Шығыс Қазақстан
облысы
Үржар
ауданы
«Қарақол орта мектеп-бақшасы»
КММ
Математика пәнінің
мұғалімі: Карыбаева С.Ш.
2017-2018 оқу
жылы
Сыныптан тыс жұмыс: 10
сынып
«Математика – ақыл ойдың
мәңгілік шұғыласы» жас математиктер
сайысы
Пән мұғалімі: Карыбаева Сауле
Шешкеновна – жоғары санатты ұстаз.
ШҚО, Үржар ауданы, «Қарақол
орта мектеп-бақшасы» КММ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: логикалық есептер, ребустар,
сұрақтар, тест тапсырмаларын шешу арқылы оқушылардың білімдерін
арттыру;
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін
кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, білімге қызығушылығын
арттыру;
Тәрбиелік: оқушыларды іздемпаздыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: топтық сайыс
сабағы
Сабақтың
типі: қайталау
сабағы
Сабақтың
эпиграфы: Математика дәлдікке, тәртіпке
үйретеді, логикалық
ойды, ақылды кеңейтеді.
Сабақтың
жоспары:
1-тур. Топтардың
таныстыруы
2-тур. «Білім» сайысы (9 есеп)
3- тур. “Адасқан әріптер”
4- тур. Терминдер сөйлейді
5- тур. «Кім тапқыр» (логикалық есептер)
6- тур. Суреттегі логика
7- тур. Сайыс қорытындысы
Ойын ережесі: Әр топ кезекпен
жауап береді. Дұрыс жауапқа – 2 ұпай. Тапсырманы кезекпен таңдайды.
Көп ұпай жинаған топ жеңеді.
1- тур.
Таныстыру
Әр топ өзін таныстырады.
«Евклид», «Әл-Фараби»,
«Әл-Хорезми» үш топ басшылары топтың атын қорғайды, ұлы ғалымдардың
өмірбаяны мен ғылыми еңбектеріне
тоқталады.
2- тур. «Білім
сайысы»
Әр топқа 3 сұрақ 10 сыныптың
алгебра оқулығы бойынша өткен тақырыптардан сұрақтар қойылады:
функция, қасиеттері, график.
3-тур. «Адасқан
әріптер»
4-тур. «Терминдер
сөйлейді»: Математика, Алгебра,
Тригонометрия
5-тур. «Кім тапқыр?»
логикалық есептер
1-топқа:
1. Өздерің оқып отырған
«Алгебра» оқулығының авторы кім?
2. Тізбектің бесінші мүшесін
тап: 1; 3; 7; 15; ...
3. Бес жарым таяқтың неше ұшы
бар?
4. Қандай ыдыстан тамақ ішуге
болмайды?
5. 1/10 санына кері санды
атаңдар
6. Шеңбермен бір ғана ортақ
нүктесі бар түзу.
7. Екінің алтыншы
дәрежесі
8. Кері сандардың
көбейтіндісі
9. Ең үлкен үақыт өлшем
бірлігі
10. Әсемнің сағаты бір сағатта
2 секундқа қалып қалады. Әсемнің сағаты бір тәулікте неше қанша
уақытқа қалып қалады?
2-топқа:
1. Әлемнің 1-ші
данышпаны
2. 86 санын амал қолданбай 12
– ге арттыр
3. Шаманың 1/100
бөлігі
4. Қыры 5 дм-ге тең кубтың
көлемі
5. Екі нүктенің арасындағы
түзудің бөлігі
6.
санды тап: 2; 4; 8; 16; …
7. Қарама-қарсы сандардың
қосындысы
8. Жұп функция графигі қалай
орналасады?
9.
Үстелде 3 стакан сүт бар. Алмас бір стакан сүтті
ішіп қойды. Үстелде неше стакан бар?
10. Осыдан 3 жыл бұрын ағасы мен
қарындасының жастарының қосындысы 10 болды. Төрт жылдан кейін
олардың жастарының қосындысы нешеге тең?
3-топқа:
1. Өздерің оқып отырған
«Геометрия» оқулығының авторы кім?
2. Сандардың өзгері ауқымын
анықта: 10; 12; 17; 25; 29; 37;
3. Тізбектің бесінші мүшесін
тап: 1; 6; 11; 16; ...
3. Қағаз ең алғаш, бұдан 2000
жыл бұрын қай елде шыққан?
4. Қандай ыдыстан тамақ ішуге
болмайды?
5. 2/15 санына кері санды
атаңдар
6. Қандай түзулер ешқашан
қиылыспайды?
7. Тік бұрыштан үлкен
бұрыш
8. 25-тің
квадраты
9. Шеңбердің центрінен оның
бойында жатқан нүктені қосатын кесінді
10. Қоржында 5 көк, 6 қызыл, 3
жасыл доп бар. Қоржынға қарамастан ең кемінде неше доп алғанда
олардың арасында бірдей түсті 2 доп
болады?
6-тур. Суреттегі
логика
Әр топ берілген суреттегі 10
ерекшелікті 1 минутта тауып айтады.
Көрерменмен
ойын:
Қорытынды