Ж.Болғанбаев атындағы Самар
орта мектебі
«Математикалық
сандық»
ойыны
Өткізген: Акенева Асем
Жумагалиевна
Сынып: 7 «а», 7
«ә»
ШҚО
Көкпекті
ауданы
Самар
ауылы
«Математикалық сандық»
ойыны
Сабақтың
мақсаты:
-
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп
есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылықтарын
арттыру.
-
Оқушыларды шапшаңдылыққа,
ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс
сабағы
Типі: Ойын
түрінде
Жоспары:
-
Топтың өзін таныстыру,
амандасу рәсімі
-
Бәйге (логикалық
есептер)
-
Математикалық
хоккей
-
Ғажайып
алаңы
-
Кім
жылдам
-
Минитест
Қолданынған нақыл
сөздер:
-
Арифметика математиканың, ал
математика ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс)
-
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін
математика. (М.В.Ломоносов)
-
Математика-барлық ғылымдардың
тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р.Бэкон)
1-жүгізуші:
Қайырлы күн қәдірменді сайысқа
қатысушылар және көрермендер! «Математикалық сандық» ойынына қош
келдіңіздер.
Математика
сырлары,
Қызықтырды
біздерді,
Ойынға бірге
қатысуға,
Шақырамыз
сіздерді
2-жүргізуші:
Ортаға 7 «а» сынып және 7 «ә»
сынып оқушыларын шақырамыз.
Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы әділ баға
беріңіздер!-дей отырып сайыскерлеріміздің
біліміне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға
шақырамыз.
Көңілді тапқырлар,
білгіштер
Бар өнерін алдарына
салады.
Кім білімді көп оқыған
болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы
болады.
Есептен сайысады үш
тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы
жолда
Көпшілік білімдерін
сараламақ
Сұрамақ шығуларын жұрт
алдына.
I тур.
Таныстыру.(Әр команда өздерін
таныстырады)
1-жүргізуші: Сіздерді бұл ойынға
шақырамыз,
Есептеп басыңызды
қатырамыз,
Математмика әлемін
ұғындырып,
Аз болса да білімді
толтырамыз.
II тур.
«Бәйге» (Әр топ 1 минут ішінде 13
сұраққа жауап беруі керек. Егер сұрақтың жауабын білмесеңіздер
уақытты өткізбей келесі деп жауап
бересіздер)
I
топқа:
-
Өздеріңіз оқып отырған
«Алгебра» кітабының авторы кім?
(Ә.Н.Шыныбеков)
-
Үш сызықтан пайда болған
фигура? (үшбұрыш)
-
Бес жарым таяқтың неше ұшы
бар? (12)
-
Ақиқаттығы дәлелдеусіз
қабылданатын сөйлем. (аксиома)
-
Алманың жартысы неге ұқсайды?
(өзінің жартысына)
-
Жарты түзу.
(сәуле)
-
Қандай ыдыстан тамақ ішуге
болмайды? (бос ыдыстан)
-
Тік бұрыштан кіші бұрыш.
(сүйір)
-
225 саны нешенің квадраты?
(15)
-
Бір шоколатты 100 теңгеге
сатып аламыз. 1,5 шоколатты неше теңгеге сатып алуға болады?
(200)
-
функциясының графигі
қалай аталады? (кубтық парабола)
-
7 майшам жанып тұр, 4-еуін
сөндірсек неше майшам қалады? (4)
-
Екі қатынастың теңдігі.
(пропорция)
2-жүргізуші:
II
топқа:
-
Шеңбер сызуға арналған құрал.
(циркуль)
-
у=х² функциясының графигі.
(парабола)
-
Анықтамасыз қабылданатын
ұғымдар. (негізгі ұғымдар)
-
16-ның квадраты.
(256)
-
45 минут сағаттың қанша
бөлігі? (3/4)
-
Екі нүктенің арасындағы түзу.
(кесінді)
-
Кім барлық тілде сөйлейді?
(жаңғырық)
-
Дәлелдеуді қажет ететін
математикалық сөйлем. (теорема)
-
Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі.
(ғасыр)
-
Кім барлық тілде сөйлейді?
(жаңғырық)
-
Геометрия терминінің мағынасы.
(жер-өлшеу)
-
Кері сандардың көбейтіндісі.
(1)
-
Қандай жолмен адам жүре
алмайды. (құс жолымен)
1-жүргізуші: Қиындықтан ешқашан біз
қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты
ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан
құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге
бастаймыз-деп келесі турға көшеміз.
ІІІ тур. Математикалық
хоккей.
Әр топқа бірдей есеп беріледі,
әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды
орындап отырады. (43*19-26928 : 33)*(16112 : 53 — 304).
Ж:0
2-жүргізуші: Шындықты алғаш
таратқан,
Жыл, күніңді
санатқан,
Тауып ғажап
жаңалық,
Жоқтан барды
жаратқан,
Бұл математика
халайық!
1-жүргізуші: Сансыз есеп
болмайды,
Есепсіз дана
болмайды.
Қызық есеп
айтайын,
Сынап сені байқайын. Ғажайып
алаң турына өтеміз.
IV
тур. Ғажайып алаңы
20
|
20
|
20
|
30
|
30
|
30
|
40
|
40
|
40
|
Сол жақтағы
20.
(әзіл есеп) “ Түлкі мен
қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап
болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл”
дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу,
маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп
алды және қаншаға артық алды?
Қасқыр-100
Ж: Ең көп балықты түлкі алды
-110, 10 балыққа артық.
Ортадағы 20.
(әзіл есеп) «Қу
түлкі»
Шал балықтарды көп аулап
әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып
кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі
жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда
алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы
неше балық лақтырған. Ж:
127
Оң жақтағы 20
. “Тосап
жеу”
Бала 600г тосапты 6 минут, ал
Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта
жейді?
Жауабы: 2
мин
Сол
жақтағы 30
Ең алғаш Еуропаға “миллион” сөзін әкелген
кім? Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло
(1254-1323)
Ортадағы 30.
Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын
математигі. Жауабы:Гарриот
Оң жақтағы
30.
1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс
және оң сандарға түсінік берген француз
математигі.
Жауабы:Рене Декарт
Сол жақтағы
40.
XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын
ұсынған кім? Жауабы:
Лейбниц
Ортадағы 40.
«Парабола» деген атауды
енгізген біздің заманымыздан бұрыңғы (262-190) жылдарда өмір сүрген
грек ғалымы. Жауабы:
Аполлони
Оң
жақтағы 40.
«Функция» ұғымын алғаш рет
енгізген ұлы атақты математик. Жауабы:
Лейбниц
1-жүргізуші:
V
тур. «Кім жылдам?» Геометриялық фигуралардың аттарын
табу.
-
апрцетяи -трапеция
-
еңшбре - шеңбер
-
шұбршүы - үшбұрыш
-
трұбышрөт-төртбұрыш
-
рвадкат – квадрат
2-жүргізуші: Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де -
есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де -
есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз
ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп
десек.
VI тур.
Минитест.
-
10100 саны
А. миллион В. Триллион С. Гугол
-
Осы
суреттен жоқ фигураны табу.
А. шеңбер В. тіктөртбұрыш С. үшбұрыш Д. ромб Е. бәрі бар
-
Чебурашка дүкеннен 7 бірдей дәптер сатып алды.
Неше теңге төледі?
А. 2000т В. 3070т С. 1540 т
-
«Пропорция» грек тілінен аударғанда нені
білдіреді?
А. теңдік В. әдемілік С. музыка
-
Ең
кіші жай сан
А.
0 В.
1 С.2
VIІ. Қорытынды.
1-жүргізуші: Жүзген кеме тұманда, неге
адасып кетпейді.
Немесе ол бір маңда, төмен
неге шөкпейді.
Оны сақтап қалатын,
математика-ғылым бұл.
Сондықтан да ерінбей сол
ғылымның тілін біл.
2-жүргізуші: Бүгінгі сайыс талайдың,
шабыттарын шыңдады.
Бұл сайысты қызықтап, талай
адам тыңдады.
Тәрбиелі мол тілім, болды
бүгін әсерлі.
Бұл сайыстың түйінін әділ қазы
шешеді.
Қорытынды шығару үшін сөз
кезегін қазыларға береміз.