орындалар Ұстаз туралы ән сіздерге
арналады .
1-жүргізуші: Мен бәрімін, таңырқама сен
оған,
Әншің де мен ең бірінші
тыңдаған.
Байқадың ба ,биледің ғой мені
шын ,
Барлығы да болдым ботам сен
үшін,-дей келе әнімен аялап,жырымен тербеткен өнер
иелері-аналарымыз отыр.Өмірге келген күннен бастап ана әлдиі өмір
бойы тербетері сөзсіз.Ендеше әнші,биші аналар атынан Нағима апай
мен Жаңылсын апайға сөз кезегін берсек.
2-жүргізуші: Нағима апай, Жаңылсын
апай,бұл менің ғана емес,осы отырған оқушы-шәкірттердің де
ойы.Бағанадан бері әндеріңізді құмарта тыңдауға асығуда ,біз үшін
бір ән орындап берсеңіздер қайтеді ?
(Ән орындалады
)
1-жүргізуші: Рахмет,
апайлар.Сұрақтарға кезек
берсек.
2-жүргізуші: Нағима апай,сіздің осыншама
өнер,дарындылықты бойыңызға сіңіруге не себеп болды
?
1-жүргізуші: Біз сіздерге және өнерлі
аналарымызға әндеріңіз асқақ,көңілдеріңіз көтеріңкі,дендеріңіз сау
болсын демекпіз және өздеріңізден нәр алған өнерпаздардың
орындауындағы әнді ұсынамыз.
Ән «Асыл әжем
» Орындайтындар Әжет
Назым,Муталипова Аулым,Карим Айгерім
2-жүргізуші: Шәкірттеріңіздің аналар
жайында жазылған арнауларын қабыл
алыңыздар.
1-жүргізуші:Құрметті біздің аналар ,аяулы
қыздар!Сіздерді құттықтап шәкірттеріңіз келіп отыр.Сіздерге өз
алғысымызды,құттықтауымызды, рахметімізді өнерімізбен көрсеткіміз
келеді.Ана туралы жырламаған ақын жоқ шығар.Енді сол жырларға кезек
берейік.
(Концерттік бағдарлама
ұсынылады)
2-жүргізуші: Жүрегім жыр
толғайды,
1-жүргізуші: Көңілім
ортаймайды.
2-жүргізуші: Анасы бар
адамдар
1-жүргізуші: Ешқашан қартаймайды,-деп
,сіздерге «Ешқашан қартаймаңыздар»дегіміз
келеді.
Ән «Ана туралы жыр».
Орындайтын Оралбай.
Бәрі
: (Қайырмасына қосылады ,ұлдар
аналарды биге шақырады).
Әлдилеп аялап,өсірген
жемісін,
Самал жел ,сая бақ,құшағың мен
үшін
Есейіп кетсем де мен саған
сәбимін
Көгілдір көктемді көзіңнен
танимын.
1-жүргізуші: Аяулы біздің аналар,қыздар,
мерекелеріңіз құтты болсын!Орамал тон болмайды,жол болады
дегендей,шәкірттеріңіздің аздаған сыйлығын қабыл алыңыздар
!
2-жүргізуші: «Көріскенше күн нұрлы
болсын! Әрқашан балаларыңыздың құрметіне
бөленіңіздер!»-дейміз.

(Кездесу
8 ә
сыныбы
9 а
сыныбы