Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс: Халық ауыз есептерінен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс: Халық ауыз есептерінен

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2021
1075
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Халық ауыз есептерінен »

«Жүз торғай»

Мектеп ауласында бір топ торғай отыр еді , басқа жақтан бір торғай ұшып келіп, отырған 100 торғай деп ойлап қалады.Сөйтсе ол жүз емес екен, осы топқа тағы сондай , тағы оның жартысын және сол жартының жартысын, өзін қосқанда ғана 100 болады екен. Мектеп ауласындағы торғай нешеу?

Шешуі: ауладағы торғай – х,қосылғаны –х, жартысы-0,5х, жартының жартысы-0,25х, өзі -1.

Барлығы 100 болатын теңдеу құру керек.

х+х+0,5х+0,25х+1=100

Жауабы:36 торғай.

«100 қаз»

Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол жерде бір қазбен кезігеді. Көп қаздың бастаушысы ассалаумағалейкум жалғыз қаз дейді. Сонда жалғыз қаз: «Ассалаумалейкум, сіздер нешеусіздер?»-дейді. Бастаушы қаз: біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топтты, жартының жартысын оған өзіңді қоссаң, бәріміз 100 боламыз.Өзін есептеп шығар депті.Қаз нешеу?

«Төрт жиырма»

Баласы әкесіне –әке, маған жұмбақ үйретші дейді.сонда әкесі: «Сенің жасыңды үш есе көбейтсе, менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса 20 қалады.Мен нешедемін, өзің нешедесің?»

Шешуі: баласы-х жаста дейік, әкесі-3х жаста;

Теңдеуі:3х-х= 20, Х=10

Жауабы:баласы 10жаста, әкесі 30 жаста.

«Әр түліктен нешеден...»

Жеті жасар баласын есепке үйреткісі кеоген әкесі бір күні:

-Ендігі жеті жылда түйеміз екі есе, жылқымыз үш есе, сиырымыз төрт есе, қойымыз бес есе көбейсе, онда бәрін қосқандағы саны сенің қазіргі жасыңнан екі есе көп болады екен.Бұл үйдің түйесінің, жылқысының, сиырының, қойының саны қанша?

Шешуі: Түйе саны –х, жылқы саны-у,сиыр саны-z , қой саны-k (осылай әріп арқылы белгілейміз )

Қадала қарау әдісі бойынша шешсек:

2х+3у+4z+5k=14

Х=у=z=1

2+3+4+5=14

Жауабы:түйе-1, жылқы-1, сиыр-1,қой-1.

«Қап-қап бидай»

Егін бітік болып,қырманы қызылға толған диқан барлық бидайын есік алдындағы тақырға түсіріп алады да, оның біразын екі ұраға тең көмуді ойлайды.Диқан бірінен-бірі бір пұт артық сиятын үш қап дайындайды,оның ең кішісі қызына, ортаншы қапты ұлына береді.Өзі үлкен қапты алады.Сөйтіп үшеуі бидайды ұраға құюға кіріседі.өзара бәсекге түскен үшеуі бірінен-бірі қалыспай, өз ұрасына қапшығымен он реттен астық тасығанда ұра да толады.Бұлардың әрқайсысының қабы неше пұттық ? Қай ұраға қанша астық құйылған, және әркім қанша пұт астықты тасып төккен?

Шешуі:пұт у+1-қыздың тасыған қабының саны, у+0- ұлдың тасыған қабының саны, у+3- әкесінің тасыған қабының саны.

Теңдеу құрсақ: 10(у+1)+10(у+2)=10(у+3)

У+1+у+2=у+3

2у+3=y+3

2y-y=0

y=0

Жауабы: Ұлдың қабы екі пұттық, қыздың қабы бір пұттық, бірінші ұраға 30 пұт, екінші ұраға да 30 пұт астық төгілген.



3-есеп. Бес саулық.

Ауыл ақсақалының төрт ұлы болыпты. Олардың үшеуі өз алдында отау тігіп кетіпті. Ақсақал төртінші баласын үйлендіріп, оның алдына бес саулық салып беруді ойлады. Бір күні ол үш ұлының үйлеріне барып, бәрінің қойы 41 бас екенін біліп қайтады. Оларды шақырып алып: «әрқайсың қойларыңды төртке бөліп, бөлінбей қалғанын кенже інілеріңе беріңдер» - дейді. Үш жігіт бөлінбей қалған қойларын кенже інілеріне береді. Екеуіңнің қойың менікінен артық еді, енді теңесті,- дейді үш жігіттің біреуі.

Бұл үшеуінің қойлары алғашында қанша болған?

Шешуі: у-бірінші ұлдың, у+1-екінші ұлдың, у+1-үшінші ұлдың саулықтарының саны.

Теңдеу құрсақ:

y+y+1+y+1=41

3y+2=41

3y-41=2

3y=39

y=13

Жауабы: 13,14,14.

4-есеп. Ешкілі жігіт.

Ертеде бір жарлы жігіт жылдар бойы байға жалданып жүріп, ірілі-ұсақты біраз ешкі жинап алады. Бұлардың үлкен ешкілерінің тушалары екі есе, ал шыбыштары үш есе көп. Көктемде шыбыштары жалқы, тушалары егізден, ал үлкен ешкілері үш лақ табады. Жарлы жігіттің барлық ешкілерінің саны лақтарымен қосқанда 64-ке тең. Бұл үйде ең алғашында қанша шыбыш, қанша туша, қанша ешкі болған?

Шешуі: х-ешкі, у-туша, z-шыбыш сандарын белгілейміз.

x+2x+3x+3x+4x+3x=64

16x=64

x=4

Жауабы: Ешкі-4, туша-8, шыбыш-12.

Ат пен қашыр

Ауыр жүк артылған ат пен қашыр жол үстінде келе жатады. Үстіндегі жүктің шамадан тыс ауыр екендігін айтып, ат қатты налиды. – Сен несіне ренжіп келесің? – дейді оған қашыр.

  • Егер сенің үстіндегі бір қапты менің арқама артса, онда менің жүгім екі есе ауыр болып кетер еді.

  • Ал, егер мен сенің үстіндегі бір қапты алсам ше? – деп сұрайды ат.

  • Онда екеуміздікі тепе-тең болар еді, - дейді қашыр.

Ат және қашырдың үстіндегі қап қанша?

Шешуі: х-аттағы қап саны, у-қашырдағы қап саны

Жүйе құрсақ:

3x-1=2y
3x=2y+1

x=2y+

Жауабы: у=7; x=5

Табақ тарту.

Бір адамның үйіне достары келіпті. Оларға шай беріпті. Шайдан кейін қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартыларда үй иесі меймандарды көзбен шолып шықты да, ойланып қалды.

Ошақ басында жүрген жұбайын келіп: Екеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара бар табақ тартсақ, бір табақ артылып қалады, енді не істесек екен? – дейді. Бұл үйдің меймандары қанша?

Табақ саны қанша?

Шешуі: х-адам саны, у-табақ саны.

y=5

x-10=2

x-2+10

x=12

Жауабы: Адам-12, табақ-5



Асық саны

Үш бала ойыннын кейін үйлеріне қайтып келе жатады. Үшеумізде де он-оннан асық бар еді ғой. Енді кімде қанша асық қалды?-деп сұрайды үлкенірек бала.

  • Онша көп ұтқызы қойған жоқпын, -деп ең кіші бала екі қалтасына қолын сұғады.

  • Оң қалтамдағы асықтың біреуін сол қалтам салсам, онда қалтамдағы асық теңеледі. ал сол қалтамдағы асықтың біреуін оң қалтама салсам, онда оң қалтамдағы асық сол қалтамдағыдан үш есе көп болады.

  • Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыммен тең екен, -дейді балалардың үлкені.

  • Ең көп ұтылған мен болдым,-дейді сонда ортаншы бала үлкеніне, менде қалған асық саны сенің барлық ұтып алған асығыңның жартысындай ғана екен. Ойыннан кейін қай балада қанша асық қалды?

Шешуі: х-оң қалтадағы асық саны, у-сол қалтадағы асық саны.

Шешуі:

х=9
у-9=3
у=3+9
у=12

Жауабы: 12 жілік, 9 адам.

10-есеп. Жылқыға жем беру.

Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүреді екен. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: 3 қадақ-биеге, 2 қадақ-құнандарға, 1 қадақ-тай басына беріледі.

Мал иесі үйіне алыстан келіп, қонақ болып отырған жекжатына осы тіршілігін айтып қалады. Сонда бие нешеу, құнан нешеу болғаны?-деп қонақ жылқы санын есептеуге көшіпті?

Шешуі: х-бие саны, у-құнан саны, z-тай саны.

2х+у=4
у=4-2х

Жауабы: х=1, у=4-2=2, z=3

Шапшандық.

(мықтылар есеп шығарып жатқанда)

2 топтан екі оқушы, орындыққа келіп отырады. Алдарына 0-ден 9-ға дейінгі цифрлар жазылған карточкалар жатыр. Көбейтіндіні екі цифрды тез карточкамен көрсетулерің керек. Мысалы, 5х9=45. Кім бұрын көрсетеді, сол шапшаң. Ойынды үш рет қайталауға болады.

Ойымды жалғастыр.

Анықтама, теореманың тұжырымдамасын, формулалардың тұжырмдамасын (үш-үштен қайталап) 1-ші топтан бастаса 2-шісі аяқтайды (кездеседі).

Тапқырлық.

  1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады?

Жауабы: 5

  1. Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер әрқайсысы екі партиядан ойнаса барлығы неше партия ойналды?

Жауабы: 3

  1. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады?

Жауабы: 1 с. 20 мин.-80 мин.

  1. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?

Жауабы: 12 мысық.

  1. Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрды. 72 сағаттан кейін күн көруге бола ма?

Жауабы: жоқ, 72 с.=3 тәулік, ол кезде түн болады.

  1. Үш әке және алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6-дан алма тиді. Бұл қалай болғаны?

Жауабы: 1 атасы, 2 әкесі, 4 немересі.

Ойлан, тап!

10 тиындық монета көмегімен 10 тиынды бір қатарға тіз. Кез келегн біреуін қатар тұрған екеуінің үстінен асырып, келесі тиынның үстіне қою керек. Арақашықтықтары бірдей бес жұп шығару керек.



Жұмбақтар.

Бір түйе ботасы жоқ құр боздайды,
Аяғын анда-санда бір қозғайды.
Аяғын анда-санда қозғаса да,
Ұшқан құс, жүгірген аң бір озбайды.

Жыл он екі ай

Алты арқар , жеті қаз, төрт бөдене,
Кейде толы кейде орта бір тегене.
Тұнық пен лайдың арасынан
Бір аққу шыға келді құсқа төре.

Үркер, жеті қарақшы, босаға жұлдыздары, айдың орта және толық кезі, күндіз бен түн, жаңа шыққан күн.

Бір сиқырлы топ болды,
Кейде аз кейде көп болды.
Бірін-бірі жалмап жеп,
Кейде орнында жоқ болды.

Ұқсас мүшелер

Айқасқан екі таяқ
Тұрады жоқты сұрап.

х

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!