Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Физика өмірде" 7сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс "Физика өмірде" 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 7сыныпқа физикадан сабақ беретін ұстаздарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1116
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Физика - өмірде» атты сайыс сабақ.

«Орманға саяхат»

Құрметті оқушылар біз осы физикаға қатысты орманға саяхатқа шығамыз.Алдымен оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір оқушы орманшы болып белгіленеді.

Орманшы : Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгінсендер жылы, шуақты күнде серуенге шыққан екенсіңдер, орман болса әдемі, пайдалы ғана емес, таңғажайып жұмбақтарға толы мекен. Оның жұмбағын шешу үшін білім керек, көрген құбылысты бақылап, ой елегінен өткізіп, не екенін білу керек. Қысқасы, білу керек, білім керек!

Мен сендерге жол бастаушы болайын, сендер жан-жақтарыңды бақылаңдар. Кеттік алға!

(Кішкене жүреді).

Орманшы: «Күн батуға айналыпты, мына жер шатыр тігуге қолайлы екен, осында аялдайық!»

I топ оқушысы: Шатырдың жібін байлайтын қазықты, жерге кіргізе алмай отырғаным-ай!

II топ оқушысы: Не күшің жетпей отыр ма?

Орманшы: Міне, балалар, сендердің біліидеріңді тексеретін қолайлы жағдай, неге мына қазық жерге кірмейді? Қане, жауапты кім береді?

I оқушы: Ұшталмаған қазықтың ауданы үлкен болғандықтан, оны ұрғанда түсетін қысым аз болғандықтан жерге тез кірмейді, сондықтан оны ұштау керек.

II оқушы: Қазықты неге кедір-бұдыр ағаштан жасағансыңдар?

Жауап: Шатырдың жібі жақсы керілу үшін, қазықтағы үйкелісті арттыру үшін. (Барлығы ұйықтап тұрғандай, жан-жақтарына қарайды.)

I оқушы: Түнде қатты ұйықтаппыз ғой, жаңбыр жауған ба, әлде жаумаған ба? Жолға қарасаң, құп-құрғақ, қалай анықтаймыз? Міне, жұмбақ?!

Орманшы: Бұл сұраққа жауап беру үшін айналаға жақсылап қараңдар, ағаш, шөптерде жаңбыр ылғалы сақталыпты, жол құрғақ, неге?

II оқушы: Ағаштың биік ұштары күннің сәулесінен қорғайды, әрі желді өткізбейді,сондықтан олар булану, кебу процесін тежейді. Ағаштағы, шөптегі – жаңбыр іздері. Ал жол ашық, онда тамшы күн сәулесі, жел әсеріне тез кебеді.

I оқушы: Мүмкін жаңбыр жаумаған шығар, жаңбырсыз ылғал болуы мүмкін бе?

Орманшы: Тамаша сұрақ!

II оқушы: Мүмкін.

I оқушы: Неге?

II оқушы: Түнде температура төмендесе, ауадағы су тамшылары конденсацияланып, шық түседі.

Орманшы: Балалар, міне орманды аралап келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден –гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр. Бұл не құбылыс?

I оқушы: Диффузия.

Орманшы: Дұрыс-ақ, ал енді осы жәндіктердің ызылдаған дыбысын неге ұшқанда ғана естиміз?

II оқушы: Ақсақал, ол тербеліс құбылысы ғой. Ара 1 секунд ішінде қанатын 200 рет, маса 600 рет қағып, ауаны тербелтеді де, дыбыс тудырады. Сондықтан бірінің дауысы жіңішке, екіншісі жуан болады.

Орманшы: Ал енді анау ағашқа дейін жүгіріңдер де, маған жүру мен жүгіруде қандай айырмашылық бар екенін айтыңдаршы.

I оқушы: Орын ауыстыру жылдамдықтары. Онымен қоса, жүргенде адам табаны үнемі жермен әсерлесіп, тіреу нүктесіне – денесіне сүйенсе, жүгіргенде олай болмайды.

II оқушы: Алдымыздағы ордан қалай өтеміз? Тұрған бойда секіреміз бе, әлде жүгіріп келіп секірген оңай ма?

I оқушы: Әрине жүгіріп келіп секіру оңай, жүгіріп келіп секірген де секірудің бастапқы жылдамдығы болады.

Орманшы: Ал енді, балалар, шатырға барып тамақтанып, дем алыңдар! (қайтады.)

II оқушы: Уһ, әзер жеттік қой, шаршап кеттім, сенің рюкзагіңнің белбеуі неге жалпақ?

I оқушы: Соны да білмейсің бе? Жалпақ белбеу денеге қысымды азырақ түсірмей ме.

II оқушы: Онда сен неге арқам ауырды деп отырсың?



I оқушы: Мен асығып нәрселерімді қалай болса солай нығыздап салып едім, ретсіз салынған заттардың қырлары арқама үлкен қысым түсіріп, ауыртып тастады емес пе?

II оқушы: Ал енді, жұмбақ шешіп жарысайық!

  1. Бір бұлбұл отырады салып әнді, 3) Туыстарын шетінен,

Жүруге аяғы жоқ, емес жанды. Өбеді де бетінен,

Өнері қандай асқан деп ойладым. Бала-шаға ұсағын,

Бір демде жер түбінен хабар алды. Бауырына қысады.

(Радио) (Магнит)

  1. Жалғыз бағыт білері, 4) Тар шеңберді айналып,

Бұрғаныңа көнбейді. Тұр қазыққа байланып.

Жол көрсетіп береді, Қаға берер таңдайды

Бірақ өзі көрмейді. Әдетінен танбайды.

(Компас) (Қабырға сағат)

5) Көкке қараған, жұлдыз санаған. (Телескоп)


Орманшы: Балалар, тамақтанып, әлденіп алыңдар, енді қайталық, әне күн де бұлттанып жарқылдап, күркірей бастады, жаңбырда қалмай үйге тез жетейік! Күннің жарқылы бұрын көрініп, дыбысы артынан естілетіні несі?

I оқушы: Ақсақал, найзағай дегеніміз жарық қой, жарық сәулесінің жылдамдығы 300000 км/с, күннің күркіреуі дыбыс толқындарының таралуы, оның жылдамдығы 340 м/с. Сондықтан бірінші жарқылды көріп, артынан дыбысты естиміз.

Орманшы: Ой, пәле, міне білгіш! Физикадан алған білімдерің талай жұмбақтың шешуін табуға көмектесті. Осылайша әрдайым білімдеріңді өмірді танып білуге жұмсай біліңдер, талаптарыңа нұр жаусын, аман болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз, ата, сізге көп рахмет!


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!