Шығыс Қазақстан
облысы
Үржар
ауданы
«Қарақол орта мектеп-бақшасы»
КММ
Математика пәнінің
мұғалімі:
Карыбаева Сауле
Шешкеновна
2017-2018 оқу
жылы
Сыныптан тыс жұмыс: 9
сынып
«Эрудит шоу» жас
математиктердің интеллектуалдық
ойыны
Математика мұғалімі: Карыбаева
Сауле Шешкеновна
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: логикалық, теориялық, әзіл
тапсырмаларды шешу арқылы оқушылардың интеллектуалдық деңгейін
арттыру;
Дамытушылық: Ақыл-ойды дамыту.
Математикалық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру.
Қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды
қалыптастыру.
Математикалық білімді игеру
мақсатында практикада қолдану. Болмысты, табиғат пен қоғамды тануға
қажет математикалық мазмұндай білу. Алдына қойылған сұраққа немесе
есепті шығаруға оптимальды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап
беруге дағдылану, ұмтылу.
Тәрбиелік: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,
есте сақтау қабілеттерін шыңдау, білімге қызығушылығын арттыру,
оқушыларды іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: топтық сайыс
сабағы
Сабақтың
типі: ізденіс
сабағы
Сабақтың
эпиграфы: Математика, информатика,
биология, физика, логика адамды дәлдікке, тәртіпке үйретеді,
логикалық ойды, ақылды кеңейтеді.
Сабақтың
жоспары:
1-тур. Топтардың
таныстыруы
2-тур. «Білім» сайысы
5 номинация бойынша 10, 20,
30, 40, 50 баллдық сұрақтар
Сайыс
қорытындысы
Ойын ережесі: Әр топ кезекпен
ұяшықты ашады, жауап береді. Дұрыс жауапқа – ұяшыққа сәйкес ұпай
беріледі. Тапсырманы кезекпен таңдайды. Көп ұпай жинаған топ
жеңеді.
1-тур.
Таныстыру
Әр топ өзін таныстырады.
Топтың аты, ұраны, эмблемасы ескеріледі.
Топтар: «Жалын» тобы - 9А
сыныбы
«Алғыр» тобы - 9А
сыныбы
«Аналитика» тобы - 9А
сыныбы
«Эйнштейн» тобы – 9Б
сыныбы
«Галактика сақшылары» тобы –
9Б сыныбы
2- тур. «Білім
сайысы»
Ойынға 5 топ қатысады.
Сұрақтар 5 категорияға бөлінген, әрбір сұрақ 10
баллдан
50 баллға дейін бағаланады.
Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда, басқа топ жауап беріп, ұпайды
ұта алады.
Сұрақты таңдау топтың
еркінде.
Уақыт: 10-30 балл сұраққа – 30
с., 40-50 балл сұраққа – 1 мин.
Жақсы адам көңілі –
күн,
Жанға сәуле
түсірген.
Нашар адам көңілі –
түн,
Кеудеден отты
өшірген.
Талпын жақсы
болуға,
Күндей сәуле
шашатын.
Білім іздеп өнер
тап.
Түнді күндей
ашатын.
-
САНДАР
-
Төрт бірлікті пайдаланып ең
үлкен сан жазыңыз.
-
Ә
кесі мен ұлдары 3 аяқты және 2 аяқты велосипед теуіп жүр.
Велосипедтерде барлығы 7 дөңгелек бар. Әкесінің ұлдары
нешеу?
-
Көбейтіндіні
тап:
-
1 –
ден 100 – ге дейінгі сандарда 7 цифры неше рет
кездеседі?
-
Сұрақ белгісінің орнына тиісті
санды қойыңыз.
-
ЛОГИКА
-
Үстелде екі тиын жатыр,
олардың қосындысы 150 теңге. Олардың біреуі – 1 теңге емес. Бұл
қандай тиындар?
-
Әкем 31 жаста болғанда мен 8
жаста едім, ал қазір әкем менен екі есе үлкен. Қазір менің жасым
нешеде?
-
Қандай да бір жағдайда 2 + 23
бір - 1 болуы мүмкін бе?
-
Үйде екі сағат бар: Біреуі
үнемі тоқтап тұрады, ал екіншісі тәулігіне бір
сағат
-
артта қалады . Бір аптаның
ішінде қай сағат неше рет дұрыс уақыт
көрсетеді?
-
Аралда екі қала бар, біреуінде
шыншылдар, екіншісінде – өтірікшілер тұрады.
А, В, С үш адам кездесті.
А айтады: «В өтірікші» В
айтады: «А мен С бір қаладан» С
кім болды?
-
БИОЛОГИЯ
-
Өсімдіктерге арналған
Қазақстанның «Қызыл кітабы» қай жылы жарық
көрді?
-
Еуропалықтар бұдан 400 жыл
бұрын картоптың дәмін білген. Ал
Ресейге картоп І Петр кезінде 1700 жылы әкелінген. Ресейліктер бұл
өсімдікпен неше жылдан бері таныс?
-
Шылым шегетін адамның қанын сорған сүлік өліп
қалады. Неге?
-
Адам ағзасында қанша хромосома және қанша ген
бар?
-
Бір
өсімдіктің 30 сағағында 390 жапырақ орналасқан. Бұл жапырақтың
орналасуы қандай? Жұп қауырсынды ма, әлде тақ қауырсынды
ма?
-
ИНФОРМАТИКА
-
Жақтаулармен шектелген
төртбұрышты аймақ?
-
Деректерді сақтауға арналған
құрылғы?
-
Әр түрлі объектілер орналасқан
Windows экраны?
-
Адам мен компьютер арасындағы
байланысты қамтамасыз ететін жүйелік
программа?
-
Internet арқылы қарым-қатынас
жасайтындар ICQ (аська) бағдарламаны біледі.
Бағдарламаны жасаушылар неге бұлай
атады?
-
ФИЗИКИ
-
Медициналық термометрді
сілкігенде сынап бағанасы төмен түседі.
Бұл қандай физикалық құбылыс?
-
Қай
жерде және неліктен қар ерте ериді: қалада немесе
орманда?
-
Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді.
Жүрегінің қуаты 2,2 Ватт, ғұмырында 40 тонна тамақ жейді. Жердегі
ең ақылды кім?
-
Инелік пен ара алаңқайға ұшты. Инеліктің
жылдамдығы 5 м/с, Ал
араныкі 18 км/сағ. Кім
тез жетеді?
-
Көлденең қимасы дөңгелек ағаш
бөрене салмағы 300 Н. Екі есе жуан және екі есе қысқа осындай
бөрененің салмағы қандай?
Сайыс
қорытындысы: Әр топтың жинаған ұпайлары
бойынша қорытынды шығарылып,
марапатталады.