Тәрбие сағаттың тақырыбы:
“Жер біздің ортақ
үйіміз” Сабақтың мақсаты: оқушыларды жердің
қадірін,
байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық,
жанашырлық сезімге баулу.
Сайыс-сабақ түрінде өткізілгендіктен, экологиялық карта,
экологиялық газеттер, пайдаланылды.
Жер
– Ана. /домбырамен сүйемелдеп, күй тартылып тұрды/. О, менің
перзенттерім! Менің қойыным кең. Сендерді әр уақытта мейірімді
құшағыма аламын. Менің саялы
бағымды,
мөлдіреген таза кіршіксіз өзен – көлдерімді, сиқырлы сазды үнді
құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап, сүйіңдер. Бұл кейінгі
ұрпақ, сендерге аманат. 1 – бастаушы.
Кең далам менің, кеңдігіммен
керілген,
Тау тасымен табанды етіп өсірген.
Шөптері мен гүлдері, жұпар иісі аңқыған, Өзендері мен көлдері анау,
Сарыарқаның сазынан жаратылған. Ағаш егу
Жақсылықты қолдаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Гүл егеміз бақтарға,
Айналасын қоршаймыз. Табиғат
Табиғат біздің анамыз,
Жер–Ана біздің панамыз.
Таза болса
табиғат
Біз де аман боламыз. Туған жер Кең
далада жүремі Бауырында ойнап күлемін.
Мен жерімді сүйемін,
Ол үшін отқа түсемін. Мен жерімді сүйемін Жеріме дән
себемін.
Ауа таза болсын деп,
Жылда ағаш егемін.
2 – бастаушы. Жер, жалпы табиғат – күллі тіршілік
атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат
өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын
бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз.
“Жер-біздің ортақ үйіміз” тақырыбындағы білім сайысы осы міндетті
шешуге бағытталады. (әділқазылар сайлау)
Сайыстың тәртібі бойынша қатысушыларды алты адамнан 2 топқа
бөлу
(Шоқан Уалиханов туралы слайд)
1-сұрақ. Халқымыздың тұңғыш ғалымы
кім және ол кісі табиғат туралы не айтқан?
І топ.
Халқымыздың мақтанышы болып саналатын
ғалым,
этнограф, зерттеуші Шоқан Уәлиханов, ол кезінде былай деген екен:
“Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан
құпия не бар? Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір
жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп
қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет
тұту адам баласына байлық пен
бақыт,
құт әкеледі.” 2-сұрақ. Бұл айтылғандарды пысықтау үшін
қандай жыр жолдарын тілге тиек етуге болады?
ІІ топ.
Қасиетті сөз береді “Кие” деген,
Киеліге жоламас күйе деген
Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.
Тірі нәрсе – шөп деген, көгал деген
Көкті жұлса, болады обал деген,
Ата – анамыз жыланға үйге кірген
Ақ сүт құйып басына, “Жоғал” деген.
3-сұрақ. Халық табиғаттағы өздері қастерлейтін
жерлерді қалай атаған?(әулие ағаш,бұлақ слайд)
І топ Халық табиғаттағы қастерлейтін жерлерді
“Әулие бұлақ”, “Әулие ағаш” деп, қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстар
мен жануарларды жақсылықтын
жаршысы,
бақыттың басшысы, тіршіліктің иесі деп олардың ұясын бұзбауға,
балапандарын жәбірлеп, өздерін өлтіруге мүлдем рұқсат етпеген,
балапандайтын, төлдейтін кездерінде құстар мен жабайы андарды
аулауға тыйым салған. 4-сұрақ. Қорқыт атаның артында қалған қандай
өсиет сөздерді білесіздер?(слайд
Қорқыт) ІІ топ. Қорқыт атаның өсиет сөздерінде айтылатын
“Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын” деген ұғымдар –
айналадағыңды аялай біл деген аталы сөз. “Қарағайдың түбінен үйіріп
алған қобызым” деген өлең жолдарында үлкен мән бар.
(ән тыңдату Жанар Айжанова) 5-сұрақ. Қашаған ақын адам өмірінде орманның
қаншалықты маңызды екенін қалай толғаған?
І топ:(Қашаған ақын слайд)
Жаның сая
табатын
Орман болған бұл - ағаш,
Қорыққанда жалғызға
Қорған болған бұл – ағаш,
Найзасына батырдың
Сап та болған бұл – ағаш,
Кәріп пенен қастерге
Қуат болған бұл – ағаш. 6-сұрақ. Халық табиғаттың ғажап көркі
саналатын орман – тоғайды қай өлеңмен қастерлеген және орманды неге
теңеген?
ІІ топ. “Қараорманым” деген өлең жолдарын арнап, былай
жырлаған:
Киінген келіншектей оқалы
орман
Секілді жанға сая, малға қорған
Бабамыз бауырында малын бағып
Үй салып, құрық алып, уық жонған.
Осында табиғаттың бар ақылы
Көркейген келбетінен дала сыны.
Ақ қайын, жасыл – желек қарағайлар,
Секілді көзіміздің қарашығы. (орман
суреттері) 7-сұрақ. Табиғатты қорғау туралы ананың қандай өсиет
сөздері бар? І топ. “Ұя
бұзба! Балапанға тиме” деп,
Ұрсушы еді, менің
анам,
күйгелек
“Жас шыбықты сындырма” деп ұрсатын,
Шыққанымда “тұлпарымды” сүйрелеп,
“Ұя бұзба! Бұзба” деймін балама
Өсиетің қандай ғажап, жан ана! (Табиғатта өзін –өзі ұстау ережесі)
8-сұрақ. Заманымыздың мақтанышы, тау – кен зерттеуші
геолог, тұңғыш
ғалым, академик Қ.И.Сәтбаев туралы не
деген?(слайд)
ІІтоп. “
Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің
алтын тасын да мақтап жарытпақ емес”. Оның тағы да табиғатқа
арнаған мынадай мақалдары бар. “Жер – байлық көзі”, “Жер – ырыс
кеңдігі”, “Жері байдың – елі бай”.
9-сұрақ. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел туған
жерінен босып, көше жөнелгенде кім үйін жықпай, жұртта отырған?
Оның себебін қалай түсіндіруге болады? І топ. Қарлығаштың ұясында балапаны болғандықтан,
үйін жықпай, жұртта отырған Төле би еді. Сондықтан оны “Қарлығаш
әулие”, “Қарлығаш би” деп атап, ерекше құрметтеген.(Төле би
слайд) 10-сұрақ. Халық даналығында халқымыздың
табиғатқа жанашырлық қасиетін аңғартатын аңыздың бірі, асқан ақыл
иесі Төле би атамыздың қандай жыр жолдарын білесіздер?
ІІ топ.Жалбарынар жайым жоқ жан алдында.
Балапандар бар қанша қарауымда. Сол жетімдер ұшуға
жарағанша,
Сыртқа шықпай тұрамын қарауылда.
“Қарлығаш би” атандым сол ұшін
де,
Осылармен бір менің өресім де,
Батыр болсаң, жайратып жүре бер, сен,
Жалғыз шалды кездескен жол үстінде.
11-сұрақ.Орал қаласында экологиялық мәселені басты орынға
қоюға мүмкіндіктер бар ма?(слайд)
Ітоп. Экологиялық мәселені басты орынға қоюға
себептер жеткілікті десе болады. Мәселен, жаз айларында жиі болатын
қапырық ыстық пен қыстың қытымыр аязы тіршілігіңізге қолайсыздық
әкелетіні белгілі. Орал
қаласы республикадағы ірі қалалардың бірі екенін
мойындайтын болсақ, келешекте ұлттық өнер – нақышы бар әдемі биік
тұрғын үйлер салынып, жасыл желекке оранған көшелері бой түзеу
керектігі мәлім, ал қала орталығына жасыл желек қатарын көбейту
орнына бұранғы егілген ағаштарды қорғаудың өзі ойдағыдай емес
екенен қалай түсінуге болады? Сондықтан қала басшылары экологиялық
мәселені жандандыру шараларын жасап, оны жүзеге асыруы
тиіс. 12-сұрақ. Жер – ана толғауынан қандай өлең
шумақтарын білесіздер?
ІІ топ. (слайд)Қайран далам. Менің дағы жүрегім
тілім – тілім, Алаңсыз ата – бабам сайраңдаған,
Көсіліп жатырсың –ау, қайран далам.
Толассыз қапылыстың, жарылыстың
Уытын өн бойына жайған далам.
Аң – құсың безіп кетті пана таппай,
Меніңдағы жүрегім тілім – тілім,
Жазылмайтын мәңгіге жарақаттай,
Армансыз ата – бабам сайраңдаған,
Қоңырсып жатырсың – ау, қайран далам.
Өрт шалып өзегіңді тұрған кезде,
Тыныштық бола қойсын, қайдан маған?
13
сұрақ. Нулы жерінің
нуын, сулы жерінің суын, аққулы көлімнің сәнін
алатындай не жазды, қасиетті Абай жері?
(слайд) І топ Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде 2000 – жылға дейін
арнаулы жоспар жасалғаны белгілі. Бұрын табиғаттың мұқтажына кім
назар аударып еді. Табиғат байлықтарын пайдалану мәселелеріне
министрліктердің жауапсыз қарауы салдарынан еліміздің бірқатар
аймақтары экологиялық дертке душар болды. Басқарудың тиімді
экономикалық әдістерін енгізу арқылы, Арал мен Балқаш аралығындағы
адам мен табиғаттың өзара
Тыңайтқыштарды ұтымды пайдаланып, қоршаған ортаға лас
заттарды бөліп шығаруға жол
беріліп,
Балқаш көлінің суында мыс, мырыш, бор және азот қоспалары шамадан
тыс артып кетті. Аралдан алынған 1000000 текше метр су текке рәсуа
болып жатыр. Бұл суды ұтымды пайдаланса, Арал теңізін аман сақтап
қалуға болады демекпіз. 14-сұрақ. Екі топқа да қойылады. Табиғат
туралы жұмбақтар шешейік.
Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр,
Өзіңнің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып
қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. /глобус/
“Айт” десе, жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес. /шөп/
Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады
Қыста жақсаң – жаның рахат табады . /ағаш/
Үлкен – улкен түйені
Тастапты адам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп. тау/
15-сұрақ. Табиғат туралы мақал – мәтелдерді
жалғастыр (екі топқа қойылады)
Туған жер - алтын бесік Жер
– ырыстың кіндігі. Жер
– ана, ел – бала.
Тозған жерде тоқшылық болмайды.
Көлдің көркі –
құрақ, таудың көркі – бұлақ.
Бір
ағаш кессең, он ағаш отырғыз.
Орман көп
болса, олжаң көп. Дана көптен
шығады, дәрі шөптен
шығады.
16 сұрақтар Африка – материк.
2. Сатурн – планета.
3. Комета – құйрықты жұлдыз.
4. Жердің үлгісі – глобус.
5. 365 күн – бір жыл.
6. Гидросфера – су қабаты.
7. Көктем - жыл мезгілі.
1.
Атлант – мұхит. 2.
Жетіқарақшы – жұлдыз.
3. Юпитер – планета.
4. 24 сағат – 1 тәулік.
5. Т. Мұсабаев – ғарышкер.
6. Ауа қабығы – атмосфера.
7. Метеорит – ақпа жұлдыз
«Сөз жұмбақ шешу» Сөз
жұмбақ сұрақтары:
1. Біздің планета. (Жер)
2.Қазақстандағы ірі өзен(Ертіс) 3.Ең ыстық материк(Африка)
4.
Ең жарық ғаламшар (Шолпан)
5.Жер көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін
Көл
көрдім,өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.(Карта)
6.Өлі табиғат (Тас)
7.
Қазақстандағы ірі көлдердің бірі. (Балқаш)
8.Шипалы сусын (Қымыз)
9.Жұрттың бәрі соны сүйеді, Бірақ қарағысы келмейді(Күн)
10.Әдемі түнде мен жүрсем жүреді бірге. (Ай)
11.Жануарлар,аңдар мекені (Ін)
12.Тышқанның жауы(мысық)
13.1-ден кейінгі сан(екі)
Құрғақ жерде
сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың(тұз)
Достық биі
Қорытындылау.
|