Тақырыбы: Бірлігі жарасқан, біздің ел -Қазақстан!
«Отан-ортақ
үйіміз»
Мақсаты: Балалардың
бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, халықтар
достығын дәріптеу,көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін
нығайтуға ат салысатын азамат
болуға,мейрімділікке,татулыққа,,достыққа,адамгершілікке
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұрандар,
қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.
1-жүргізуші:
Ернар
Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! 1- мамыр -Бірлік,ынтымақ мерекесі құтты болсын!
2-жүргізуші:Ақниет
Армысыздар, құрметті қонақтар,ұстаздар,ата-аналар! Мектепалды даярлық сыныбында өткелі отырған «Бірлігі жарасқан, біздің ел Қазақстан» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Ернар
Қазақстан-достықтың мекені.Қазақстан-бірлік пен татулық ордасы.
2-жүргізуші: Ақниет
Қазақстан- көпэтносты,көп тілді мемлекет.Құшағы кең, мейірім мен ынтымақ ұясы.
1-жүргізуші: Ернар
Жарасқан халқы алаштай,
Отандас ұл-қыз екенбіз.
Орманда өскен ағаштай,
Татумыз,доспыз, бекембіз.
2- жүргізуші: Ақниет
Әр адам- тұлға, саңылақ,
Бірлікті жүрер ұмытпай.
Қазақстаным-шаңырақ,
Әрбір ұлт бір-бір уықтай.
1-жүргізуші: Ернар
Киініп бөлек талғаммен,
Бақытты болып күлеміз.
Түріміз өзге болғанмен,
Жанымыз ұқсас, бір,егіз!
2-жүргізуші Ақниет
Шаттықпен ғұмыр кешеміз,
Ынтымақ мәңгі болса екен.
Жерұйық қайда десеңіз,
Қазақстанды көрсетем.
Олай болса, ортаға Қазақстанды өз Отаны санайтын ұлттардың достығын паш ететін мектепалды даярлық балаларын шақырайық!
/ортаға әр ұлттың киімін киген балалар шығады,ортаға қазақ қыз-жігіті боп киінген балалар шаңырақ көтеріп ,қалған балалар әр түрлі ленталарды ұстап шығып,қатарға жарты шеңбер жасап тұрған соң,әнұран орындалады/
Әнұран: «Қазақстаным» хор
1-оқушы:Расул/қазақ жігіті/
Мен қазақтың баласы
Қазақстан мекенім
Сыйғызған бәрін даласы
Достыққа ашып жүрегін
2-оқушы Балғын/Қазақ қызы/
Жүз қырық ұлт өкілін
Бауырға бастық жатсынбай.
Береке, бірлік ұраным,
Бейбітшілік жыр-әнім.
3- оқушы: Арнұр/Қазақ жігіті/
Көк туымыз желбіреп
Көгімде қыран самғасын.
Берекеміз берік боп
Достықтың жібі жалғансын.
4-оқушы: Камила/үнді/
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды.
5-оқушы: Мағжан/үнді/
Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
6-оқушы Алтынай Ж /украйн/
Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен тарихын дәріптеп, қазақстандағы татулық пен келісімді паш етеді.
7- оқушы Руслан /украйн/
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы , ынтымағы, бірлігі мәңгі жасай берсін! Қазақстан біздің ортақ үйіміз.
2-жүргізуші: Ақниет
Түрік биі орындайтын Аймұханбетова Алтынай
8-оқушы Аслия /неміс /
Болсын жер мен су да
ортақ.
Болсын
біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара,
сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
9-оқушы: Ернұр
/неміс/
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
4-оқушы:Кәусар
/корей/
Алтай, Кавказ ұласып,
Бауырайы әсем кең жатыр.
Бақытты әні шарықтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
5-оқушы:Диас
/корей/
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
1-жүргізуші: Ернар
Ән: «Атамекен»
2-жүргізуші: Ақниет
Үнді биі орындайтын
Ержанқызы Камила
6-оқушы: Алтынай
А/түрік/
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз бейбіт күн,
Ашық болсын көк аспан
7-оқушы: Аяла/армиян/
Қазақ елі,Қазақстан жыр
елі,
Ынтымағы жарасады киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Бауыр басқан ұлттар өмір сүреді.
8-оқушы:Нұрқасым/Өзбек/
Бір-бірімен тату тәтті
тұрады,
Бәрінің де Қазақстан - тұрағы.
Көк аспанда көк тулары желбіреп
Аспанында қалықтайды қыраны.
1-жүргізуші: Ернар
Испан биі орындайтын Бағалтаева Мадина
2- жүргізуші:Ақниет
Ән: Отан - ортақ үйіміз
Корей халқының биі.Орындайтын Ерболова Кәусар
1-жүргізуші Ернар
Қазақ жері – қонақжай төрдің жері
Қазақ елі – қас Сақтай ердің елі
Толқынында тарихтың қуғын көрген
Барша ұлтқа құт мекен болған еді
2-жүргізуші: Ақниет
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
1-жүргізуші Ернар
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде, еңбекте,мерекеде,
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
2-жүргізуші: Ақниет
Достықтары тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын өр елден
Бейбітшілік құсы көкте самғасын
Қазақстан шарықтай бер кемелден.
Олай болса, ел іргесі тыныш, бірлігіміз бекем болып,бейбіт өмірде бақытты ғұмыр кешейік дей отыра «Ақ көгершін» әнімен ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
/Оқушылар «Ақ көгершін» әнін айтып болған соң, далаға шығып, шарға байланған қолдарынан жасаған көгершіндерін ұшырады/
Ән: Ақ көгершін/хор/
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс "Бірлігі жарасқан,біздің ел- Қазақстан"

шағым қалдыра аласыз