Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс «Менің балам қандай?»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс «Менің балам қандай?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда ата-аналармен тренинг сабағы ретінде өткізілген. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтау, баласының қандай екенін білу үшін сауалнама берілді. Осы тренингтен кейін ата-аналар өз балаларына көбірек көңіл бөледі деп сенемін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
513
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.

Керекті құралдар: түрлі түсті қағаз, қаламсап, желім, қиылған қолдардың суретін жабыстыратын ватман, күннің суреті салынған ватман, маркер.

Ұйымдастыру кезеңі.

Ата-аналармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамыз.

-Біздің бүгінгі өткелі отырған тренингміздің тақырыбы: «Менің балам қандай?»

Бала тәрбиесінің аалғашқы алтын қызығы – жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дегені бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені ата-ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-анада қиын да, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі гой. Ия «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойнда барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау – ата-ананың парызы.


2. «Қызықты сұрақтар» ойыны.

1. Балаңыздың туылған күні?

2. Сынып жетекшісінің аты-жөні?

3. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?

5. Балаңыздың досы кім?

6. Балаңыз қандай түсті ұнатады?

7. Балаңыздың алғашқы тісі қанша айында шықты?

8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

10. Балаңызды қалай ерекелетесіз?


3. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

«иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз.

«жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

  1. Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды ыңдап, қарап жүресізбе?

  2. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасай ма?

  • егер «жанұя» десеңіздер жымиңыздар.

  • Егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолымызды алға созамыз.

  1. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

  • егер «әке» десеңіз қолды шапалақаңыз.

  • Егер «шеше» десеңіз қолды бұлғаймыз.

  • Егер «екеуі» десеңіз орнымыздан тұрамыз.


  1. «Менің балам қандай?» ойыны

Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінін көрсету.

Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріперден басталатын баласының қасиеттерін айту керек. Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге еңейін салса болады. Саусақтар А3 форматына жабытырылады.

  1. «Балама қандай жылулық беремін?»ойыны

Күннің суреті салынған А3 . Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз, сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып еркелетемін», «Мен мейірімдімін»т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де ата-аналар өзіміздің балалармызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек.

6.«Топтық жұмыс» аналар бірігіп берілген сұрақтарға жауап береді.

  1. Бала дегеніміз кім?

  2. Бала жақсы өмір сүру үшін, қандай жақсы қасиеттер керек?

  3. Баланы мадақтау дегеніміз не?


  1. Аңыз «Мінсіз емес».

Ертеде бір су тасушының екі үлкен қыш құмырасы болыпты. Құмыраның біреуі жарық болыпты, сол жарықтан бұлақтан ауылға жеткенше жарты суы ағып кетеді екен. Ал екінші құмыра мінсіз болыпты. Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына бір жарым құмырадан су тасыпты. Әрине, мінсіз құмыра өзінің жетістігін мақтаныш ететін. Ал жарық құмыра болса, өзінің жарты ісіне ұялып,байғұс болып жүретін. Бір күні құмыра су тасушыға былай дейді:

«Мен өзімнің тірлігіме ұяламын және сенен кешірім сұраймын.

Не үшін ұяласың?

Менің бүйірімідегі жарғымнан су ағып тұрады. Сен өз жұмысыңды орындап жүрдің, бірақ менің кесірімнен жұмысыңның жарты нәтижесін ғана алдың» - деді құмыра. Сол кезде су тасушы:

Мынау жолдың жиегіндегі гүлдерге қарашы. Сен оларды арғы бетте емес, сен жақтағы бетте ғана өсіп тұрғанын байқадың ба? Мен сенің кемшілігіңді әрдайым білетінмін. Күнде бұлақтан шыққаннан соң сен жолдағы гүлдерді жарық құмыраңнан аққан суыңмен суаратынсың. Екі жыл бойы сол гүлдерге қарап мен қуанатынмын, сенсіз бұл сұлулық болмас еді.

Бұл аңызда қандай мағына жасырылған? Балалардың бойында әр түрлі, жеке, есте қаларлықтай өздерінің қайталанбас қылықтары бар. Соларды тек сезе біліп, түсінуіміз керек.

Қош, сау болыңыздар!





















Ата-анаға сауалнама.

1. Балаңыздың аты-жөні, туылған күні?

2. Сынып жетекшісінің аты-жөні?

3. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?

5. Балаңыздың досы кім?

6. Балаңыз қандай түсті ұнатады?

7. Балаңыздың алғашқы тісі қанша айында шықты?

8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

10. Балаңызды қалай ерекелетесіз?



Ата-анаға сауалнама.

1. Балаңыздың аты-жөні, туылған күні?

2. Сынып жетекшісінің аты-жөні?

3. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?

5. Балаңыздың досы кім?

6. Балаңыз қандай түсті ұнатады?

7. Балаңыздың алғашқы тісі қанша айында шықты?

8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

10. Балаңызды қалай ерекелетесіз?



Ата-анаға сауалнама.

1. Балаңыздың аты-жөні, туылған күні?

2. Сынып жетекшісінің аты-жөні?

3. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?

5. Балаңыздың досы кім?

6. Балаңыз қандай түсті ұнатады?

7. Балаңыздың алғашқы тісі қанша айында шықты?

8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

10. Балаңызды қалай ерекелетесіз?



Ата-анаға сауалнама.

1. Балаңыздың аты-жөні, туылған күні?

2. Сынып жетекшісінің аты-жөні?

3. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?

5. Балаңыздың досы кім?

6. Балаңыз қандай түсті ұнатады?

7. Балаңыздың алғашқы тісі қанша айында шықты?

8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

10. Балаңызды қалай ерекелетесіз?

Асқар тау әкешім бар, сүйенішім

Ізгілік , адалдықты сүйе









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!