Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Ғажайып сәт" 7-11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс "Ғажайып сәт" 7-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал барлық ұстаздарға арналған сыныптан тыс жұмыс. 7-11 сынып аралығындағы оқушыларға қолдануға ыңғайлы материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
550
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физикадан Ғажайып сәт атты сайысымызды бастаймыз.

Біліммен сайысады топтар мына,

Алға озар ең мықтысы осы жолда.

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,

Сұрайық шығуларын жұрт алдына.

Сайысқа 7-8 оқушы қатысады.

1-топ Атом тобы.

2-топ Энергия тобы.

Сайысымыз 5-кезеңнен тұрады.

1- кезең. Бәйге.

  1. Жылу берілудің қандай түрлері бар?

(жылу өткізгіштік,конвекция,сәулелену).

  1. Заттың қатаюы дегеніміз не? (Заттың сұйық күйден қатты күйге өтуі)

  2. Физика қандай ғылым? ( Күш, қозғалыс,материя,энергияны зерттейтін ғылым).

  3. Үдеу дегеніміз не? (Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама).

  4. Энергия дегеніміз не? (Жұмысты жүргізе алу қабілеті).

  5. Жылдамдық дегеніміз не? (Қашықтықты уақытқа бөлу арқылы есептейтін дене қозғалысының шапшаңдығы).

  6. Булану? ( сұйықтың газға айналатын күйі).

  7. Серпімділік деген не? (Дененің созылғаннан кейін өзінің бастапқы қалпына келуі).

  8. Атомның құрамы қандай? (Күрделі, электрон, ядро).

  9. Электр зарядының неше түрі бар? (Екі, оң заряд, теріс заряд).

2-кезең.Физикадан логикалық сұрақтар.

  1. Қандай бөлмеде әтір иісі тез таралады? Жылы ма, суық па? (жылы, диффузия жылдамдығы жоғары температурада артады, яғни иіс тез таралады).

  2. Кемпірауыз бен қысқаш ернеулеріндегі бүдірлер не үшін жасалған? (аз күш жұмсау арқылы үлкен қысым тудыру үшін).

  3. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, мұз және қар түрінде).

  4. Неге қатты аязда аяқпен қарды басқанда сықырлаған дыбыс естіледі? (адам аяғымен қарды басқанда оған қандай да бір қысым күшін түсіреді, осы түсірілген қысым күштерінің әсерінен қардың ұлпа қылауларының мыңдаған кристалдары сынады, сондықтан сықырлаған дыбыс естіледі).

  5. Оқу шеберханасында құрал саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс пен заңдылық қолданылады? (қысым, қатты денелер арасындағы үйкеліс).

  6. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойса,ішінде не қалады? (ауа).

3-кезең. Кім көп біледі?

Оқушыларға ақ парақ беріледі.Әр топ білетін физикалық кұралдардың тізімін жазады? (уақыт 3минут).

Осы кезде біз қалған жанкүйер оқушылармен физикаға қатысты жұмбақтар шешеміз.

  1. Атасы қалғып, мүлгиді,

Әкесі зорға жылжиды.

Ағасы - шабан,

Өзі- жорға,

Інісі- жылдам,

Баласы- жүйрік. (жыл, ай, күн, сағат,минут,секунд).

  1. Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз

Қосылып кейде арамыз,

Бөлініп те аламыз. (цифрлар).

  1. Таң атпайын десе де,Күн қоймайды.(жердің өз осінен айналуы).

  2. Ақ сандығым ашылды,ішінен жібек шашылды. (Күн).

  3. Жабық астында жарты күлше. (Ай).

  4. Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады. (Жұлдыздар).

  5. Бір түкті кілем, бір түксіз кілем. (Жер мен аспан).

4-кезең. Сөзжұмбақ шешу.

Бұл кезеңде қатысушылар кезекпен жауап береді. Көп сөз тапқан топқа сонша ұпай беріледі.

  1. Ғаламшарлар саны қанша? (тоғыз).

  2. Изохоралық процесті зерттеп, ашқан ғалым,француз физигі? (Шарль)

  3. Алдын ала мақсат қойып жүргізілетін бақылау? (тәжірибе)

  4. Гректің фюзис деген сөзі? (физика)

  5. Сұйықтың барлық көлемінде және тұрақты температурада өтетін булану? (қайнау)

  6. Барометр ішіндегі сұйық? (сынап)

  7. Қысымның өлшем бірлігі? (Паскаль)

  8. Жерді қоршаған ауа қабаты? (атмосфера)

  9. Жарық жнергиясының таралу бағыты? (сәуле)

  10. Заттың сұйық күйден қатты күйге өтуі? (қатаю)

5-кезең. Жорға. ( топбасшылар сайысы)

Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

  1. Қысымның өлшем бірлігі? (Паскаль)

  2. Судың қату температурасы? (0)

  3. Ток күшін өлшейтін құрал? (амперметр)

  4. Кинетикалық энергияның формуласы?

  5. Ғылымға физика сөзін енгізген кім? (Аристотель)

  6. Больцман тұрақтысы нешеге тең?

  7. Энергияның сақталу заңы? (Энергия жоқтан пайда болмайды, жоғалмайды,ол тек бір түрден екінші түрге ауысады)

  8. Жылдамдықтың өлшем бірлігі? (метр бөлінген секунд)

  9. Судың қайнау температурасы? (100)

  10. Кернеуді өлшейтін құрал? (Вольтметр)

  11. Потенциалдық энергияның формуласы? mgh=E

  12. Электростатиканың негізгі заңы - зарядтардың өзара әсерлесу заңын кім ашты? (Кулон)

  13. Электр тұрақтысы нешеге тең?

  14. Импульстің сақталу заңы? (Тұйық жүйеде барлық денелердің импульстерінің векторлық қосындысы уақыт бойынша өзгермейді және тұйық жүйенің толық импульсі жүйеде өтіп жатқан кез келген өзгерістер кезінде шама жағынан да, бағыты жағынан да бірдей болады.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер деп сайысымызды аяқтаймыз.

Әділқазылар бағасы.

Қорытынды.





132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебі











Сыныптан тыс іс - шара



Ғажайып сәт білім сайысы















Пәні: Физика

Дайындаған: Жандарбекова Ү

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!