Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс. "Арайлы алтын күз" күзгі бал 5-9 сынып

Сыныптан тыс жұмыс. "Арайлы алтын күз" күзгі бал 5-9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың күз мезгілінің ерекшелігі туралы, күзгі молшылық, береке туралы түсініктерін кеңейтуге, күзде атқарылатын жұмыстар туралы түсінік беруге, оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, өз халқының салт - дәстүрін біліп жүруге тәрбиелеуге, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыруға көмегі зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3437
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Күзгі бал-2017»

«Арайлы алтын күз» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың күз мезгілінің ерекшелігі туралы, күзгі молшылық, береке туралы түсініктерін кеңейту. Күзде атқарылатын жұмыстар туралы түсінік беру. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, өз халқының салт - дәстүрін біліп жүруге тәрбиелеу. Тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Армысыздар патша көңіл көрермендер. «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Күз дегеніміз - жазық даланың дархан дастарханы.

Күз дегеніміз - байлық, молшылық, достық және татулық.
Жүргізуші:
Бойға жиып ата - баба салтын біз,
Мерекеде шат көңілді жарқынбыз
Берекесін, молшылығын әкелген,
Мезгілдердің төресі ғой Алтын күз - деп бүгінгі берекелі, мерекелі

алтын күз құтты болсын!
Жүргізуші:

Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі бал» сын - кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.

Құрметті көрермендер «Арайлы алтын күз» атты байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші:

Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып кетейік осы отырған баршаңа,- дей отырып, құрметті көрермендер әділ баға беретін әділ қазы алқаларымен таныстырып өтейік.
Әділ қазы алқалары:

1. Бажирова Шайзада
2. Қадірқұлова Жансая
Бағдарламамен таныстырып өтсек:

1-кезең: 1. «Сәлем - сөздің атасы» Таныстыру

2. «Күз береке молшылық» тақырыбында эмблема, қабырға газеттерін шығарып қорғау.

2-кезең:«Кім білгір» (сұрақ – жауап, жұмбақ шешу, мақал мәтел жалғасын табу )

3-кезең: «Өнерлі өрге жүзер» (пародия көрсету )

4-кезең: «Дәрумендер денсаулық сақтаушысы» күзгі байлықтардан жарнама, экибана

5-кезең: «Күз сыйы» (күзгі көкөністерден, жеміс – жидектерден салат дайындап, жасалу жолдары туралы айту)

6-кезең: «Сымбат көрік, сәндік өнер» ( сән үлгісі және шаш үлгісін көрсету)

Жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші кезеңі таныстыруға кезек берейік. Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал-2017» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.

Жүргізуші:

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді.
Білім-ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғамыз бәріміз!

Жүргізуші:

Қол соғып қошеметтеп ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз, қарсы алыңыздар. !

1–ші топ «Алтын күз»

2-ші топ «Ақ бидай»

3-ші топ «Күзгі бақ»

Жүгізуші:

Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз

1-кезең: 1. «Сәлем - сөздің атасы» Таныстыру

2. «Күз береке молшылық» тақырыбында эмблема, қабырға газеттерін шығарып қорғау.
Жүгізуші:

2-кезең:«Кім білгір» деп аталады. Тақтадағы ұяшықтарды ашып, ондағы сұраққа жауап береді, жұмбақтардың шешуін табады, мақал - мәтелдердің жалғасын табады ) Сөз кезекті әділ қазыларға береміз.
Жүгізуші:

Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Жұптарға сөз берелік жеке-жекелеп.

3-кезең: «Өнерлі өрге жүзер» (пародия көрсету ) сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
Жүгізуші:

4-кезең: «Дәрумендер денсаулық сақтаушысы» күзгі байлықтардан жарнама, экибана

Бұл сайысымызда қатысушыларымыздың дайындап келген қол өнерлері бағаланады.
Сөзді әділ қазы алқаларына береміз.

Жүгізуші:
Жақсы асын сақтайтын қонақтарға,
Қашан келер, кім келер болжам бар ма?
Ақ дәмін, ақ ниетін жайып салған,
Кім жетер пейілі кең адамдарға!

5-кезең: «Күз сыйы»

Ас мәзірін анасының қасында жүріп үйреніп жүретін қыздарымыздың салаттарына кезек береміз. 

Шарты: Әр сынып көкөністерден, жеміс – жидектерден салат дайындап, жасалу туралы айтады.


Жүгізуші:
Модельер болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп

6-кезең: «Сымбат көрік, сәндік өнер» ( сән үлгісі және шаш үлгісі) сайысы.

Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс.

Табиғи материалдарды пайдалануына да болады. Әр жұп дайындаған киімдерін киіп сән үлгісін және шаш үлгісін көрсетеді.
Ал, әділ қазы алқасылары дайындап келген күзгі сән үлгісі мен шаш үлгілеріне қойған бағаларын тыңдайық.
Жүгізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізетін мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
«Күзгі бал-2017» «Арайлы алтын күз» атты байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз!

Жүгізуші:

Ендігі кезек әділ қазыларда!
Осылайша сайысымыз өз мәресіне жетті.
«Арайлы алтын күз» атты байқауының жеңімпаздары: І орын «Алтын күз» тобы және ІІ орын «Күзгі бақ» тобын қошеметпен ортаға шақырамыз. Ең бастысы жоғарыда айтып кеткенімдей біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал-2017» «Арайлы алтын күз» атты сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару. Олай болса олар да анықталды.
«Күз ханзадасы»: Баимрза Медеухан
«Күз ханшайымы»: Амангелді Ақбаян



Жүгізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстауым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!
Осымен
«Күзгі бал-2017» «Арайлы алтын күз» атты сайысымыз

аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ